"Бірлік аптасына" арналған қысқа хикаялар (1)
(last modified Thu, 22 Nov 2018 13:46:24 GMT )
Қар 22, 2018 19:46 Asia/Almaty

Қымбатты оқырмандар, "Бірлік аптасына" орай дайындалған қысқа хикаялар жиынтығын назарларыңызға ұсынамыз.

Мейірімді де рақымды Алланың атымен бастаймыз

Нәтижесіз соғыстар

Бас қосып, әңгіме-дүкен құрып, шүйіркелесіп отырған бір топ адамға бір адам алыстан ашуланып қарап тұрды. Ол бұл көрініске қатты ызаланды. Әлгі адамдардың күліп, көңілді отырғаны көңілін одан бетер түсірді. Жақында ғана осы адамдардың бір-біріне тарпа бас салып, қанқұйлы соғыс ашқаны есіне түскенде қатты ашудан жұдырығын түйді. Содан кейін ішінен: "Осындай қысқа уақытта дұшпандық пен өшпенділіктің бейбітшілік пен достыққа ауысуы мүмкін бе? Егер бұл адамдар жаңа діннің елшісі Мұхаммадтың жетекшілігімен осы бағытта ілгерілейтін болса, яһуди дінінің болмысы толығымен қатерге ұшырайды. Мединенің аус және хазрадж атты екі ірі тайпасы арасындағы ертеден келе жатқан дау-жанжал мен соғыс бітім мен бауырластыққа айналатындай Мұхаммад не істеді?",- деп ойлады. Ислам дінінің Мединеде жылдам етек жайып жатқанынан әлгі адам қатты қорқып, ішіндегі терең өшпенділік өзегін өртеп жатты.

Кекшіл, қара ниет, күпір әрі бәріне ашулы яһуди қарт Шас бин Қейс осы мәселе туралы терең ойға батты.

Ол егер мұсылмандар бірігетін болса, яһудилердің Мединеден кетуіне тура келетінін білді. Сол кезде басына бір арам ой келіп, жоспар құрды. Тез арада Мединенің көшелерінен өтіп, бір жас яһудидің жанына барып, оған: "Мұсылмандардың арасына еніп, олардың естеріне бұрынғы соғыстары мен алауыздықтарын сал. Аус пен хазрадж тайпалары арасындағы Боас шайқасы мен басқа да ауыр соғыстарды естеріне түсіріп, қайтадан бір-біріне деген жауластықты жандандыратындай жағдай жаса",- дейді.

 

"Боас" – нәтижесінде аус тайпасы жеңіске жеткен аус және хазрадж тайпалары арасында жәһілдік кезеңдегі соңғы соғыс болған жер. Боас шайқасы аус пен хазрадж тайпалары арасында бірнеше айға созылған ең ауыр әрі бұрын-соңды болмаған соғыс еді. Яһуди жігіт аус пен хазрадж тайпалары арасында болған Боас шайқасы мен басқа да соғыстарды қайта еске салып, екі тарап бұрынғы ұрандарын қайта айтады. Осы бүлік пен жік салған сөздер мұсылмандарға қатты әсер етіп, ансарлардың өз-өздерін мақтап, қайтадан дау-жанжалдың туындауына себеп болады. Тіпті аус пен хазрадж тайпасының кейбіреуі бір-біріне қоқан-лоққы жасап, олардың бірі: "Егер қаласаңдар, қайтадан соғысамыз",- дейді. Екі топ қатты ашуға беріліп, соғысуға бел буып, Харра атты мекенге қарай жол тартады.

 

Әли Имран сүресінің 100-аяты:

"یَا أَیُّهَا الَّذِینَ آمَنُوا إِنْ تُطِیعُوا فَرِیقًا مِنَ الَّذِینَ أُوتُوا الْکِتَابَ یَرُدُّوکُمْ بَعْدَ إِیمَانِکُمْ کَافِرِینَ"

"Әй, мүміндер! Кітап берілгендердің бір бөліміне бой ұсынсаңдар сендерді иман келтіргеннен кейін қарсылыққа қайтарады".

 

Сол кезде Алла елшісіне (с.ғ.с) болған жағдай жайлы хабар жетеді. Хазірет тез арада бір топ мұхаджирлермен бірге олардың жанына барып: "Уа, мұсылмандар! Құдайды еске алыңдар! Араларыңда мен барда жәһілдікке қайта бет бұрдыңдар ма?",- дейді.

Алла елшісі илаһи жетекшілік пен күпірліктен құтқарылғанын еске салып, ислам арқылы олардың жүректеріне мейірім ұялатып, олардың қайта естерін жинауына себеп болады. Мұсылмандар шайтанның азғыруына беріліп, дұшпанның тұзағына түскендерін түсінеді. Содан кейін олар пайғамбардың сөзінен көңілдері тынышталып, шешімдерінен бас тартып, қаруларын жерге тастап, құшақтасып, тәубе етіп, еңкілдеп жылайды. Олар бұл оқиғаның ислам дұшпандарының жоспары болғанын біліп, пайғамбармен бірге Мәдинеге оралады.

 

Әли Имран сүресінің 103-аяты:

"وَاعْتَصِمُوا بِحَبْلِ اللَّهِ جَمِیعًا وَلَا تَفَرَّقُوا وَاذْکُرُوا نِعْمَتَ اللَّهِ عَلَیْکُمْ إِذْ کُنْتُمْ أَعْدَاءً فَأَلَّفَ بَیْنَ قُلُوبِکُمْ فَأَصْبَحْتُمْ بِنِعْمَتِهِ إِخْوَانًا وَکُنْتُمْ عَلَى شَفَا حُفْرَةٍ مِنَ النَّارِ فَأَنْقَذَکُمْ مِنْهَا کَذَلِکَ یُبَیِّنُ اللَّهُ لَکُمْ آیَاتِهِ لَعَلَّکُمْ تَهْتَدُونَ "

"Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер. Сондай-ақ, өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарастырды. Оның игілігімен туысқа айналдыңдар. Оттан бір шұңқырдың ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша, тура жолға түсу үшін Алла сендерге аяттарын баян етеді".

Алланың елшісі (с.ғ.с) былай деді: "Халықтың өз-өзін түзеуі бір жыл бойғы намаз бен оразадан әлдеқайда жақсы".

 

 

Тегтер