Хазірет Әлидің (ғ.с.) сөздеріндегі «Жаратылыс көктемі» 3
(last modified Wed, 17 Apr 2019 06:21:46 GMT )
Сәу 17, 2019 12:21 Asia/Almaty
  •  Хазірет Әлидің (ғ.с.) сөздеріндегі «Жаратылыс көктемі» 3

Жаратылған әлем – кез келген тілде сөйлейтін ашық кітап. Бұл кітапты барлық адам оқи алады.

Табиғаттың жүрекке қонымды көріністері мен көрікті жерлерінің арасында биік тауларға шығу – Наурыз мерекесі кезіндегі ең тартымды туристік бағыттардың бірі. Наурыз күндерін өзгеше өткізгісі келетін адамдар күнделікті қарбалас өмір мен қаланың шуынан қашып, бұлақтар мен таулардың етегінен өтіп, шыңдарға шығады. Құзар шыңдары мен төбелерінен қар кетпеген таулар адамдардың көзін қызықтырады.

Жаратылған әлем – кез келген тілде сөйлейтін ашық кітап. Бұл кітапты барлық адам оқи алады.

Адамдар  жаратылыс кітабының сырларын көбірек таныған сайын әлемнің Жаратушысын да жақсырақ танып, Оны мадақтап, шексіз нығметтері үшін алғыс айтуды арттырады.

Таулар – табиғаттың ғажайып көріністерінің бірі және жаратылыс кітабын зерттеу үшін маңызды тақырып. Оның сарқырамасына жеткен кезде судың жүректі тербетер дыбысымен бірге әсем үнді әнші құстардың әуендері естіліп, сіздерді табиғаттың қонағы болып, Жаратушыны мадақтауға шақырады. Дана Алла білімі мен құдыретіне сүйеніп, адамды жаратпай тұрып, оның бұл дүниедегі өміріне қажет барлық негізді дайындады. Таулар – сырға толы сол нығметтердің бірі.

 

Құран Кәрімде адамның тауларды көрген кезде олар қозғалмайды деп ойлайтыны, бірақ негізінде олардың бұлттың жылдамдығындай жылдамдықпен жылжитыны айтылған. Бұл – барлық нәрсені толық көлемде жаратқан Құдайдың ісі.

Бүгін адамның білімі таулардың жер тербелістерінің алдын алатын маңызды фактор екеніне жетті. Таулар – дауылдардың алдын алатын қорғандар.

Геологиялық мәліметтерге сәйкес, шыңдар мен биік таулардың астында жердің   қалыңырақ, ал мұхиттардың астында жұқалау екені дәлелденді. Алла Тағала тауларды «қазық" деп атаған. ("Әл-Наба" сүресі, 7-ші аят). Ғылыми тұрғыдан таулардың үлкен шеге секілді жерге қағылғаны анықталды.

 

Хазірет Әли (ғ.с.) жердің тұрақтылығы туралы 202 құтпасында былай деді: «Ол жер бетінде биік тауларды жаратып, оларды белгілі мекендерге тұрақты орнатты; шыңдары ғарышқа көтеріліп, негіздері суда қалды. Ол тауларды жердің бетінде орналастырып, негіздерін жердің астында тұрақтандырып, биіктіктерін жоғары көтеріп, төбелерін ұзартып, тауларды жерге шегеледі. Содан кейін жер қозғалмайтын болып, тұрғындары алаңдамайтын болды. Расында, жерді суларының толқындарынан тыныштандырып, айналасындағы суға қарамастан құрғақ жерді өзінің жаратылыстары үшін өмір сүретін тыныш мекенге айналдырып, оны жасыл желекпен жауып, саябырсыған теңіздерді қозғалтып, жаңбырға толы бұлттарды оңды-солды жылжытатын дауылдарды жаратқан Жаратушы қандай құдыретті!.  «Расында бұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар». («Назиат» сүресі, 26-шы аят).

 

 

 

 

 

 

 

Тегтер