Ислам революциясының жетекшісі: 1398 жыл – мүмкіндіктер жылы
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жаңа жылдың бірінші күні Мешхедтегі имам Резаның (ғ.) кесенесіне жиналған зияратшылар мен жолаушылардың қалың тобы алдында биылғы жылдың мәселелері, Батыс елдерінің Иранмен текетіресі, экономика және өндіріс қарқындылығы туралы маңызды баяндама жасады.
Ислам революциясы жетекшісінің баяндамасында айтылған маңызды жайттардың бірі экономикалық қуат пен экономикалық тежеуден тұрақты кезеңге жетудің жол картасын сипаттауы болды. Ол осы стратегиялық мақсатқа жетуді Батыс елдерінің көмегі мен қолдауынан үміт үзумен байланыстырып: "Тарихи тәжірибелер мен батыстықтардың қатынасы олардан қастандық, қиянат пен арқаға қанжар салуды күтуге болатынын, бірақ көмек, шыншылдық пен жақтасуды күтуге болмайтынын көрсетті",-деді.
Ислам революциясының жетекшісі осы ағымның тамырына тоқталып: «Иран халқының дұшпандары шынайы дүниеде атқаратын істерімен бірге психологиялық соғыс та жүргізеді, сонымен қоймай, пікір білдіріп, өздерін мақтайды. Олардың мақтанғаны дәл сол күйінде қабылдануы керек. Олар 1397 жыл жайлы да пікір білдіріп, адамдардың жүрегіне қорқыныш ұялатуға тырысқан. Біраз уақыт бұрын таныстырылған бірінші дәрежелі ақымақтардың бірі 1397 жылдың басында немесе ортасында "Егер АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шықса, Иранның көшелерінде бүлік болады. Адамдар нан сатып ала алмайтын болады. Бірінші дәрежелі ақымақтар тағы бірде "2019 жылы америкалық басшылар жаңа жылды Теһранда өткізетін болады" деген болатын. Бұл – олар айтқан сөздер.
Мен білмеймін. Бірақ шынымен екі көзқарас бар: олардың аймақ пен елдердің мәселелері туралы сараптамалары шынымен шындықтан соншалықты алшақ па? Бұл сөздерді шынымен айта ма? Бұл ақымақтық емес пе? Олар психологиялық соғыс жүргізіп, жауласу үшін әлемдік ақпарат кеңістігінде осындай сөздерді таратады. Бұл мен үшін анық емес. Ақымақтық пен жауластықтың екеуі де болуы мүмкін» деді.
АҚШ-тың сыртқы саясатына жаңашылдық енгізушілердің бірі саналатын танымал стратегтердің бірі Марк Балмер "Иран-АҚШ: жаңа шешім жолы" атты есебінде: "Иран сирек кездесетін құдіретке айналды. Енді оны әскери шабуыл және ауыр соғыспен жеңе алмайсың. Ислам республикасының жүйесін құлатудың жалғыз жолы – жеңіл соғыс механизмін таңдау және ақпараттық соғыс доктринасын қолдану арқылы жарнамалық-психологиялық амалдар тактикасын қолдану",-деп жазған.
Халық арасында қобалжу, үмітсіздік пен тығырыққа тірелу сезімі мен бір-біріне және жауапты органдарға сенімсіздік тудыру, сондай-ақ, қоғамның санасында экономикалық қиындықтарды көбірек әрі зорайтып көрсету – Батыстың Иранға қарсы жарнамалық және психологиялық соғысы мақсаттарының қатарына жатады.
"1398 жыл – мүмкіндіктер жылы".
Ислам революциясының жетекшісі х.ш.ж.с.б. 1398 жылды мүмкіндіктер жылы деп атады.
Хазірет қоқан-лоққылар мен мүмкіндіктерді баяндап: "Біздің еліміздің басты қиындығы – әзірше экономикалық қиындық. Әлсіз әлеуметтік топтардың өмір сүру мәселесінің бір бөлігі Батыс алпауыттары – АҚШ пен Еуропаның санкцияларына байланысты. Ал басқа бір бөлігі ішкі нұқсандарымызға, басқару саламыздағы әлсіздіктерімізге байланысты. Санкция мұрсат бола алады. Мұны кейін түсіндіремін. Осы әлсіздіктер мен нұқсандарды байқау біз үшін елді келер жылдары оңтайлы басқару үшін құнды тәжірибе болмақ. Бұл екеуі де мұрсат бола алады",-деді.
