Ирактың парламенттік сайлауы: коалициялар мен шетелдік ойыншылардың ұстанымдары 1
Жаңа Ирактың төртінші парламенттік сайлауы 2018 жылдың мамыр айының 12 күні өтеді.
Ирак 1925 жылдан бері, яғни, Абдолкарим Қасем басқарған Ирактың азат офицерлерінің төңкерісі орын алып, патшалық жүйесі құлаған 1958 жылға дейін 10 парламенттік сайлау өткізді. Олардың әрқайсысына Парламент өкілдерін сайлауға патша мен оның айналасындағылар араласты. БААС партиясының төңкерісінен жеті жылдан кейін, яғни 1970 жылы елдің жүйесі республикалық жүйе болып бекітілді. Бірақ, бұл заң 1980 жылға дейін іске асырылмады. 1980 жылдан бастап, Ирак Парламенті қайтадан жаңғырып, Саддам режимі құлағанша алты кезеңде сайлау өткізді. Бірақ Парламент толық БААС партиясының бақылауында болды. Саддам үкіметі құлағаннан осы уақытқа дейін 2006, 2010 және 2014 жылдары үш рет Ирактың парламенттік сайлауы өтті. Алдағы мамыр айындағы сайлау жаңа Ирактың төртінші парламенттік сайлауы әрі Ирак тарихындағы 20-шы сайлау болады.
Жаңа Ирактың Конституциясында заң шығаратын орган көптеген маңыздылыққа ие. Конституцияның 47-ші бабы бойынша, заң шығаратын орган федералдық үкіметте өкілдер мәжілісі мен аймақтық және облыстық кеңестерден құрылады. Конституцияның 48-ші бабы бойынша, Мәжіліс Ирак халқының өкілдерінен құрылып, әрбір жүз мың адам үшін жалпы және тікелей сайлау арқылы бір өкіл сайланады. Мәжілістің құрамындағы әйелдер саны бүкіл мүшелерінің төрттен бір бөлігінен аз болмауы керек. Конституцияның 55-ші бабы бойынша Мәжіліс өкілдері төрт жылға сайланады. Жаңа Парламенттің сайлауы заманауи Парламенттің жұмысының аяқталуынан 45 күн бұрын өтеді. 59-шы бапқа сай Ирак өкілдері Мәжілісінің міндеттері мен ықтиярларына федерацияның заңдарын қабылдау, атқарушы биліктің жұмысын қадағалау, халықаралық келісімдерді бекіту, соғыс пенн төтенше жағдайларды жариялау, прокурор мен сот басшыларын және мүшелерін сайлау, елшілер мен арнайы лауазымдарды, қарулы күштердің жоғары қолбасшыларын тағайындау кіреді. Ел Президенті мен премьер-министрі және министрлеріне сенім дауысын беру мен отставкаға жіберу де заң шығарушы органның міндетіне кіреді. Алдағы мамыр айында өтетін Ирактың парламенттік сайлауы бірнеше тұрғыдан маңызды: біріншіден, бұл сайлау Ирактағы ДАИШ шабуылының аяқталуынан кейінгі бірінші парламенттік сайлау болмақ. Негізінде, 2014-ші жылы Ирак жерінің үштен бірінің ДАИШ лаңкестік тобының бақылауына түсуінің себептерінің бірі сол жылғы парламенттік сайлау болды. Өйткені, 2014-ші жылғы Ирактың парламенттік сайлауда Нури Малеки басқарған Заңды үкімет коалициясы басқа бәсекелестерімен салыстырғанда үлкен басымдылықпен алға шығып, премьер-министр сайлау құқығына ие болды. Бірақ оған қарсы саяси топтар мен партияларды және Заңды үкімет коалициясын, әсіресе Нури Малекидің өзін сынаушылар оның Премьер-министр болуына қарсылық білдірді. Қарсыластар Малеки Премьер-министр болса, бұл лауазымға үшінші рет ие болады, бұл Иракта диктатураның жаңа түрінің қалыптасқаны саналады деп наразылық білдірді. Сөйтіп, ирактық топтардың арасында қайшылық жалғасып жатқан жағдайда ДАИШ лаңкестік тобы кейбір ішкі күштер мен кейбір шетелдік ойыншылардың қастандықтарымен 2014-ші жылы Мосулды басып алып, жалғасында Ирак жерінің үштен бірін өз бақылауына алды. Алдағы Ирактың парламенттік сайлауы бұл ел өткен төрт жылда ДАИШ лаңкестерімен күресу мәселесімен кезіккен жағдайда өтпек. 2014-ші жылы Заңды үкімет коалициясы мен әд-Дауа партиясы тарапынан елдің Премьер-министрі лауазымына ұсынылған Хейдар әл-Абади өткен төрт жылда аталмыш міндетті атқарды. 2017-ші жылдың соңында Ирактағы ДАИШ билігінің аяқталғаны ресми түрде жарияланды. Осыған орай, 2018-ші жылдың мамыр айындағы парламенттік сайлау ДАИШ-тан кейінгі Ирактың бірінші сайлауы болады. Ирак мәселелері жөніндегі сарапшы Зейд әл-Али Қатардың Әл-Джазире ғаламтор порталына берген сұхбатта: "Хейдар әл-Абади Ирактың парламенттік сайлауына ДАИШ-тың жеңімпазы ретінде және Заң үкіметі коалициясының тізімінен бөлек тізіммен қатысады",- деп жазды.
