Теһранда 36-шы «Фаджр» кинофестивалі өтті
Теһранда Иран кинематографиясының жыл сайынғы мерекесі әрі кино саласында жүрген белсенділер мен жетінші өнер – кинематографияға қызығушылық танытушылардың бас қосатын маусымы «Фаджр» кинофестивалі өтті. Бұл бағдарламамызда кинематография саласындағы осы маңызды іс-шараның 36-шы кезеңіне қысқаша шолу жасаймыз.
«Фаджр» кинофестивалі – х.ш.ж.с.б 1361 жылдан бастап (1983 ж.) қазіргі таңға дейін жыл сайын баһман айының орта шенінде (ақпан айының бас кезі) Теһранда өткізілетін Иран кинематографиясының ең маңызды фестивалі. Фестивальдің ұйымдастырушысы – Иранның Мәдениет және исламдық бағдар министрлігі. Биыл фестивальдің 36-шы кезеңі өткізіліп жатыр.
«Фаджр» кинофестивалі басынан бастап 13-ші кезеңіне дейін тек Иран кинематографиясының жылдық өнімдерін көрсетуімен айналысты. Одан кейін жиырма жыл бойы халықаралық деңгейде өткізілетін болып, Иран киносымен қоса халықаралық кино саласы бойынша әлем кинематографиясының кинотуындылары да көрсетіле бастады. Х.ш.ж.с.б.1393 жылы (2015 ж.) фестивальдің халықаралық кино бөлімі бөлініп шығып, сол кезден бастап қазірге дейін халықаралық «Фаджр» кинофестивалі х.ш.ж.с.б ордибеһешт айында (мамыр айы), отандық фильмдердің «Фаджр» фестивалі баһман айында өткізілетін болды. Фестивальдің конкурстық бөлімдерінде фестивальге қатысушылар "Хрусталь самұрық" атты арнайы сыйлықты алу үшін бәсекеге түседі.
«Фаджр» кинофестивалінің «Иран киносының конкурсы» атты негізгі бөлімі бар. Бұл бөлімде 22 көркем және 2 деректі туынды осы фестивальдің конкурсына қатысу үшін арнайы таңдалып алынады. Бұл кезеңде бір анимациялық фильм де «Фаджр» кинофестивалінің негізгі бөліміне қатысып, ең үздік фильмнің сыйы фильмнің режиссеріне беріледі.
«Фаджр» кинофестивалінің 36-кезеңінде фестивальдің кеңістігі облыстардың барлық орталықтарында таралуына жағдай жасалды. Сол себепті фестивальге қатысқан фильмдер бірнеше сеанс бойы облыс орталықтарында экранға шықты. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдерге арналған туындылар осы жастағы аудитория үшін тегін көрсетілді. Фильмдер Иран кинематографиясының актерлері мен осы істің басы-қасындағы адамдардың қатысуымен экранға шығады. Бүгінде Теһрандағы 31 кинотеатр «Фаджр» кинофестивалі фильмдеріне қызығушылық танытатындар мен көрермендерді асыға күтуде.
Фестивальдлің ашылу салтанаты барысында Иран кинематографиясының майталмандары – кино сыншысы, продюссер марқұм Әли Моаллем, диктор, дублер Манучеһр Исмаили, кинорежиссер, продюссер Мұхаммад Әли Наджафи және актер Акбар Абдиді ұлықтау рәсімдері өтті.
«Фаджр» кинофестивалінің 36-шы кезеңінің ирандық кино конкурсында 25 толықметражды, анимациялық және деректі фильм бәсекеге түсті. Туындылардың шамамен үштен бірі «Қасиетті қорғаныс» кезеңі, ДАИШ және тәкфіршілер жайлы тақырыптарда түсірілген.
Мұхаммад Әли Баше Аһангярдің режиссерлігімен белгісіз шәһидтер мен Аһвазда орын алған шәһидтердің қаза болуы жайлы оқиғалар баяндалған "Су астындағы сауырағаш" (Сарве зире аб) фильмі, Пейман Моадидің режиссерлігімен таңылған соғыс жылдары Теһранның зымырандардың астына қалуы туралы "Бомба" фильмі, Баһрам Тавакколидің режиссерлігімен Абу Ғрейб бұғазы мен таңылған соғыстың соңғы күндері "Омар" батальонының сол аймақты қорғаудағы қарсыласуы жайлы түсірілген туынды – "Абу Ғрейб бұғазы" (Танге-йе Абу Ғрейб). Абу Ғрейб дұшпан сол жер арқылы өтіп, Иранның маңызды қалалары мен жолдарына қол жеткізуді көздеген өте маңызды мекендердің бірі саналады.
