Ислам дініндегі мазлұмдарды қорғау ұғымы
(last modified Thu, 26 Apr 2018 07:24:40 GMT )
Сәу 26, 2018 13:24 Asia/Almaty
  • Ислам дініндегі мазлұмдарды қорғау ұғымы

Ислам дінінің басты ерекшелігіне оның әлемдік дін саналуы мен бір географиялық шекараға сыймай, одан тысқары шығып, әрдайым осы бағытты ұстанатыны жатады.

"Менің атым – Аббас. Мен Әли Абдулхалеқ Хадж Моусавидің ұлымын.

Мен күн сайын таңертең аш күйде мектепке барамын. Біздің жейтін тамағымыз жоқ. Әкемнің шәһид болғанына менің кінәм не?

Күн сайын мектепте сабақ кезінде сыныптардың жанына зымырандар құлап жатады. Балалардың үрейі қашып, арлы-берлі жүгіре бастайды.

Біз осылай астаң-кестең шығарып, жүгірген сәтте жанымызға снаряд түсіп, кейбір балалар жараланып жатады. Осындай жағдайларға қарамастан біз қара нан жеуден де мақұрым қалғанбыз. Тәулгіне тек бір үзім нанымыз ғана болады. Сіздердің бір үзім нанмен қарындарыңыз тоя ма?

Бірақ...есесіне бізді ұмытпаған Құдай бар".

Бұл – бір сириялық баланың мазлұмдық үні, бірнеше жылдық қоршау мен шапқыншылық жаны мен рухын есейткен тұла бойлары нәзік балалардың дауысы. Бұл – зымыран мен снарядтың астында үздіксіз тыныс алып, әлі де үміттері үзілмеген әйелдер мен балалардың жаншылған дауысы. Олардың құтқарылатындықтарына үміттері бар және соны тағатсыздана күтуде. Олар азаттықтың "тәтті дәмін" татуды күтуде. Ешбір қорқыныш сезімінсіз таныс әрі өмір сүруге қолайлы исіті сезуді асыға күтуде!

Бұл жерде тұратын адамдардың әрқайсысының жүрегінде қайғы бар. Олар перзенті, жұбайы мен ата-анасының шәһид болуына байланысты қасірет шегуде. Мұндай қайғыны қалай кетіруді кім біледі? Бұл мазлұмдыққа қалай жоқтау айтуға болады? Зымыран мен снарядтан үрейлену, қанжарлар мен бас кесу жағдайларынан қорқу, адам өлтіріп, халықтың қанын төгуге әзір тұрған ұсқынсыз адамдардан қорқу. Умм Зайнаб былай дейді: "Біз "реңді, көркем" адамдарды сағындық. Бұл сөздердің мағынасын кім түсіне алады?".

Ислам дінінің ерекшелігіне оның әлемдік дін болуы және географиялық тұрғыдан шектелмей, үнемі осы жолды жалғастыруы жатады. Сол себепті ислам дінін ұстанушылар басқа дін ұстанушылар мен жер бетіндегі басқа да адамдармен өзара қатынас жасауды Ислам дінінің негізгі заңы ретінде Құранда айтылған түбегейлі қағида деп есептейді.

Негізінен достық қатынас пен езгімен күресу рухы қанаушыларға қарсы табандылық көрсету мен қаналғанды қорғаудың табиғи негізі саналады. Ақыл да қаналғандар мен мазлұмдарды қорғаудың негізі болып табылады. Ақыл әділеттің игілігі мен қанаудың жамандығына төрелік етеді. Өзіне қатысты немесе басқаға қатысты езгі болсын, қанау мен езгіні ұнатып, әділетті қаламайтын ешбір дана әрі парасатты адамды таппайсыз. Ақыл мен парасат адамды мазмұлдарды қорғап, қанаушылардың алдында табандылық танытуға жетелейді, ақылды әрі дана адам осы істі жүзеге асырмайынша, тыным таппайды.

Осының негізінде, достық қатынас және мұсылмандық бауырластық сезімі мұсылман елдерін бірігіп, бір-біріне көмек көрсетуге асығуды талап етеді. Мұсылмандардың өзара әрекеттестігінің бейбітшілік пен соғысқа ешқандай қатысы жоқ, ол барлық кезеңдер мен мекендерге байланысты. Соғыс болсын, болмасын, үкіметтер өтініш жасасын, жасамасын.

