Идлиб – Сирияның лаңкестік пен Батыс елдері жобаларын жою жолындағы соңғы қадам
Сирияның солтүстік-батысында орналасқан Идлиб облысы қаруларын жерге тастауға әзір болмаған қарулы лаңкестер мен наразы топтардың шоғырланған соңғы аймағы саналады.
Сирия Әскерінің ерік-жігері мен Идлибті "ән-Носрат" майданы лаңкестері басқыншылығынан азат ету мақсатындағы әскери амалдарды басқаруы Сирияның территориялық тұтастығын сақтау туралы елдің заңды құқығы шеңберінде жүзеге асырылуда. Бұл ерік мұның алдында Сирияның оңтүстігі мен оңтүстік-батысындағы Даръа және Кунейтра облыстарында жүзеге асып, соңында сириялық лаңкестер мен қаруланған наразы топтар өз отбасыларымен бірге Идлибке көшкен болатын.
Сирия әскері мен басшылығының лаңкестерді Идлибке көшірудегі стратегиялық мақсаты лаңкестікпен соғыста бар күшті бір майданға шоғырландыру болды. Бүгінгі таңда осы мақсат Сирияның түрлі аймақтарында жүзеге асты. Қазір лаңкестердің Идлибтегі соңғы орталығын тазарту операциясының кері санағы басталған.
Идлиб – Батыс елдері айқай-шуының тақырыбы
Сирия Әскерінің лаңкестердің Идлибте орналасқан соңғы орталықтарын тазарту әрекеттері шеңберіндегі дайындық жұмыстары мен әскери күштерді Сирияның солтүстік-батысындағы осы облыс шекараларының айналасына жіберуі АҚШ бастаған Батыс елдерінің айқай-шуын тудырды. Батыс елдерінің жауапты тұлғалары, егер Сирия әскері Идлибті азат ету мақсатындағы әскери амалдар кезінде химиялық қару қолданатын болса, бұл елге шабуыл жасайтыны туралы ескерту жасаған болатын. Бұл ескерту нақты жоба негізінде ілгерілеп, "Ақ қалпақтылар" тобы Идлибте дәл осы салада әрекет етуде. Бұл мәселеге қатысты Сирияның Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллим: "Ұлыбританияның арнайы барлау күштері химиялық қару-жарақ қоймаларын заңсыз түрде "Ақ қалпақтылар" деп аталатын топтың бақылауындағы Сирияның бірнеше аймағына жеткізіп, "ан-Носрат" майданы лаңкестік тобына көмектесіп отыр. Лаңкестердің жоспары бойынша, олар Идлибке шабуылмен бір мезгілде қоймаларды бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық шабуыл үшін пайдаланып, Сирия үкіметін химиялық шабуылға қатысы болды деп айыптауды көздеп отыр",- деді.
Мұның алдында, АҚШ, Ұлыбритания мен Франция 2018 жылы сәуір айында Дамасктың айналасындағы Шығыс Ғутэ стратегиялық аймағын азат етумен бір мезгілде Сирия әскерінің Дума мекенінде химиялық қару қолданды деген уәжбен бұл елге қарсы бірігіп зымырандық шабуыл жасаған болатын. Бұл шабуыл Сирия астанасы Дамасктың маңындағы Шығыс Ғутэ ауданының Дума елді мекенінде қай тараптың химиялық қару пайдаланғанын анықтау мақсатындағы халықаралық тергеу жұмыстары аяқталмаған жағдайда жүзеге асырылды. Сирия Әскері лаңкестікпен күрес жолында белгілі бір жетістікке жеткен сәтте, батыс елдері жоба құру арқылы Сирияға қарсы шабуыл жасап келеді. Осы жағдай Идлибті азат ету амалдарын жүзеге асыру қарсаңында тағы қайталанып отыр. Бұл мәселеге қатысты ливандық Al Mayadeen телеарнасы 2018 жылы қыркүйектің бесі, сәрсенбі күні: "Идлиб облысындағы Джиср әш-Шуғур қаласынан алынған мәліметтерге сәйкес, бұл қалада химиялық қару қолданылғаны туралы қойылым лаңкестердің қолбасшыларының бірі өз туысын Джиср әш-Шуғур қаласынан шығарғаннан кейін басталады",- деп мәлімдеген болатын.
Бұл қастандық жобамен бір мезгілде Ресей Батыс елдеріне, әсіресе АҚШ-қа ескерту жасады. Ресей СІМ Сергей Лавров 2018 жылы тамыздың отызы күні Батыс елдеріне, әсіресе АҚШ-қа ескерту жасап, бұл әрекетті отпен ойнауға теңеді. Ресей СІМ-ның айтуынша, батыс елдері, әсіресе АҚШ химиялық қару пайдалану секілді арандатушылық әрекеттерін Сирия әскеріне шабуыл жасау үшін қолданып отыр.
