Әзірбайжан Республикасындағы сегізінші президенттік сайлаудың жетістіктері мен кемшіліктері (2)
Назарларыңызға Әзірбайжан Республикасындағы сегізінші президенттік сайлауды сараптауға арналған топтамамыздың екінші бөлімін ұсынамыз. Әзірбайжан Республикасындағы сегізінші президенттік сайлау Баку үкіметіне қарсы кейбір оппозициялық партиялардың Әзірбайжандағы президенттік сайлаудың осы кезеңіне де бойкот жариялаған жағдайда өткізілді. Баку үкіметінің оппозициясы Үкіметті сайлау кезінде алаяқтық жасады деп айыптады.
Көптеген шарықтаулар мен құлдырауларға қарамастан, ақырында Әзірбайжандағы президенттік сайлау сәуірдің жиырма сегізі өткізіліп, аймақтағы саяси топтардың болжамы бойынша Илхам Әлиев 86 пайыз дауыс жинап, тағы да Әзірбайжан Республикасындағы билік тізгінін өз қолына алды. Баку үкіметіне қарсы партиялар, құрылымдар мен топтар сәуірдің он бірі күні мерзімінен бұрын өткізілген президенттік сайлаудан кейін өткізген алғашқы наразылық шеруінде бұл сайлау нәтижелерінің күшін жоюды талап етті. Баку полициясы "Азаттық" және "Отставка" деп ұрандатқан шеруге қатысушылардың санының 1000 адамға жеткенін мәлімдеді.
Баку полициясының бұл мәліметі Әзірбайжан Республикасында орнаған қауіпсіздік жағдайына байланысты Үкімет саясаттарына наразылық білдіретін шаралар туралы мәліметтер әдетте нақты жарияланбайтын жағдайда беріліп отыр.
Илхам Әлиевтің оппозиционерлерінің айтуынша, Әзірбайжан Республикасындағы сегізінші президенттік сайлау заңсыз әрі демократиялық емес кеңістікте өткізілген. Әзірбайжан Республикасының Үкіметі оппозициясының ұлттық кеңесі жуырда елде өткен президенттік сайлаудың заңға қайшы болғанын және оның нәтижелерін ресми түрде мойындамайтынын мәлімдеді.
Әзірбайжан Республикасының "Халық майданы" партиясының реформашыл фракциясының жетекшісі Әли Керимли Баку үкіметін соңғы президенттік сайлауда алаяқтық жасады деп айыптап: "Халықаралық ұйымдар да бұл сайлаудағы заң бұзушылықтар мен алаяқтықтың орын алғанын растады",- деді.
Илхам Әлиев үкіметінінің оппозициясымен қоса, Батыс елдерінің ұйымдары, әсіресе Еуропалық бақылаушылар мен АҚШ Конгресінің бақылаушылары сәуір айындағы мерзімінен бұрын өткізілген президенттік сайлаудың еуропалық стандарттарға сай келмейтінін мәлімдеп, президенттік сайлаудың бұл кезеңінің нәтижелерін жалған деп атады.
Әзірбайжан Республикасының СІМ Әзірбайжан Республикасындағы сегізінші президенттік сайлау нәтижелеріне қатысты халықаралық наразылықтарға білдірген реакциясында еуропалық бақылаушылардың осы елдегі президенттік сайлау туралы есебін әділ емес деп бағалады. Әзірбайжан Республикасының Сыртқы істер министрлігі: "Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 11 сәуірде өткен президенттік сайлау жайлы есебі жалған және әділ емес",- деді.
Бұл наразылықтардың жалғасында Әзірбайжан президентінің баспасөз хатшысы әрі, Президент аппаратының саяси-әлеуметтік бөлімінің басшысы Әли Гасанов та Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық ұйымдар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының Әзірбайжандағы президенттік сайлаудағы кемшіліктері туралы есебін теріске шығарды.
Әзірбайжандағы сегізінші президенттік сайлауды өткізу үдерісіне қатысты ішкі және халықаралық сындар бұл кезеңде де алдыңғы кезеңдердегідей жағдайдың қайталанғанын көрсетті. Басқаша айтқанда, Әлиев үкіметінің оппозиционерлері мен тіпті батыстық және халықаралық ұйымдардың Әзірбайжандағы сайлау нәтижелерін теріске шығарып жатқаны алғашқы жағдай емес. 2003 жылдан бастап әрдайым оппозиция мен халықаралық ұйымдардың Әзірбайжандағы сайлауға қатысты ұстанымдары түрлі формаларда қайталанып келды. Бұған байланысты ойлануды қажет ететін екі жайтқа назар аударған жөн: сәуірдің он тоғызы күні мерзімінен бұрын өткізілген сайлауға қатысты ойландыратын бірінші жайттың шындығы мынада: Әзірбайжандағы президенттік сайлау нәтижелерін қабылдамау Батыс елдері үшін теріс салдарға әкеліп соқтырауы мүмкін. Атап айтқанда, осы батыстық ұйымдар немесе Еуропа елдерінің үкіметтері сайланған президентпен байланыс орнатпауы тиіс. Алайда, іс жүзінде, Еуропа елдерінің үкіметтері екіжүзді саясаттарын ұстана отырып, бір жағынан Әзірбайжандағы президенттік сайлаудың нәтижелерін айыптап жатса, басқа жағынан Баку үкіметімен байланыс орнатып, Илхам Әлиевке президенттіке сайлануына қатысты құттықтау жолдап жатыр. Шын мәнінде, бұл әрекетті Батыс үкіметтері мен ұйымдарының Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдеріне қатысты әрекеттерінің тарихи қайталануы деп бағалауға болады.