Имам Садық (ғ.с): "Мұсылмандар мұқтаж адамдарды бағып, қағу және оларға  көмектесу жолында еңбек етіп, бір-біріне мейірбандық танытуға, бір-біріне қаржылай көмек көрсетуде ешнәрседен аянбай, қиналған сәтте бір-біріне арқау болуға міндетті",- деп айтқан (Усул әл-Кафи, 2-том, 175-бет).

Өмірлік тағылымдар бір жағынан мазлұмдар мен қаналғандарды езгінің алдында қарсыласып, табандылық көрсетуге міндеттесе, басқа жағынан, өздерінің қаналған діни бауырларының әділет талап еткен жанайқайын естіп жатқан мүміндерді олардың айқайына оң жауап беріп, оларға көмекке асығуға міндеттейді. Себебі, езгі мен қанауға қарсы қарсыласу әділетсіздіктің әлеуметтік топтарға ықпал етуінің алдын алу жолы саналады. Сондықтан мазлұмға көмектесуге қабілетті кез келген адам ақыл, заңдар мен болмысына сәйкес төрелік етуі қажет.

ИИР Ислам революциясынан кейінгі жылдардағы өзінің халықаралық қатынастарында әрдайым мазлұмдарды қорғап, қатыгез қанаушыларға қарсы табандылық танытып келген. ИИР-ның сыртқы саясатында "әлем мұсылмандары мен әлсіз әрі мақұрым адамдарды қорғау" атты принцип бар. Иран Конституциясының 16-бабының үшінші тармағында: "Елдің сыртқы саясаты исламдық критерийлер, барлық мұсылмандарға қатысты бауырластық міндет пен әлемдегі әлсіз адамдарды аянбай қорғау негізінде" жүзеге асырылады",- деп жазылған. Конституцияның 154-бабына сәйкес, "ИИР басқа халықтардың ішкі істеріне араласудан бас тартуымен қатар, әлемнің кез келген жеріндегі әлсіздердің үстемшілдерге қарсы ақиқатты талап ететін күресіне қолдау көрсетеді".

Сейіт Джалал ад-Дин Мадани өзінің "ИИР-ның негізгі құқықтары мен саяси органдары" атты кітабында Конституцияның 154-бабына берген түсіндірмесінде: "Халықтар құқықтарын қайта қалпына келтіруге бел бумайынша, олардың жағдайы өзгермейді. Халық өсіп-өркендеп, өздерінің аяқ асты етілген құқықтарын талап еткен жағдайда ғана өзгеріс туындайды. Ислам респубикасының өзі өзгеріс тудырған осындай қозғалысқа қолдау көрсетуі ішкі істерге араласу саналмайды. Себебі, жүйені нығайту мен оның тұрақтылығы олардың қолдауы мен қалауына байланысты. Белгілі бір халық көмек сұраса, онда бұл оның шетелдік көмекті емес, өз құқығын пайдаланғаны саналады",- деп жазған.

Әлсіздерге көмектесіп, оларға қамқорлық көрсету Құран аяттары мен көптеген рауаяттарда мұсылмандардың заңды парызы ретінде айтылғандықтан Ислам үкіметінің де міндеті саналады. «Ниса» сүресінің 75-аятында былай деп жазылған: "Сендерге Алла жолында соғыспайтын не болды? Меккедегі шамасыз ерлер, әйелдер және балалардан: “Раббымыз! Бізді осы тұрғындары залым кенттен шығар! Және бізге өз қасыңнан бір ие пайда қыл. Әрі өз қасыңнан бір көмекші қыла көр” дейтіндер бар" (Ниса сүресі, 75-аят).

Аятолла Хаменеи бір топ жүйенің жауапты тұлғалары мен мұсылман елдерінің елшілерін қабылдауында: "Егер біз таухидке сенетін болсақ, зорлық пен күш көрсетуге көне алмаймыз, қанаушылыққа бойсұна алмаймыз, қанаушыларға қарсы күреспеуіміз мүмкін емес. Бұл таухидтің болмысы. Ислам республикасының "Мазлұмдық болып, жеңіс қажет ететін кез келген жерде біз де боламыз" деп мәлімдеуі осыған байланысты. Біз әлемнің ешбір жеріне қатысты үстемшіл көзқарас пен территорияны кеңейтуді мақсат етпейміз. Мұны қажет те етпейміз. Құдайға шүкір, Иран халқының кең байтақ, гүлденген, бай жері бар. Біздің бұл құзырымыз Сирия мен Батыс Азия аймағында езгіге қарсы қарсыласу қозғалысының болғаны мен болуына байланысты. Сол себепті біз осында орналастық",- деді.