"Абу Ғрейб бұғазы" фильмінің трейлері
Соңғы жылдары аймақта орын алып жатқан оқиғалар мен Иранның іс-шаралары оларды талдап, таныстыру үшін бірнеше жылды қажет ететіндей маңызды әрі негізгі бағытты анықтаушы болып табылады. Иран мен оның одақтастарының ДАИШ-қа қарсы ауқымды және мақсатты түрдегі шайқасы бірнеше жылғы дағдарысты жағдайдан соң бақылауға алынды. Бүгінде аймақ халықтары қарсыласуының арқасында және кейбір үкіметтердің осы топқа қарсы әрекеттері мен көптеген қасиетті мекендерді қорғаушылардың шәһид болуынан кейін ДАИШ өз билігі мен басып алған жерлерінен айрылды. Осыған байланысты лаңкестермен шайқастағы қарсыласу қозғалысы және ирандық жастардың жанпидалығын бейнелеп, көрсету қажеттігі өзекті тақырыпқа айналды.
Иран кинематографиясындағы бірнеше режиссер аймақ оқиғаларына назар аударып, ДАИШ пен олардың әрекеттері және лаңкестердің қалыптасуының себеп-салдарлары туралы туындылар түсірді. Хатами Киа Босниядағы соғыс туралы "Жасыл күл" (Хакастар-е сабз) атты фильмі арқылы Еуропаның орталығындағы мұсылмандарды өлтіру жағдайына көркем өнер тұрғысынан реакция білдірсе, "Дамаск уақыты бойынша" (Бе вақте Шам) фильмінде ДАИШ пен олардың Сирия халқына көрсеткен қатыгездігі мен зорлық-зомбылығын көрсеткен.
"Дамаск уақыты бойынша" фильмінің трейлері
Фильм әл-Фуая мен Куфрия жерлерін оқшаулау оқиғасымен басталады. Алайда фильмнің жалғасында оқиғалар желісі Пальмира мен Тадмор қалаларына ауысады. Фильмнің сюжеті бойынша, екі ирандық ұшқышқа ДАИШ қоршауға алған Тадмор қаласының бірқатар тұрғынын бір ұшақпен құтқару туралы тапсырма беріледі. Фильмнің барысында олар ДАИШ лаңкестерімен қақтығысқа түседі. Фильмнің режиссері сириялық наразылық топ пен ДАИШ лаңкестерінің мінез-құлқы мен жүріс-тұрысын қал-қадірінше зерттеген. Ол бұл туындысында ДАИШ-тың ақпарат тарату сахналары мен кезінде кейбіреулер шындық деп қабылдаған ақпараттық ойындарын көрсетеді. Бұл фильмде олардың ішкі топтасуы мен олардың арасында Батыс елдерінен келген қандай күрескерлердің бар екені көрсетілген.
Хатами Киа бұл фильмде ислам жайлы қалыптасқан екі тұжырымдаманың қақтығысын сипаттап көрсеткен. Фильмдегі бұл қарсыласу әрекеттері Құран аяттары негізінде қалыптасады. ДАИШ-тың зорлық-зомбылық көрсету кезіндегі шиеленісті сәттерін көрсетуі осы туындының артықшылықтарының бірі саналады. "Дамаск уақыты бойынша" фильмі ДАИШ үшін бәрінен бұрын зорлық-зомбылық, оған сендіру және адамның басын кесуді көрсету арқылы шарықтау шегіне жеткен кез келген қарсыласу мен қақтығыстың ажалды көрінісін көрсету екенін дәлелдеді.
Режиссері Камбузия Паратави болып табылатын "Жүк көлігі" фильмі – ДАИШ пен лаңкестер тақырыбында түсірілген келесі туынды. Фильмнің негізгі сюжеті ирандық жүк көлік жүргізушісінің Ирактың Күрдістан аймағында тұратын бір отбасын әкелерін табу үшін Теһранға жеткізуіне құрылған. Фильмнің режиссері Камбузия Партави: "Фильмнің сюжеті бір язидтік әйелдің бас сауғалау оқиғасына негізделген. Бірнеше жыл бұрын жаз мезгілінде язидтік әйелдер мен балалардың бас сауғалап, олардың тауды паналауына куә болған едім. Бұл фильмде олардың қыстың аязындағы тағдырын сипаттауға талпыныс жасадым. Күн сайын әлемнің жер-жерінде кемелердің суға батып, босқындардың бас сауғалап жатқанына куә болып отырамыз. Мен бұл фильм арқылы "Біз бір-біріміз үшін жақсы пана бола аламыз, басқаларды паналату біз үшін жақсы мұрсат" деп айтқым келеді,- деді.