Бұл кезеңде әлем бір ауыл сияқты сипатталды. Алдымен бір территорияның әскери саласында сипатталған қауіпсіздік ұғымы жан-жақты баяндалып, саяси-экономикалық және әлеуметтік салаларды да қамтитын болды. Мұндай әлемде бір елдің қауіпсіздігі гибридтік қоқан-лоққылармен бетпе-бет келді. Сол себепті оны сақтап, нығайту үшін қажет құралдар қазіргі өзгерістерге сәйкес болуы керек.
Бүгінде «жұмсақ қоқан-лоққы», «жұмсақ құлату», «жұмсақ қауіпсіздік» сияқты ұғымдар саяси және әлеуметтік өзгерістердің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Бұл ұғымдар елдердің қауіпсіздік құрылымына әсер ететіндіктен әлемдік деңгейде зиялы қауым мен сарапшылардың талқылайтын тақырыптарына айналды.
Теориялық тұрғыдан «жұмсақ қоқан-лоққы» өзінің саяси және бәсекелестік мақсаттары мен мүдделеріне жету үшін бір елдің ішкі наразылықтары мен әлеуметтік түйткілдерін қолдану немесе тудыру мақсатында жоспарланған шаралар жиынтығы деп сипатталған.
«Жұмсақ соғыстың» мақсатын "саяси өзгеріс" тіркесіне сыйдыруға болады. Оның бір жағын қатынасты өзгерту, екінші жағын саяси жүйені құлату құрайды.
Сондықтан экономикалық құрылымдардың әлсіздіктері мен кемшіндіктері потенциалды сын-қатер болып табылады. Сол себепті осы сын-қатерлерді ауыздықтау мен оларды жою үшін шара қолданылмаса, ақырында жүйелердің заңдылығын жоятын факторлар мен құралдарға айналады.
"Санкция мүмкіндік бола алады. Бірақ қалай?"
Ислам революциясының жетекшісі: "Тәжірибе көрсеткендей, мұнай сияқты табиғи байлықтарға ие елдер одан түсетін табысы азайған кезде экономикалық реформалар жасауды ойластырады, стимул пайда болады, реформа жасауға ынта күшейеді, өздерін тәуелділіктен құтқару үшін стимул алып, тиісті шараларды атқарады. Бірақ бұл табиғи көздерден түсетін табыс азайған жағдайда орын алады. Бұл табыс көзі қайта өз орнына келіп, қолданатын қаржы көздері артқан соң олар реформаны жалғастыруды тоқтатып, ұмытады. Демек, табиғи көздерден түсетін табыстың азайғанынан туындаған қысым бұл үлкен мұрсатты тек бізге ғана емес, бізге ұқсас барлық елдерге беріп, оларды осы табиғи көздерге тәуелділіктен, бір өнімге бағынышты болудан, мұнай экономикасынан құтылуға ынталандырады. Біздің ең ірі экономикалық қиындықтарымыздың бірі – мұнайға тәуелділік",-деді.
Мұнай немесе соған ұқсас қуат көздеріне ие елдерге жасалған көптеген зерттеулер мұнайдан түскен табыстарды қате қолданудың бүлдіргі әсерлерін дәлелдеді.
Ричард О'Ти и Мишель Росс 1971-1997 жылдары 113 елді зерттеді. Сонымен қатар, Терри Лин Карл 1997 жылы шыққан "Мұнайдың қарқындығы мен мұнай үкіметтері" атты кітабында мұнай мен басқа қуат көздеріне ие елдердің саяси-экономикалық және әлеуметтік дағдарыстарын баяндады.
Экономикалық тұрғыдан мұнай табысы тікелей үкіметтің бюджетіне түсетін мұнайға негізделген экономикалардағы мұнай бағасының артуы импорттың артып, ішкі өндіріске соққы берілуге, импортталмайтын тауарлардың, мысалы жер мен үй бағасының артуына себеп болады, салық жүйесін реформалауды кешеуілдетеді, үкіметтің жауапкершілігі мен демократияға ынтасын төмендетеді, үкіметтің халықты шынайы қатысуға шақыруға ынтасын жояды, үкіметтердің жоғары зиялылыққа деген қатынасына, лайықты басшыларды тартуына, эксперттер мен сарапшылардың пікірлерін қолдануына, технологиялардың оңтайлануы мен өндірістің артуына кедергі келтіреді. Бұл үдерісте мұнайдан түсетін табыстар қоғамдағы саяси ықпалы бар топтар арасында әуеден табыс табуға ұмтылысты арттырады, үкімет құрылымының кеңеюіне соқтырады, үкімет бюджетінің мұнайға тәуелдігін арттырып, әкімшілік және экономикалық жемқорлық тудырады.