Құран мәдениетінде егер Алла адамдарды бір-бірі арқылы қорғамаса, шіркеулер мен яһудилердің құлшылық орындары мен ішінде Алланың аты көбірек зікір етілетін мешіттер құлатылар еді (Хаж сүресі, 40-аят). Сондықтан қанаушылар Құдайдың мүміндерді қорғайтындығына және егер мүмін адам езгіге тап болса, оны қорғайтына сенеді. Мүмінге қарсы соғысуға көтерілген адам шын мәнінде Құдайға қарсы соғыс ашқанмен тең. Бірақ, Құдайға қарсы соғыс жеңілістен басқа ешбір нәтиже бермейді. Себебі, Құдай өте қуатты әрі ғазиз. Алла Тағала: "Күдіксіз Алла, иман келтіргендерді қорғайды. Әрине Алла, бүкіл қиянатшыл, қасарысқандарды жақсы көрмейді",- деп айтқан (Хаж сүресі, 38-аят).

Рауаяттарда да мазлұмдарға қамқорлық жасау аса маңызды саналады. Исламның Ұлық Пайғамбары (с.ғ.с): "Мазлұм болсын, мұсылман болсын немесе мұсылманнан өзге адам болсын, қанаушыдан мазлұмның құқығын қайтаратын адам жұмақта менімен бірге болады",- деп айтқан. Мүмкін, көптеген адамдар жұмақтан орын алатын шығар, бірақ жұмаққа кіргендердің барлығына Исламның Ұлық пайғамбарының (с.ғ.с) жанында болу бақыты бұйыра қоймас. Мазлұмға көмектесіп, оның құқығын қайтару адамға жұмақта Пайғамбармен (с.ғ.с) қатар отыруды бұйыратын өте маңызды іс саналады.

Хазірет Әли (ғ.с) "Нахдж ул-Балағе" кітабындағы "Шақшақия" атты құтпасының соңында: "Мен сендерге халиф болып, үкіметті басқаруды талап етпедім. Құдайдың әрбір үмбеттің үлемдерінен қанаушылардың тойымсыздығы мен қаналғандардың ашаршылығына қатысты үнсіздік танытпауға, бірінші топқа қарсы көтеріліп, екінші топпен бірге күреске шығу жайлы келіскен келісімі мені халифатқа билік етуді қабылдауға итермеледі",- деп айтқан. Ол хазірет "Нахдж ул-Балағе" еңбегіндегі келесі бір құтпасында өзекті әрі маңызды мәселені көтеріп, былай дейді: "Құдайдың атымен ант етемін, бұл іс қаншалықты жиіркенішті болса да, ақиқаттың қайнар бұлағына тарту үшін қанаушыдан мазлұм үшін әділдікті қайтарып, қанаушының сарбаздарын өлтіремін" (Нахдж ул-Балағе, 136-құтпа).

Бүгінде Сирия, Йемен, Ирак, Палестина, Газа секторы мен Ливандағы әділетсіздіктер мен айуандықтарға қарамастан өмір жалғасып жатыр. Қолдарына қару алған ерлер, бауырларына нәрестелерін басып, жұбайларымен қоштасып жатқан әйелдер, оқ-дәрілердің бос патрондары мен бос снарядтардан үй салып, ойнайтын балалар теңдессіз қарсыласу қозғалысының бейнесін қалыптастыруда. Иман және көмек пен құтқарылуға деген үміт бар кез келген жерде өмір де жалғасады. Алайда осыншама зорлық-зомбылық пен жанайқайға үнсіздік танытып, мұны елемейтіндер адамға лайық өмір сүруде ме?

Имам Саджад (ғ.с) "Сахифейе Саджадие" атты кітабындағы 38-дұғасында сабырлы әрі төзімді мазлұмдардан кешірім сұрап: "Жаратқан ием, өзіңнің алдында үш нәрсе үшін кешірім сұраймын:

менің көзімше қанау мен езгіге түскен мазлұмға көмектеспегенім үшін кешірім сұраймын;

маған қызмет етіп, мен ол үшін алғыс білдірмегенім үшін кешір;

маған жамандық жасап, кешірім сұраған, бірақ мен оның кешірімін қабылдамағаным үшін кешірім сұраймын",- деген.

 

Тегтер