Сирия әскерінің шынайы ерік-жігері
Сирияға қарсы қастандық әрекеттерге қарамастан бұл елдің әскері мен жетекшісі Сириядағы лаңкестердің соңғы орталығын тазарту мақсатында мықты табандылық танытып жатыр. Сирия өзінің ішкі қабілеті мен ИИР мен Ресейдің лаңкестікпен күрес жолындағы қолдауларына иек артып, сәтті әрекет жасап, қазіргі кезде де дәл осы жағдайды сақтап отыр. Саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Ғассан Юсуф қыркүйектің бесі күні Russia al-Yaum телеарнасына берген сұхбатында: "Идлиб – Сирия территориясының бір бөлігі. Сондықтан бұл елдің үкіметі осы облысты азат ету үшін әскери амалдарды жүзеге асыруға құқылы",- деп баса айтты.
Сирия Идлибті азат ету амалдарын жүзеге асыру үшін барлық мүмкін жолдарды назарға алды. Идлибтың шамамен 3 миллиондық халқы Сирия әскері мен үкіметін бұл облыстағы әскери амалдарды ең аз адами шығынмен жүзеге асыруға көндірді. Тіпті, Сирия үкіметінің Идлибті азат ету үшін әскери шабуылдан бөлек жолдарды іздестіріп жатқаны хабарланды. Бірақ, бұл мақсатты жүзеге асыру аймақтағы қарулы күштердің ерік-жігеріне байланысты. Сонымен қатар, нақты әрі анық мәселе Идлибті азат ету саналады. Бұл мақсат кез келген жағдайда Сирия әскері мен жетекшісінің басты назарына алынған. Осы мәселеге қатысты ливандық Al Binaa газеті 2018 жылы қыркүйекте басылып шыққан бесінші басылымындағы Вафиқ Ибраһимнің мақаласында: "Идлиб кез келген жағдайда Сирия үкіметінің басты назарында. Сирия оны қайтару үшін талпыныс жасап, Вашингтонның қалауына назар аудармайды",- деп жазды.
Бүгінде Идлибтің маңыздылығын арттырған мәселе Сирияның келешегі үшін Дамаск үкіметін қыспаққа алуға бағытталған Сириядағы наразылық әдіс-тәсілдерінің жалғасуы саналады. Осы арада Батыс елдері, әсіресе АҚШ өзінің Сирияда келешекте көздеген мақсаттарын ілгерілету үшін Идлибтегі қарулы және лаңкестік топтарды қажет етеді. АҚШ президенті Дональд Трамптың жуырдағы Идлиб жайлы көтерген айқай-шуын Сириядағы ойын ережесін өзгерту мақсатындағы бірнеше қастандық жоба қалыбында бағалауға болады. Атының жариялануын қаламаған бір сириялық ақпарат көзі жуырда Ливанның Al Ahad арнасына: "Қастандық жобаларының бірі мынадай: АҚШ Ресейді Сирияда тізгіндеп, экономикалық жетістіктерге қол жеткізіп, ақырында Сирияның ішінде түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыру үшін бұл елдегі америкалық күштердің қалуына бар күшін салады",- деп айтқан.
Идлиб – лаңкестерді қолдаушылардың жалғыз үміті
Лаңкестердің Идлибтегі орналасуының жалғасуы АҚШ пен лаңкестердің басқа да қолдаушыларына осы жеті жылдың ішінде жүзеге асыра алмаған мақсаттарын бір күннің ішінде жүзеге асыру мүмкіндігін сақтап қалады. Батыс елдерінің Сирия әскерінің Идлибті азат етуге бағытталған әрекеттеріне қатысты реакциясы бұл тұрғыдан аса маңызды. Осы салада саяси мәселелер жөніндегі сарапшы әрі журналист Франциско Тутулу Sputnik ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Идлиб облысы лаңкестер үшін өте маңызды аймақ саналады. Себебі, бұл – олардың соңғы базасы. Бұл облысты азат ету ДАИШ пен "ан-Носрат" майданы топтарының Сириядағы басқыншылығының аяқталғанын білдірмек",- деді.
Қалай болғанда да Идлибті азат ету амалдарына қатысты әртүрлі қастандық жобалары құрылған. Сондықтан АҚШ пен басқа да лаңкестердің қолдаушылары бұл ойынды сириялық тараптың сағын сындыруға бағыттағанымен, ойын ережесін өз пайдасына өзгертуге талыпынс жасайды. АҚШ мұның алдында да осы жобаны бастан өткізгенімен өзі қалаған нәтижесіне жете алмаған болатын. Аймақтық және халықаралық қуатты тараптар болғанға дейін АҚШ жалған қастандық жобаларын құру арқылы Сириядағы ойын ережесін өз мүддесіне сай өзгерте алмайды. Осы арада ИИР, Ресей мен Түркияның Сирия дағдарысын шешуге бағытталған үшжақты ынтымақтастығы мен Идлибтегі өзгерістерді бақылауда ұстауы аса маңызды саналады.
Сирия мен Таяу Шығыс аймағы келешегінің беталысы Идлибтегі лаңкестердің белсенділігінің аяқталуымен байланысты. Бұл үдерісті нақты мақсатқа қарай жетелеп отырған нәрсе ИИР, Ресей мен Түркияның Сирия дағдарысына қатысты келісімдері саналады. Сол себепті бұл күндері лаңкестікпен күрес тобы мен лаңкестерге қолдау көрсетуші топ арасындағы текетірес Сирия әскерінің Идлибті лаңкестердің басқыншылығынан азат етуге бағытталған шынайы бағдарламасымен бір мезгілде шарықтау шегіне жетті.