Ирактың парламенттік сайлауы: коалициялар мен шетелдік ойыншылардың ұстанымдары 2
(last modified Fri, 16 Mar 2018 11:37:41 GMT )
Нау 16, 2018 17:37 Asia/Almaty
  • Ирактың парламенттік сайлауы: коалициялар мен шетелдік ойыншылардың ұстанымдары 2

Ирактың төртінші парламенттік сайлауы 2018 жылдың мамыр айының 12 күні өтеді. Биылғы жылдың мамыр айындағы парламенттік сайлау Саддам режимінен кейінгі ең жоғары бәсекеге ие парламенттік сайлау болады

Ирак Парламенті 328 орынға ие. Заң бойынша әрбір жүз мың адамға Парламенттен бір орын беріледі. Ресми әкімшілік шекаралар бойынша, бір облыс бір сайлау округі саналады. Аз санды топтар Ирак парламентінде орынға ие. Мәселен, христиандар Бағдал, Нейнава, Дахук, Киркук және Эрбиль облыстарында бес орынға, Нейнава облысында езидтер мен шабак (алави) аз сандылары және сабаиндер бір-бір орынға ие. Заң бойынша, Парламент дауыстары сайлауға қатысатын партиялар мен топтар арасында және адамның санына қатысты бөлінеді.

Ирактың парламенттік сайлауларында дауыстарды санаудың ерекше ережелері Hundt және Sainte-Laguë заңдары арқылы қамтамасыз етіледі. 2010 жылы бұл елдің парламенттік сайлауы Hundt заңы бойынша өткізіліп, әр облыстың дауыстары белгіленген орындарға сай  бөлінді. Содан соң сайлауға қатысқан әр коалицияның дауыстары бөлініп, әрбір коалицияның үлесі анықталды. Бұл заң әсіресе шағын партиялардың көптеген сынына тап болды. Өйткені, бұл заң сайлауға қатысқан коалицияларға дауыстары қажет мөлшерге жетпеген шағын партиялар мен топтардың дауыстарын өздеріне қосып алуға мүмкіндік берді. Әр тізімнің басшылары шағын топтардың  саналмай қалған дауыстарын пайдаланып, өз үміткерін Парламентке жіберіп, бұл іспен Парламенттің билігін өз бақылауына алды. 2014 жылғы сайлау Sainte-Laguë заң бойынша өткізілді. Бұл заңға да қатысты сын айтылды. Аталмыш заң бойынша әр сайлау учаскесінде бір партия бірінші келе жатқан партияның үштен бір дауысын өз ықтиярына ала алады. Бұл заңның артықшылығы шағын партиялардың да парламенттік орындарға ие бола алатындығында.

Саддам диктатурасынан кейінгі Ирактың бірінші парламенттік сайлауы 2005 жылдың қаңтар айында өтті. Сайлауда шиіттердің партияларынан құрылған Ирактың біртұтас коалициясы Парламенттің 140 орнының 48 пайызына ие болды. Сайлау Ирак басып алынған кезеңде жабық тізіммен өтіп, сайлауға қатысушылар тізімдерге дауыс берді. Сайлауда ұлттық-мазхабтық ырымшылдықтар көп кездесіп, шағын топтардың іс жүзінде бәсекелесетін мүмкіндігі болмады. Дәл осы мәселе 2009 жылы сайлау заңының қайтадан қарастырылуына себеп болды. Парламенттің 275 орны үшін 152 партия бәсекеге түсті. Кейбір сүннит партиялары сайлауға қатыспады. Саддам режимінен кейінгі Ирактың екінші парламенттік сайлауы 2010 жылы өтіп, оған 12 коалицияны құраған 181 саяси ағым қатысты. Парламент орындары 325 орынға артты. Бұл сайлауға әртүрлі ұлттық-мазхабтық топтар қатысты. 2010 жылғы сайлауда Айад Алави басқарған секулярлық шиіттердің партиялары мен сүннит партиялары мен БААС партиясына жақын топтардан құрылған әл-Ирақие тізімі жеңіске жетті. Бұл сайлауда 2005 жылғы сайлауға қарағанда шиіттердің топтарының дауысы артты. Бірақ сүнниттер тобының бірлігі және араб елдерінің оларға қолдау көрсетуіне байланысты шиіттер тобының жағдайы әлсіреді. 2014 жылғы сайлауда Парламент орындарының саны 328-ге жетті. Бұл сайлауда 277 партиядан 39 коалиция бәсекелесті. Сайлау Sainte-Laguë  заңы бойынша өтіп, Нури Малеки басқарған "Заң үкіметі" коалициясы 328 дауыстың 94-не, яғни көпшілік дауысқа ие болды.

