Пайғамбар беғсатының біздің әлемдегі орны
(last modified Wed, 03 Apr 2019 10:10:39 GMT )
Сәу 03, 2019 16:10 Asia/Almaty
  • Пайғамбар беғсатының біздің әлемдегі орны

Ережеп айының жиырма жетінші жұлдызы – Исламның ұлық пайғамбарының беғсаты.

 

«Расында Алла Тағала мүміндерге қамқорлық етіп, олардың ішіне өздерінен, оларға Алла аятын оқитын, оларды тазартатын және оларға Кітап, хикмет үйрететін Елші жіберді. Өйткені, олар бұрын ашық адасуда еді». («Әл-Имран» сүресі, 164-ші аят).

Ережеп айының жиырма жетінші жұлдызы – Исламның ұлық пайғамбарының беғсаты. Бұл күні Алла Тағала хазірет Мұхаммад-Мұстафаны (с.ғ.с.) адамзатты дұрыс жолға нұсқау үшін сайлаған күн. Бұл күні жерге илаһи періште түсіп, хазіретке уәһи жолдауды жеткізді. Жебірейілдің түсіп, илаһи уәһиді хазірет Мұхаммадға (с.ғ.с.) жеткізуі ауыр болғаны сондай, хазірет ыстығы көтерілген адам сияқты қалтырады.  Хазірет Хира үңгірінен қайтып келе жатқан кезінде таулар, ірілі-ұсақты тастар мен жолында кездескен барлық нәрсе сәлем беріп: «Сәлем саған, Алланың елшісі! Алланың сізге ізгілік сыйлап, барлық адамдардың құрметіне ие еткенін хабарлаймыз»,- деді.  

Пайғамбардың беғсаты құтты болсын!

Исламның ұлық пайғамбары өз міндетін бастаған кезде әлем дағдарысты жағдайда болды. Беғсат кезіндегі әлемдегі дағдарыс билік басындағы саяси жүйелерге, сондай-ақ, экологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты болды. Екі үлкен империя, яғни сол кездің өркениеттері ұзақ жылдар бойы бір-бірімен соғысып, олардың ішінде де билікке ие болу мақсатын көздеген қақтығыстар болды. Арабстан түбегіндегі жағдай бұл екі империяның жағдайынан да нашар әрі өкінішті еді. Ұлы Алла бұл адамдардың арасынан өз елшісін сайлады. Көзеші балшықты бір қалыпқа келтіргендей,  Пайғамбар (с.ғ.с.) да оларды жылдам өзгертті.

Арабтардың арасында жәһілдіктің  жайылғаны сондай, кейбір арабтар құрмадан пұт жасап, ұзақ уақыт бойы соларға ғибадат еткен. Бірақ, құрғақшылық  жылы олар өз «құдайларын» жеп қойды. Надан арабтардың қыздарды тірідей көмгені де белгілі. Хазірет Әли (ғ.с.) сол кездегі әлемдегі дағдарыс пен Алла елшісі беғсатының қажеттігі туралы: «Алла Тағала оны қоғам пайғамбарды қажет етіп, үмбеттер қатты ұйқыға батып, бүлік жайылып, әлем қараңғылыққа батып, тәкаппарлық әшкере байқалып, әлем бағының жапырақтары сарғайып, дүние халыққа жағымсыз жүзбен бұрылған кезеңде таңдады»,- деді. Алла елшісі илаһи дінді ұсынып, оны таратқан кезде Хире мен Ғишан және Йемен аймақтарының басшыларына таухид пен бір Аллаға құлшылық етуге шақыратын хат жазды. Басында Алланың атымен Йемен басшысына, кейін Иранның императоры Хосроу Парвиз бен Шығыс Рим императорына, Мысыр басшысы мен Хабаши патшасына хат жолдап, оларды таухид дініне шақырды. Сөйтіп, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) Исламның тек араб аралымен  шектелмейтін дін екенін, өзінің әлемді өзгертуге міндеттелгенін жариялады.

Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) пайғамбарлық міндетінің маңызды мақсаттарының бірі адамдарды азап-қорлықтан құтқарып, оларды бұғаудан босату болды. Пайғамбар қоғамдағы алдап-арбайтын барлық келеңсіздікпен күресті. Ол басқа пайғамбарлар сияқты әртүрлі қоғамдарды шырмаған қисынсыз әрі пайдасыз мәселелерді жою үшін келді. Алла Тағала «Ағраф» сүресінің 157 аятында:  «...Олардың үстеріндегі ауыр жүктерді (түсіріп) шиелініскен нәрселерді шешеді...»,- деп айтылды. 

Таухид пен әділет орнатуға шақыру – пайғамбарлардың ең маңызды мақсаты. Таухид – тек философиялық және идеологиялық түсінік қана емес, адамдар үшін өмір сүру тәсілі. Яғни, адам өз өмірінде тек бір Аллаға ғана құлшлық етуі керек. Халықты таухид, әділет, тазалық пен тақуалыққа тек реформалар жүргізілген қоғамда ғана шақыруға болады. Исламның ұлық пайғамбары беғсатының ең маңызды мақсатын кемеңгерлік пен ақылды кемелдікке жеткізу деп санады. Өйткені, адамзат қоғамында Аллаға құлшылық ететін дінді тек кемеңгерлік пен түсінікті арттыру арқылы ғана қалыптастыруға болады. Өз гауһар тасын танымаған адам тас пен сазға табынады, ал кемеңгер адамдар Жаратушыға алғыс айтады. Хазірет хадистерінің бірінде: «Алла Тағала әр пайғамбарын кемеңгерлік пен ақылды кемелдікке жеткізу үшін жіберді. Сондықан кемеңгерлік оның үмбетінің ақылынан жоғары болуы керек»,- деген болатын.