Режиссер Парвиз Шайх Тадидің "Тозақтың императоры" фильмі лаңкестер жайлы оқиғаны баяндайды. Парвиз Шейх Тади биыл «Фаджр» кинофестиваліне өзінің тоғызыншы толық метражды фильмін ұсынды. "Тозақтың императоры" фильмінде Сауд әулетінің қылмыстары, аймақтағы, Еуропа мен АҚШ-тағы ДАИШ тобы, тәкфиршіл, әсірешіл қозғалыстардың дамып, кең етек жаюының тамырлары сынға алынған. Бұл туындыда кейбір мүфтилер мен олардың ислам мен исламшылдықтың атын жамылып, шығарған пәтуаларының себептері баяндалады. Осындай дағдарысқа тап болатындай ислам әлемінің қай бөлігінің дертке шалдыққанын анықтау фильмнің сценариінде басты назарға алынған. Фильмнің режиссері Шейх Тади мұның алдындағы туындысында да ұқсас мазмұнмен басты рөлді Әли Насриан сомдаған "Сенбілік аңшы" атты туынды түсірген болатын. Әли Насрианның "Сенбілік аңшы" фильмінен кейін тағы да осындай фильмде рөл ойнауы актерлік саласындағы тартымды оқиға болып, 36-шы «Фаджр» кинофестивалі Иран кинематографиясы тарихындағы ұлы актерлердің бірінің қайта өркендеуіне куә болды.
Тәкфиршіл ағымның біраз уақыттан бері осы фильмнің мазмұнынан хабардар болып, ақпарат тарату құралдары мен "дауыс зорайтқыштары" арқылы фильмге шабуыл жасап, фильмді көрмей жатып, оны қауіпті туынды деп сипаттап отырғанын айтып кеткен жөн.
"Жаһаннамның императоры" фильмінің трейлері
Реза Фараһмандтың режиссерлігімен түсірілген "Оқ-дәрілік сырға таққан әйелдер" атты деректі фильмі – ДАИШ және осы лаңкестік топ азапқа салып, қинаған әйелдердің тағдыры жайлы туынды. Фильмнің негізгі оқиғасы соғыс барысында ДАИШ-тың босқынға айналған әйелдері және балаларымен танысып, олармен бірге ДАИШ-тың шетелдік және ішкі лаңкестері отбасыларының лагеріне келген ирактық бір журналист әйелі жайлы. Бұл лагерь ДАИШ тұтқындарын ұстайтын мекен саналады. Ол лагерьге келгеннен кейін осы жолда құрбанға айналған әйелдермен сұхбаттасады. Бұл деректі фильмнен ДАИШ-пен қақтығыста көптеген оқиғаларды бастан кешіріп, язидтерді жаппай өлтіру мекені саналатын Куджу қаласында өмір сүріп жатқан әйелдер мен балаларды көреміз.
Бұл лагерь негізінде БҰҰ-на тиесілі. Сол жерді мекендеп отырған ДАИШ күштері егер шетелдік азматтар болса, өз елдеріне қайтарылады. Бірақ егер Ирак азаматы болса, олар жайлы нақты шешім қабылдағанға дейін күтуі тиіс. Бұл лагерьлерде ер кісі жоқ. Лагердегі ер кісілер қашып кеткен немесе өлтірілген.
Деректі фильмде шын мәнінде бар жағдайды көрсетіп, ақырғы шешімді көрерменге жеткізуге талпыныс жасалған. Тіпті, "Оқ-дәрілік сырға таққан әйелдер" деректі фильмінде ДАИШ-тың қайта оралуын немесе олардың жанына келуін қалайтын ДАИШ тобының әйелдерін де көрсеткен. Бұған қарамастан, бұл әйелдердің оң көзқарасы көрерменге әсер етпейді. Себебі, көрермен үлкенірек әлемді танып-білгендіктен, басқа әйелдердің пікірлері мен олардың өмір жағдайын фильмнен көреді.
"Оқ-дәрілік сырға таққан әйелдер" деректі фильмінің трейлері
36-шы «Фаджр» кинофеститвалі Ислам революциясы жеңісінің жылдығымен бір мезгілде баһман айының жиырма екісі күні ең үздік туындыларды көрсету арқылы өз жұмысын аяқтады.