2018-ші жылдағы Ирак Парламентінің  алдағы сайлауы 2010 және 2014 жылдардағы сайлаулар сияқты шиіттер, сүнниттер және күрдтер арасындағы бәсеке ретінде өтеді. Алдағы сайлауда 27 коалиция мен 205 саяси партия, сондай-ақ, партиялар 143 коалиция ретінде, 62 партия тәуелсіз түрде қатысады. Бұл сайлау "Әл-Джазире" арнасы айтқандай, саяси алшақтық ең маңызды фактор саналған жағдайда өтпек. Бұл алшақтық ирактық үш топтың, яғни шиіттер мен сүнниттердің және күрдтердің арасынан байқалады. Биылғы сайлау қарсаңында Хейдар әл-Абади мен Нури Малеки арасындағы қайшылықтар «Дава» партиясының сайлауға екі тізіммен кіруіне себеп болды. Бір тізімді Нури Малеки, екінші тізімді Хейдар әл-Абади басқарады. Харис Хасан әл-Қарави 2018 жылдың қаңтар айының 9 күні "Атлантик кеңесінде" жариялаған сараптамасында: ««Дава» партиясы Малеки мен әл-Абадидың екіполюстілігіне куә болуда. Негізінде «Дава! басқа партиялармен бәсекелсудің орнына өзімен бәсекелеседі",- деп жазды. Ирак  эксперті Бақер Хакимнің пікірінше, шиіттер  мамыр айындағы сайлауға Нури Малеки басқарған "Заң үкіметі" коалициясы, Хейдар әл-Абади басқарған "Наср", Хади әл-Амери басқарған "Фатх", Мұқтада Садр басқарған "Саберан", Аммор Хаким басқарған "Тайар әл-Хакаме"  және Хамам Хамуди басқарған "Жоғары Мәжіліс" коалициялары  сынды 6 коалициямен қатысады."Заң үкіметі" коалициясы 2014 жылғы сайлаудағыдай биылғы сайлауға Нури Малекидің басшылығымен қатысады. Бұл коалицияның көпшілік дауысқа ие болатын мүмкіндігі бар.  Кейбір мәліметтер бойынша, "Исламдық Жоғары Мәжіліс" коалициясы алдағы сайлауға "Заң үкіметі" коалициясының құрамында қатыспақ. Ирак Премьер-министрі әрі «Дава» партиясы басшыларының бірі Хейдар әл-Абади парламенттік сайлауға 31 партиядан құрылған, сондықтан ең үлкен коалиция саналатын "Наср" коалициясын басқарып, қатысуды көздеуде. Бұл коалиция сайлаудың негізгі жеңімпазы деп болжанғанымен, оның кейбір мүшелері жемқорлық сынды мәселелермен бетпе-бет келуде. Осыған орай «әл-Садықиун» партиясы мен Аммор Хаким басқарған Ирактың Ұлттық хикмет ағымы бұл коалициядан бөлінді. Ирак мәселелерінің сарапшысы Зейд әл-Әли 2017 жылдың желтоқсан айының 28 күні: "Хейдар әл-Абади лаңкестікпен күресті алдағы сайлауда оған жеңіс әкелетін фактор деп санайды. Ал Нури Малеки Ирак жерінің үштен бір бөлімінің Хейдар әл-Абадидің кезінде ДАИШ-тың бақылауына түскенін сынады",- деп жазды. Ирактың алдағы парламенттік сайлауының келесі ең маңызды коалициясы Хади әл-Амери басқаратын "Фатх" коалициясы саналады. Бұл коалицияға «Хашд әш-Шаби», «Бадр ұйымы», «Кетаиб», «әл-Садеқиун», «Ирақтың Исламдық қозғалысы», «Талаие» ислам партиясы, «Исламдық жоғары Мәжіліс» және т.б. ағымдар кіреді. «Хашд әш-Шаабидің» лаңкестікпен күресудегі сындарлы әрекеттеріне байланысты бұл коалицияның парламенттік сайлауда көпшілік дауысқа ие болатын көптеген мүмкіндігі бар. Кейбір сарапшылардың болжамдары бойынша, сайлаудың негізгі бәсекелестері Хади әл-Амери басқаратын "Фатх" пен Хейдар әл-Абади басқарған "Наср" коалициялары болады.

