Ислам революциясының арқасында туындаған өнер (3)
(last modified Fri, 16 Feb 2018 04:28:35 GMT )
Ақп 16, 2018 10:28 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының арқасында туындаған өнер (3)

Революция кезеңінің өнері мен оның көрнекті құрылымын екі тұрғыдан қарастыруға болады: біріншіден, оның сырттай және көрнекті ерекшеліктері, екіншіден, сол өнер қалыбының қағидалары мен оны ұсыну жолдары. Бүгінгі бөлімде осы екі маңызды жайтты тереңірек қарастырамыз.

Иран тарихында өнер және дінге негізделген рухани әдет-ғұрыптардың арасында тығыз байланыс болған. Дін – өнерді қалыптастырушы негізгі факторлардың бірі.

Ислам революциясының тамыры исламдық дүниетанымнан бастау алып, өнер мен исламдық дүниетаным арасындағы байланыс революция жеңісінен кейінгі жылдары дамып, етек жайды. Сол кезеңде өнер қайраткерлері революция мен Қасиетті қорғанысқа қатысты рухани ұғымдар мен халықтың ерліктерін символдық түрде сурет, түс және сөз формасында ұсынып, өз туындыларын тудырғанда көркемдік, тартымдылық пен эстетикалық принциптерді де назардан тыс қалдырмаған.

Ислам революциясының өнері

Өнерпаздар жұмысының айқын мысалы Иранның бейнелеу өнер түрлерінен байқауға болады. Бұл өнер туындылары суретші мен өнерпаздың қысқа әрі нұсқа мағынаны жеткізу үшін салынған көркем суреттердің үлкен қайнар көзі саналады. Осы барлық суреттер мен жазбаларды бейнелеу техникасы бүгінгі графика іліміне сәйкес келеді. Бейнелеу өнері саласындағы көптеген өнерпаздар өз туындыларын Иранның мұраға қалған көне суреттері мен олардағы символизмнен шабыттанып, солардан үлгі алып жасауға талпыныс жасаған.

Ислам революциясы жеңіске жеткен алғашқы жылдарындағы өнер түрлерін салыстыру мен зерттеуден көптеген жайттарда өнер туындыларындағы Иранның көне өнерінің дәстүрлі элементтері мен үлгілерінің шынайы ықпалын байқауға болады. Бұл туындылардан өткеннен мұраға қалған шамадан тыс қызығушылық байқалмайды. Ирандық өнерпаз революциядан кейінгі жылдары өзінің өнер мұрасын танып-білу арқылы Батыс өнеріне өз мәдениеті мен дәстүрі тұрғысынан және өзінің өнері шеңберінде қарайды. Ол шын мәнінде осындай таңдау арқылы жаңа әрі заманауи тәсілдердің көмегімен өзінің көне мұрасын қайта жаңғыртып, оны заманға лайықтап, жаңа өнер тағылымдарын көне құндылықтар мен дәстүрлерге сәйкестендіріп, теңестіруге талпыныс жасап жатыр. Осылайша ислам революциясының өнерпаздары осы тәсілді саналы түрде таңдап, жаңа тәжірибені сынау арқылы қазіргі заманғы әлемдік өнерде ерекше орынды иеленді.

Ислам революциясының рухани ұғымдарын символ арқылы баяндап, оларды сипаттауда метафораларды пайдаланумен қоса, жаңа қалыпта және заманауи тұжырым түріндегі ирандық өнер түрлерінің безендіруші элементтерін пайдалану бейнелеу өнер түрлерінің келес бір ерекшелігі саналады. Ирандық өнер иелері өз туындыларының құндылықтары мен символдық ұғымдары өз аудиториясы үшін ешбір үндеуді жеткізбейтін болса да, әсемдік және көркемдік жолында қалып, ерекше құндылықтарын сақтап қалады. Өткен кезеңде ирандық өнерпаздар туындыларының басым бөлігі безендіруші көркем кеңістік тудыратын. Иранның дәстүрлі өнеріндегі бұл тәсілдің тарихы тереңде жатыр.

Ислам революциясының өнері

Революяциядан кейінгі кезеңдегі өнер туындыларын зерттеуден форма таңдаудағы ережелер көзге түседі. Бір революцияның артында бәрінен бұрын халықтың ұлы байлығы жатыр. Осы байлықты экономика, соғыс немесе өнер секілді түрлі салаларда пайдалану жаңа формаларды тудырады. Бұл өнердегі форма құрылымының үлгісі аудиториямен жақындасудың сырттай шындығы саналады. Өнер идеялары мен эскиздері сырттай тұлғалар мен оқиғалардан шабыт алып, қарапайым формаларда сипатталады.

Шынайы тұлғалар мен оқиғалардан рухтанған ислам революциясы өнері туындыларының үлкен көлемі революцияның алғашқы жылдары жасаған туындыларында автордың көбінесе қарапайым әрі реалист болғанын көрсетеді. Бұл үдеріс ақырындап өзгеріске ұшырап, бірнеше жылдан кейін бұл қатарға жаңа формалар мен қалыптар, тіпті жаңашыл үлгілер қосылды. Бірақ, көптеген жағдайларда мазмұн үшін құрылымды бұзу орын алып, бейнелеу тәсілдерін, тіпті өнер ұсыну түрінде авангардтық және әдеттен тыс әдіс-тәсілдерді ұстанғанын ұмытпаған жөн.

Бұл салада революцияның алғашқы жылдары мешіттерде халықтың назарына ұсынылған өркендеген өнерге сілтеме жасауға болады. Ислам революциясы әкелген ұлы өзгеріс мешітті революция өнерін, атап айтқанда бейнелеу өнері, каллиграфия, қойылым, музыка, ән, тіпті фильм секілді өнер түрлерін көрсету үшін ең шынайы әрі қолайлы мекендердің біріне айналдырды. Сол себепті ислам революциясы кезеңіндегі өнері туындыларының формасы мен мазмұны да өз аудиториясы мен ұсыну шарттарына сай өзгеріп, өнердің жаңа анықтамасын ұсынды. Әлбетте өнердің бұл формасы революцияның алғашқы жылдарындағы түрмен шектеліп қалған жоқ. Соңғы бірнеше жылдың ішінде қоғамда соған қайта оралу көрініс тапты. "Омар" кинофестифалін өткізу – осының айқын мысалы.

 

Тегтер