Діни жетекшінің жас ғалымдармен кездесуінде сөйлеген сөзі
https://parstoday.ir/kz/radio/uncategorised-i39626-Діни_жетекшінің_жас_ғалымдармен_кездесуінде_сөйлеген_сөзі
Иран Ислам революциясының жетекшісі әрқашан елдің ғылыми жетістіктерін әр елдің тәуелсіздігі мен күш-құдыретінің ең маңызды факторларының бірі деп атайды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 28, 2018 13:03 Asia/Almaty
  • Діни жетекшінің жас ғалымдармен кездесуінде сөйлеген сөзі

Иран Ислам революциясының жетекшісі әрқашан елдің ғылыми жетістіктерін әр елдің тәуелсіздігі мен күш-құдыретінің ең маңызды факторларының бірі деп атайды.

Иран Ислам революциясы жетекшісінің ең тартымды әрі жағымды кездесулерінің бірі елдің жүздеген бетке ұстар, мұмтаз жастары және дарынды ғалымдарымен өтті. Кездесуге қатысуға деген қызығушылық екі жақты болды. Діни жетекшінің кездесуге қатысуы оның тартымдылығын арттыра түсті. Аятолла Хаменеи жас ғалымдармен кездесуін қуаныш пен үміт сыйлаушы деп бағалап: «Мен сіздерді көрмесем де қуаныштымын, өйткені сіздердің бар екендеріңізді және талпыныс жасайтындарыңызды білемін. Елдегі білім саласындағы үлкен қозғалыстан хабардармын. Бірақ, сіздерді көрген кезде қуанышым арта түседі»,- деді.

Діни жетекшінің жас ғалымдармен кездесуі

Иран Ислам революциясының жетекшісі әр елдің тәуелсіздігі мен құдыретінің ең маңызды факторларының бірінің елдің ғылыми жетістіктері екендігін әрқашан қуаттап келеді. Сондықтан  Иран өзінің Ислам революциясының жеңісінен кейін, әсіресе өткен жиырма жылда  ғылым мен білім саласында асқан жылдамдықпен даму үдерісін бастады. Сол себепті Иран ислам революциясынан кейін діңгекті жасушалар, жаңа энергиялар,  биотехнология, микро және электроникалық технологиялар, ғарыш, нанотехнология, медицина, дәрілік өсімдіктер мен басқа  да стратегиялық технологияларға инвестиция салып, нәтижесінде Иранның осы салаларда дамуына себеп болып, Иран стратегиялық ғылымдардың көбі бойынша әлемнің үздік елдерінің қатарына қосылды. Аятолла Хаменеи кездесуде білімді, дарынды ғалымдардың мүмкіндіктерін дұрыс әрі орынды пайдаланудың елдің ғылыми дамуына себеп болып, нәтижесінде ғиззат пен күш-қуаттың артуына жеткізетіндегіне назар аудартты. Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі жас ғалымдардың болашақ үшін дұрыс бағдарлама жасау ісіндегі  ролі мен әсеріне тоқталып, Иранның жағдайынан қате, теріс және үмітсіздендіретін бейне қалыптастыруды дұшпанның бүгінгі күн тәртібіне қойған маңызды мәселесі деп атап, Иранның жер-жеріндегі ғалымдардың талпыныстары мен жұмыстарын елдің үміт сыйлайтын шынайы бей-бейнесінің көрсеткіші деп бағалап: «Бірақ,  Алланың рақымының арқасында елдің шынайы бейнесі үстемшіл жүйе таңған бейнеден  өзгеше» деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі жас ғалымдардың алдында сөз сөйледі

Ислам революциясы бір жақтан діни болмысқа, ғылым мен тәлім-тәрбие күш-қуатына, басқа жақтан тәуелсіздік пен сенімге ие болып, құнды жүйенің ажырамас бөлігіне айналды. Тәуелсіздік үшін қажет ғылым Иран қоғамында, ғылыми мәдениет қалыпастыратын ғылым мен техниканың құндылықтарын дамытты. Ислам революциясының жетекшісі әртүрлі кездесулерде ислам әлемнің әлемдік ғылымды, сондай-ақ, өздерінің ақылдары мен қырағылықтарын пайдаланып, жаңа исламдық өркениет құру жолында дамитын кезегі келгенін баса айтып келеді. Бұл салада қоғамның  мүмкіндіктері исламның шынайы тағылымдарына сүйенсе, ислам үмбеті ғылым мен саясат және технология мен қоғамдық салаларда дами алады. Хазірет елдің көрнекті ғалымдарының ғылым-білімнің әлемдік шекараларын бұзу  саласындағы рөліне тоқталып: «Бүгін білім ұлттық деңгейде емес, белгілі шекаралар деңгейінде орналасқан. Біз сол шекараларды кеңейтуге өз үлесімзді қоса аламыз. Инновация мен ғылымды дамытуымыз керек. Мен ғалымдарды құрметтеймін. Біздің ғалымдарымыз тұрмысты жақсартуға, елдің  ілгерілеуі мен адамзаттың дамуына ықпал ете алады»,- деді.