Ирак халқының шамамен 20 пайызын сүннит арабтар құрайды. Олар аз сандылар саналады. Олардың санына қарай Ирактың 328 орынға ие қазіргі Парлментіндегі үлесі 74 орын, яғни 22 пайыз болып табылады. Олар да әртүрлі саяси ұстанымдар мен әртүрлі наным-сенімдерге ие болғандықтан өзара біртұтас емес. Ирактың сүннит арабтары географиялық тұрғыдан да елдің бір аймағында ғана орналаспаған. Олар Ирактың ортасы мен батысындағы бірнеше облысында, атап айтқанда Анбар, Салахаддин, Бағдат, Нейнава мен Киркукте, сондай-ақ, далада, өмір сүруге қиын жер – Рамади  облысында өмір сүреді. Сонымен қатар Анбар облысынан басқа жерлерде сүннит арабтар күрдтер және шиіттермен араласып кеткен. Аз санды болуы мен географиялық тұрғыдан әртүрлі аймақтарда өмір сүруі Ирактың сүннит арабтарының жағдайына өз әсерін тигізуде.

Ирак сүнниттері сүннит арабтардың сайлауға қатыспау қиындығымен кезігуде. Ирактың парламенттік сайлауына үш айдан кем уақыт қалған жағдайда бұл елдің сүннит саяси топтарының арасында қайшылықтар мен саяси алшақтықтар анық байқалуда. Осылайша, сүннит топтары арасында да көптеген коалициялар құрылып жатыр. Айад Алави басқарған "Әл-Ватание" коалициясы Нейнава мен әл-Анбардағы кейбір қолбасшылардың қатысуымен алдағы сайлауға қатысады. Асаме әл-Наджафи "Қарар әл-Ирақие" коалициясын құрды. Бұл коалиция 11 партиямен бірге сүнниттердің ең маңызды коалициясы саналады. Әл-Наджафи мен Хамис әл-Хонджардың бұл коалицияда бірге болуы эксперттер мен ақпарат иелерінің көзіне түсті. Өйткені, әл-Хонджар – Парсы шығанағы жағалауындағы араб мемлекеттерінің қолдауына ие ирактық бизнесмен, миллиардер. Соңғы жылдары ол Иракта көптеген әрекеттерді іске асырғандықтан «лаңкестік топтардың өгей әкесі» атанды. Исламдық партияның төрағасы міндетін атқарған Ирак Парламентінің спикері Салим әл-Джабури «Исламдық партия» деген атауын пайдаланбай, «Реформа үшін азаматық жиын» деп аталған жаңа коалиция құрып, саяси әрекеттерді өзгертуді талап ететін азаматтық ағымдардың халықтың сезімдерін қолдауды көздеді. «Әл-Арабие» партиясының басшысы Салех әл-Мотлак «Джабхат әл-Ирақие» атты коалициясымен сайлау науқанына аяқ басты. Сонымен бірге Салех әл-Мотлак пен Салим әл-Джабури басқарған коалициялардың бұл елдің Вице-президенті әрі «Әл-Ватание» коалициясының басшысы Айад Алавиді қолдайтыны туралы хабар таралды.

Ирак күрдтері де саяси алшақтықтарға куә  болып, негізгі партияларының, яғни «Демократиялық партия» мен «Миһан одағының» алдағы сайлауға қалай қатысатынының жағдайын анықтамады. «Өзгеріс» қозғалысы мен Берхам Салех басқарған «Исламдық жамағат» пен «Демократия және әділет» партиясы Юсеф Мұхаммад басқарған «Әл-Ватан» коалициясын құрып, алдағы сайлауға қатысуды көздеді. Осы кезге дейін Ирактың Күрдістан аймағының «Демократиялық» партиясы мен «Миһан» одағының алдағы сайлау туралы жағдайы белгісіз. Алайда соңғы хабарлар Күрдістан аймағының «Миһан» одағы партиясының мүшелерінің бірі Ала Талебани алдағы сайлауда Бағдадтан және Хейдар әл-Абадиге қарасты «Наср» тізімінен үміткер болып шығады. Ирак мәселелерінің маманы Ардешир Пашнаг күрд топтары арасындағы алшақтықтарға назар аударып, күрд орындарының саны сайлауда 50-ге жетеді деп санайды. 2014 жылы олар Ирак Парламентінің 58 орнын иемденді. Биылғы жылдың мамыр айындағы парламенттік сайлау Саддам режимінен кейінгі ең жоғары бәсекеге ие парламенттік сайлау болады. Өйткені, сайлауға шиіттер, сүнниттер және күрдтер тобы қатысады. Алдағы сайлаудағы дағдарыстар әскери емес, саяси. Ирактың алдындағы ең маңызды дағдарыстардың біріне жемқорлық жатады. Бірақ, Ирак мәселелерінің сарапшысы Зейд әл-Әлидың айтуынша, Ирактың қазіргі Парламентінің жемқорлыққа қарсы тұратын күші жоқ.

 

 

Тегтер