Исламның ұлық пайғамбарының 23 жылдық талпынысы нәтижеге жетіп, мұсылмандар салтанатты өркениеттің іргетасын қалады. Хазірет өзінің теңдессіз талпынысымен мұсылмандардың арасында мейірімділік пен бауырластық орнатып, олардың арасында ежелден келе жатқан қайшылық пен дұшпандықты жойды. Содан соң оларды сауаттандырып, біліммен сусындатты. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) әлемдіктерге адамзаттың бақытына кепілдік беретін дін ұсынды. Ол адамды Алладан басқаға табынудан құтқарды. Алла елшісі өз беғсатымен адамзат қоғамының түсініктері мен құндылықтарына терең өзгеріс енгізіп, әлемдіктерді махаббат, адамгершілік, мейірімділік, иман және әділетпен таныстырды. Бүгінде ғалымдар адамзаттың ғылымы мен өркениеті, адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынас пен илаһи діндер мен тағылымдарға тән көптеген әдеттердің бастауы Ислам пайғамбары болды деп санайды. Сондықтан хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) беғсатын адамзат тарихындағы ең маңызды әрі ең ірі оқиға деп біледі.

Орыс жазушысы Л.Н.Толстой: «Ислам пайғамбарының әлемнің ұлы реформаторларының бірі болғаны сөзсіз. Ол қанқұмар, жабайы халықты сұмдық әдеттерінен босатып, оларға даму жолын көрсетті. Қарапайым адамның қолынан бұл іс келмейді. Сондықтан Ислам пайғамбары құрметке лайық. Ислам ақыл мен даналыққа сай дін болғандықтан оның шариғаты келешекте бүкіл әлемге таралады»,- деген болатын.

Қазіргі таңда әлем қатаң дағдарыспен бетпе-бет келіп отыр.

Жуырда Жаңа Зеландияда мешітте лаңкестік әрекет жасалды. Жазықсыз намазхандар Алланы мадақтап, дұға жасап отырған кезде лаңкестердің кекшілдігі мен ашу-ызасының нысанасына алынды.  Йемен мен Бахрейн және Сириядағы қырып-жою әрекеттері, ішкі қақтығыстар, әйелдер мен балалар контрабандасы, аштық, кедейшілік, жезөкшелік пен біржыныстылықтың таралуы, сонымен қатар таза су тапшылығы, құрғақшылық пен басқа мәселелер – әлемнің түкпір-түкпірінен күнделікті байқалып жатқан мәселелер. Бұлар – біздің ғасырымыздың заманауи надандығының белгісі. Америкалық сарапшы Ноам Хомский: «Біздің әлем жылдамдықпен орға жақындап келеді. Біз өзіміз құлағымыз келеді. Бұл жол өмірдің келешегін қатерге тіреді»,- деген болатын.

Қорыта айтқанда, надандықты тек белгілі бір тарихи кезеңге лайық деп айтуға болмайды. Әр кезеңде, әсіресе ахлақ пен рухани кедейшілік кезінде бұл құбылысты анық байқауға болады. Ислам революциясының жетекшісі бұл туралы:

 «Пайғамбарлардың беғсатына қарсы надандық білімнің кенделігі дегенді білдірмейді.

Бүгінде адамзаттың білімі дамығанымен, пайғамбарлар күрескен надандыққа қызмет етуде. Бұл надандық пайғамбарлар мен Жаратушы арқылы дұрыс жолға нұсқалған ақылға қарсы. Адамзат қоғамын пайғамбарлар қолдаған кемеңгерлік билеген кезде өмір бақытты болады. Кемеңгерлік басқармаған кезде құмарлық пен қаһар, нәпсі басымдық танытып, адамзат бақытсыз болады. Мұны тарих бойы көріп келдік, қазір де соған куә болып отырмыз»,- деді.

Біздің әлеміміз құтқарушыны қажет етеді. Алла елшісінің тағылымдарын жаңғыртып, оларды іке асыратын адам келуі керек. Халық әлемді жандандырып, надандық пен зорлық-зомбылықты тоқтатып, Алла елшісінің өмірлік жолдауымен жүректерді үміттендіріп, қауіпсіздік орнататын хазірет Мәһдиді (ғ.с.) күтіп жүр. Егер бұл рақымның самал желі соқса, Алла Тағала адамзатқа мейірімін білдірген күні адамзаттың уайым-қайғысы аяқталып, зорлық-зомбылық пен азап-қорлықтың ізі де қалмайды. Бұл күні адамдардың жүрегі иманға толып, барша хазіреттің берекесін сезетін болады.

Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) беғсатымен құттықтаймыз!  

 

 

 

Тегтер