Хазірет Әлидің (ғ.с.) сөздеріндегі «Жаратылыс көктемі» тақырыбы 1
Табиғаттың қайтадан жандануы мен өсімдіктердің гүлденуі жаңа жылдың басталуы мен көктемнің келгенін білдіреді.
Табиғаттың әрбір мезгілі, әрбір өзгерісі әдемі болғанымен, адамдар табиғат көктемінің сұлулығынан көбірек ләззат алады. Маусым ауысып, өзгергенде адамға жаңа дем беретіні сияқты илаһи Кітап пен Исламның ұлық пайғамбары әулеті рауаяттарын қайта оқыған кезде де жаңа мәліметтерге ие боламыз. Адамдар көктемде табиғаттың жүрекке қонымды көріністеріне көбірек көңіл бөледі; сұлулықты тану сезімдері де көбірек байқалады. Табиғат пен көктемнің сұлулығы туралы Құран аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің рауаяттарына жасаған шолу адамдарды табиғатқа ерекше назар аударып, сұлулықтарын тамашалып, байланыс орнатуға жігерлендіреді.
Хазірет Әлидің (ғ.с.) дүниетанымы бойынша, Алла Тағала жаратылған әлемдегі барлық жаратылысты сұлулық негіздеріне сай жаратты. Құран Кәрім: «Ол сондай Алла, әр нәрсенің жаратылысын көркемдестірді»,- деді. («Сәжде» сүресі, 7-ші аят).
Жаратылған әлем – ғажайыптарымен барлық тұрғыдан ең жақсы әлем. Бүкіл жаратылыс барлық тұрғыдан әдемі. Хазірет Әлидің (ғ.с.) көзқарасы бойынша, жаратылған әлемде илаһи өнер қалыптасқан. Сұлулық жаратылыстардың сыртқы көріністерінен ғана байқалмайды. Сұлулық – сол арқылы шындықты іздейтін белгілердің бірі.
Хазірет Әли (ғ.с.) Ұлы Алланы тануды ең жоғары нығметтердің бірі санап, халықтың оны тамашалаудан ләззат алуымен бірге ол туралы ойлануы керек екендігін де қуаттады. Хазірет өзінің танымал сөзінде: «Күн мен айға, өсімдіктер мен ағаштарға, сулар мен тастарға, сарқыраған бұлақтар мен тауларға қараңдар»- деген болатын. Қараудың жаратылған әлемнің ақиқатын тануға себеп болатын табиғатты тамашалау және ойлану деген екі мағынасы бар.
Жаңбыр – көктем мен оның гүлденуіне ерекше көңіл-күйді сыйлайтын Жаратушының үлкен нығметтерінің бірі. Дәл осы илаһи берекемен өзендер, бұлақтар мен теңіздер суға толып, жердегі жаратылыстардың өмірі жалғасады. Хазірет Әли (ғ.с.) бұлақтардың пайда болуы мен жаңбырдың жауу туралы айтқан сөзінде: «Алла Тағала бұлақтардың суы жетпейтін биік жерлерді де құрғақ қалдырған жоқ. Ол қуаң жерлерді жандандырып, түрлі-түсті өсімдік өсіру үшін бұлттарды жаратты. Сөйтіп, жердің ешбір биіктігі құрғақ қалмайтын болды. Бұлттардың ыдыраған үлкен бөлшектерін бір-біріне қосып, оларды жылжытып, бір-біріне соқты. Бұлттар соғылып, найзағай жарқырады. Найзағайдың жарқырауынан еш нәрсе азаймайды. Желдер арқылы бұлттарды айдап, бұлттардан жаңбыр жаудырады. Жаңбырдың арқасында әртүрлі өсімдіктер жайқалып, таулардың етегі көгереді. Гүлдер мен әртүрлі өсімдіктер жайқалып, көгалдарды жасыл желекке малындырады. Алла Тағала оларды адамдар мен жануарлар үшін қорек етіп жаратты. Сондай-ақ, әр тараптан жолдарды ашып, белгілерін көрсетті»,- деген болатын. («Наһдж ул-Балағе», 91-ші құтпасы).