Ирактың алдағы парламенттік сайлауының маңыздылығының екінші себебі бұл сайлауға Хашд әл-Шааби күштеріне сүйенген жаңа коалицияның қатысуы саналады. Хашд әл-Шааби күштері Ирактағы ДАИШ лаңкестігіне қарсы күресте маңызды рөл атқарып, Ирак халқының арасында сүйіспеншілікке ие болды. Хашд әш-Шааби күштері үкіметтік қауіпсіздік орган болғанымен, заң бойынша сайлауға қатыса алмайды. Бұл тақырыпты сайлау комиссиясы мен Хашд әл-Шааби күштері қолбасшыларының өздері де жариялады. Бірақ аталмыш күштерге қатысты саяси күштер жаңа саяси ағымдар құрып, үміткер бола алады. Ирактың парламенттік сайлауына Хашд әл-Шааби күштеріне сүйеніп, қатысқысы келетін әл-Фатх коалициясы биылғы сайлаудың осыған дейінгі жаңа Ирактың үш сайлауынан ерекшелендіреді. Хашд әл-Шааби күштерінің ИИР-на жақын болуына назар аударып, сыртқы ойыншылар, әсіресе Сауд Арабиясы мен АҚШ және кейбір жергілікті ойыншылар бұл топқа қарсы көптеген теріс жарнама жасап, тіпті Хашд әл-Шааби күштеріне жақын саяси топтардың алдағы сайлауға қатысуына қарсылық білдірді. Бірақ бұл қарсылықтар нәтижеге жетпеді. Ирактың алдағы парламенттік сайлауының маңыздылығы ДАИШ сәтсіздікке ұшырағаннан кейінгі алғашқы сайлау болғандай, референдумнан кейінгі алғашқы сайлау болуына байланысты. Ирактағы күрдтер Саддам үкіметі құлаған соң бұл елдің саяси құрамындағы үшінші мықты ағым болуға талпыныс жасады. Олардың талпыныстары нәтижеге жетіп, елдің билігінде қолайлы орынға ие болғанымен, Ирактың Күрдістан аймағын бөлу әрекеттерін жалғастырды. Осы салада Ирактың Күрдістан аймағының жергілікті кеңсесі жергілікті және шетелдік кең ауқымды қарсылықтарға қарамастан, сондай-ақ, Ирактың Күрдістан аймағының бұрынғы басшысы Масуд Барзанидің қысымымен 2017-ші жылдың қыркүйек айының 25 күні Күрдістан аймағын Ирактан бөлу туралы референдум өткізді. Хейдар әл-Абади басқарған Бағдадтың орталық үкіметі әскери күштерінің көмегімен Киркук пен Күрдістан аймағымен қайшылықтарға ие аймақтарды өз бақылауына алды. Сөйтіп, Ирактың Күрдістан аймағының кейбір саяси топтары мен жергілікті кеңсе мен демократиялық партияның арасында шынайы қайшылық туды. Масуд Барзани ирактық күштердің қайшылықтарға ие аймақтарын өз бақылауына алуын кейбір жеке адамдар мен топтардың қиянаты деп атады. Ирактың алдағы парламенттік сайлауы күрд топтарының арасындағы, сондай-ақ Эрбиль мен Бағдад арасындағы қайшылықтар күшейіп отырған жағдайда өтпек. Алдағы сайлау Ирак пен Эрбиль арасындағы жаңа кеңістіктегі күрдтер үшін шынайы сынақ болады. Осы салада Ирак мәселелері жөніндегі сарапшы Мұстафа Хабибтың пікірінше, сайлаудың Киркукте өтуі мен осы облыстағы нәтижелері бұл елдің алдағы парламенттік сайлауы үшін маңызды мәселелердің бірі саналады. Ирактың алдағы парламенттік сайлауы бұрынғы үш сайлау сияқты елдің жаңа басшыларын белгілеуге әсер етуі тұрғысынан маңызды. Ирактың Премьер-министрі, Президенті мен Парламент Төрағасы Ирак Парламенті арқылы сайланады. Сонымен бірге үкімет министрлері де парламенттің сенім дауысына ие болуы керек. Бұл фактор Ирактың алдағы парламенттік сайлауының ғана ерекшелігі емес, бұдан бұрынғы Парламенттің құрамына да маңызды әсерін тигізді. Таяу Шығыс мәселелерінің эксперті Хасан Шокрипур «Ирактың алдағы парламенттік сайлауында шетелдік ойыншылардың араласуы бұрынғыдан көбірек байқалатын болады. Сауд Арабиясы, АҚШ, Түркия мен ИИР Ирактың парламенттік сайлауына ерекше назар аударуда» деп санайды.