Экономикалық сарапшылардың пікірі бойынша, елдің экономиканы дамыту үшін қажет әлеуеттері жеткілікті. Иранда бұл тұрғыдан тапшылық жоқ. Иранның адам ресурстары әлеуеті өте жақсы. Иранның географиялық жағдайы сияқты табиғи әлеуеттер үздік стратегиялық сипатта.
Бұл осы уақытқа дейін аталмыш әлеуеттер көзге ілінбеді деген сөз емес. Әртүрлі секторларда, соның ішінде ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымдық жұмыстардың нәтижесі мен статистикалар көрсеткендей, әсерлі істер жасалды, кейбір жағдайларда іс кешеуілдеп жасалады.
Ислам революциясының жетекшісі осы салада шынайы тәжірибелер мен мысалдарды атап өтті. Соның ішінде Қасиетті қорғаныс жылдарындағы осыған қатысты көрнекті жайттарға тоқталды.
Хазірет аятолла Хаменеи сол кезеңнің әсерлі ерекшеліктерін баяндап, "Шығыс пен Батыстың материалдыққа арқа сүйеген алпауыттары, яғни капиталистік елдер мен социалистік-коммунистік алпауыттар Саддамға ең мықты соғыс құралдарын берді. Біздің қолымыз байлаулы еді. Бізге тіпті, қазір бәріне мәлім болғандай, тікенді сым да сатпады. Әрине, жағдай ауыр болды, бірақ осы ауырлық өз пікірі мен қабілеті бар бастамашыл жастарымыздың біздің бағынышты жағдайымызды бөгделерге қарсы қаруға айналдыруына себеп болды. Бүгінде біздің жағдайымыз Алланың рақымымен қорғаныс мүмкіндіктері тұрғысынан, аймақтағы барлық елдерден жақсырақ әрі жоғарырақ. Дұшпандар осыған меңзеп, мойындап отыр және оны қысым жасаудың құралы ретінде пайдаланғысы келеді",-деді.
Экономикалық теоретик әрі сарапшы Лурен Мартин қауіпсіздіктің сипаттамасы туралы сөзінде "Қауіпсіздік келешекте әл-ауқатты кепілдендіруден тұрады",-деді.
Келесі экономика саласының теоретигі Джон И. Морз: "Қауіпсіздік зиянды сын-қатерлерден салыстырмалы түрде құтылудан тұрады",-деді.
Осындай сын-қатерлерге қарсы қолдануға болатын ең маңызды үдеріс – сапалы өндіріс пен ішкі әлеуеттерді қолдай отырып, экономиканың ішкі құрылымын нығайту. Ислам революциясының жетекшісі талай рет елдің экономикасын дамыту үшін джиһадтық байсалды да үздіксіз әрекеттер жасалуы керектігін айтты.
"Біз санкцияға реніш білдірмеуіміз керек"
Ислам революциясының жетекшісі өз баяндамасында санкциялар мен қиындықтар арасындағы шекараны анық сипаттап, өзінің реалистік дәлелді көзқарасын білдіріп: "Біз санкцияға реніш білдірмеуіміз керек. Санкция салушылар – АҚШ пен Еуропадан да көп нәрсе күтпеуіміз керек. Біз санкцияларға қарсы тұру жобаларын қарастыруымыз керек. Дұшпандардың санкцияларына қарсы тұрып, оларды залалсыздандырудың жолдары көп.
Бүгінде әлем дұшпанның бізбен экономикалық соғыс жүргізіп жатқанын қабылдап отыр. Соғыс – зеңбірек пен мылтық емес. Экономикалық соғыс, қауіпсіздік соғысы, ақпараттық соғыс пен саяси соғыс та соғыстың түрлеріне жатады. Бұлар кейде әскери соғыстан да қауіптірек. Дұшпан бізбен соғысып жатыр. Оның белгілері экономикалық мәселелерден көрінеді. Мұны бәрі қабылдап отыр. Біз бұл соғыста дұшпанды жеңуіміз керек. Алланың қолдауымен дұшпанды жеңеміз",-деді.
"Бұл жеткіліксіз. Дұшпанды жеңумен қатар тежегіш қуат та тудыру керек".
Ислам республикасының жұдырығы – мықты, қолы – қуатты.