Әзірбайжан Республикасында билік етіп отырған қазіргі үкіметтің әрекеті едәуір дәрежеде Гейдар Әлиевтің көзқарастары әсерімен қалыптасқан. Ол қазасынан бұрын сөйлеген соңғы сөзінде оппозиционерлеріне: "Әзірбайжан Республикасының тарихында менің үкіметімнің дұшпандары қайтадан билік басына келетін күн тумайды",- деген болатын.
Артур Расизаде премьер-министр қызметінде бір апта отырғаннан кейін отставкаға кетіп, Илхам Әлиев Әзірбайжан Респбикасындағы премьер-министр қызметіне қол жеткізді. Әзірбайжан Республикасының Конституциясына сәйкес, президент үшін қиындық туындаған жағдайда сайлау өткізілгенге дейін премьер-министр президенттің міндетін атқарады. Осылайша ол кезде Әзірбайжанның Халықаралық олимпиада комитетінің бас хатшысының қызметін атқарған Илхам Әлиев Әзірбайжан Республикасындағы шешуші лауазымды иеленген әкесінің орнын басты. Баку үкіметінің оппозициясы бұл үдерісті Әзірбайжан Республикасының Конституциясы мен елдегі ішкі заңдарға қайшы деп бағалап, Илхам Әлиевтің Әзірбайжан президенті қызметіне сайлануын заңсыз әрі бұрыс деп атады.
Илхам Әлиев 2003 жылы өз әкесі Гейдар Әлиевтің қазасынан соң Әзірбайжан президенті қызметіне арқа сүйеп, өз елінде соғыс жағдайының орнағанын сылтауратып және оның туының астында орналасқан шешім қабылдаушы органдардың көмегімен 15 жылдан астам уақыт бойы Әзірбайжан Республикасының президенттік қызметінде жеке дара билік етіп келеді.
Бұл жағдайды біраз ақылға салғаннан кейін келесі шындықты мойындауға болады: Әзірбайжан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан соң Эльчибей деген лақаппен танымал болған Абулфаз Әлиевтің қысқа мерзімдік президенттік кезеңінің жалғасында бұл елдегі Әлиевтер әулетінің билік дәуірімен бетпе-бет келіп отыр. Бұл дәуір 1993 жылдан басталып әлі жалғасып келеді. Шынтуайтында, Әлиевтер әулетінің Әзірбайжан Республикасындағы билік басында орналасқанына жиырма жылдан астам уақыт болды. Өткен он жылдан астам уақыттан бері Илхам Әлиев Әзірбайжан Республикасының Конституциясына бірқатар өзгеріс енгізу арқылы өз отбасының билік басына келуіне қолайлы негіз жасады. Әлемнің түрлі елдеріндегі мемлекеттік құрылым түрін қарастыру әртүрлі республикалық үкіметтердің құрылымдық болмысын көрсетеді. Кейбір мемлекеттер республикалық үлгіні таңдап, республикалық құрылым түрі талап ететіндей әрекет етеді. Мұндай елдерде адамдар ең көп дегенде екі кезең қатарынан ғана президенттік сайлауға қатысуға құқылы. Бұған қарамастан, Илхам Әлиев төрт кезең қатарынан Әзірбайжан Республикасының президенті қызметін атқарып отыр.
Илхам Әлиев үкіметінің лауазымды тұлғалары да жуырдағы президенттік сайлауға қатысты ішкі және шетелдік сындарға қарамастан халықаралық ұйымдардың Әзірбайжандағы президенттік сайлауға қатысты айтқан сындары мағынасыз әрі пайдасыз екенін баса айтты. Шындығында, әзірбайжан басшыларының батыс ұйымдарының ұстанымдарына теріс реакция білдіруден басқа шарасы жоқ. Әли Гасанов Әзірбайжандағы президенттік сайлау нәтижелеріне қатысты жуырдағы ұстанымдарды теріске шығарған реакциясында: "Бөгделердің Ильхам Әлиевтің үкіметіне қатысты ұстанымдары жарамсыз саналады",- деді. Бұған қарамастан, Илхам Әлиев үкіметінің лауазымды тұлғалары бәрінен бұрын дәл осы Әзірбайжандағы президенттік сайлауды сынға алған мемлекеттермен әріптестік жасап, байланыс орнатқан.
Шынтуайтында, батыс үкіметтері Әзірбайжан Республикасы секілді дамушы елдерді қысымның астына алып, олардан көбірек ұпай ұтып алу мақсатында осы елдердің басшыларын қатаң сынға алу жоспарларын жүзеге асырып жатады. Бұған қарама-қайшы Әзірбайжан Республикасы секілді дамушы елдердің Батыс елдерінің сындарына қатысты реакциясы да осындай мемлекеттердің екіжақты ұстанымдарынан бастау алады. Алдағы күндердің ішінде сыншылар Әзірбайжандағы сайлау үдерісін ұмытып, әзірбайжандық басшылар осы мемлекеттермен қайта байланыс орнатуға әрекет жасайды.