Өткен жылдары әлемдік үстемшілдік, әсіресе АҚШ Иранның дамуы мен ғылыми ілгерілеуінің алдын алу үшін көп әрекет жасады. Олар Иранды оқшаулау және тәуелді ету үшін бұл елге қарсы ғылым мен технология салаларында санкция салып, қысым көрсетуде. Діни жетекші күш-қуат пен мүмкіндіктерді дұшпанның қастандықтарын сәтсіздікке ұшырататын фактор деп атап: «Егер ғылыми тұрғыдан ілгерілесек, дұшпандарымыздың қоқан-лоққылары бәсеңдейді. Дұшпанның жобаларының бірі құндылықтарымыз бен негізімізді жоюға бағытталған, Сондықтан барша халық абай болуы керек»,- деді.

Сайып келгенде, Ислам революциясы жетекшісінің жас ғалымдарға берген ақыл-кеңестері халық пен елдің маңызды мәселелеріне қатысты өз міндеттеріне немқұрайдылық танытпау мен абай болу деген жайттарға шоғырланды. Күш-қуатты арттыру жолында қадам басу қиын болғанымен қабілетті, дарынды жастардың арқасында ғылым мен білімді дамытуға болады. Аятолла Хаменеи жақсы адами күш пен дарын ғалымдарды үлкен байлық деп атап: «Бүгін әлемде елдің дамуында адами күш сияқты еш нәрсенің әсер етпейтіні дәлелденді. Бұл – айқын мәселе. Егер адами күштер жақсы болса, ел алға ілгерілейді. Адами күш – әр елдің, соның ішінде біздің еліміздің де үлкен байлығы. Адами күш байлық болғандықтан, кез келген байлық талан-таражға салыну қатерімен бетпе-бет келіп отыр. Дұшпан бұл байлықты елден сыртқа шығаруға күш салуда»,- деді. 

Аятолла Хаменеи билеп-төстеуші жүйенің алдап-арбау әрекеттеріне қарсы жол ретінде ұлттық болмыс пен дарынды ғалымдардың мақсаттарын күшейту деген ұсыныс жасап: «Білімді ғалымдардың арасында жастардың ұлттық болмыс пен мақсатқа талпыну жігерін нығайту керек. Олар ирандық мұсылман және бай тарихтың буыны екендіктерін мақтан тұтуы керек» деді. 

 

Иран ғылым мен технология салаларындағы дамуымен бірге экономикаға қатысты инновациялар мен білімді дамыту жолына түсті. Әлемнің беделді ғылыми ұйымдары Иранның өткен 39 жылда ғылым мен технология салаларында жылдамдықпен дамығанын мәлімдеді. «SCImago – ғылыми және технологиялық салалар бойынша беделді ғылыми орталықтардың бірі. Scopus «2018-ші жылы әлемнің ғылыми өнімі қандай болады?» деген сараптамасында ғылыми сенімді базаның мәліметтеріне сүйеніп, Иранды әлемнің үздік төрт елінің қатарында атады.

Ислам әлемінің құжаттары базасының (ISI) басшысы Мұхаммад Джавад Дехқани: «ISI-дің мәліметтеріне жасаған шолу ИИР-ның ғылым өндірісі тұрғысынан ислам әлемінде бірінші орынға ие болып, ислам елдерінің бүкіл ғылыми өндірісінің 22 пайызын өндіретінін көрсетті» деді. Ислам революциясының жетекшісі де: «Алланың көмегімен бүгін біз әлемнің ғылыми өндірісіне өз үлесімізді қосып отырмыз. Біз негізінде ғылыми өндірістің 1 пайызына ие болуымыз керек, алайда біз өз үлесімізден екі есе артық, яғни шамамен 2 пайызға, нақты айтқанда 1,9 пайызға иеміз. Бұл жақсы нәтиже, бірақ онымен қанағаттануға болмайды»,- деп қуаттады.

Аятолла Хаменеи     ғылым саласындағы   елдің бетке ұстар жас ғалымдармен  кездесуінде сөйлеген сөзінің соңында олардға инновациялық жолдарды пайдаланумен бірге әділет талап ету, монополияны бұзу, зұлымдыққа қарсы тұру, зорлық-зомбылықтан тартыну негіздеріне сүйенген ғылыми талпыныстарына алғыс айтып, даму жолындағы елдермен ғылым қарым-қатынас орнатудың қажеттігіне тоқталып, іргелі ғылыммен айналысатын компаниялармен ынтымақтастық жасауға шақырды. Сондай-ақ, дұшпанның Иранның жағдайын жалған, теріс және үмітсіздендіретін етіп көрсету әрекеттеріне тоқталып: «Валюта нарығында тұрақсыздық пен тұрмыс жағдайында қиындық болғанымен, елдің шынайы бейнесі дұшпан таңған бейнеден өзгеше»,- деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі хазірет Әлидің (ғ.с.): «Кез келген ыдыс ішіне құйылған нәрсемен шектеледі. Тек ғылым ғана білім артқан сайын кеңейе береді»,- деген сөзін еске алды.