АҚШ-тың Табас сәтсіздігінен Сақшылар корпусына кегіне дейін 1
Ордибеһешттің бесі – АҚШ әскерилерінің Табас даласында жасаған шабуылы сәтсіздікке ұшыраған күн.
Табас оқиғасы шын мәнінде, АҚШ-тың Иранның Ислам республикасы жүйесін құлатуды көздеген жобаларының бірі болды. АҚШ елшілігінің тыншылық әрекеттерінің болмысы имам Хомейниді қолдайтын студенттердің 1979 жылдың 4-ші қараша күні, 13-ші абан күнгі революцияшыл әрекеті мен жүздеген құжат табылған соң әшкереленді. АҚШ бұл әшкереленуді өз бақылауына алу үшін әскери әрекет жобалап, басып алынған Теһрандағы тыңшылық ұясын өз бақылауына қайтарғысы келгенімен нәтижеге жетпеді. АҚШ әскерилері бұл әрекетті іске асыру үшін біраз уақыт бұрын табиғат жағдайы Табасқа ұқсас Аризона аймағына аттанып, қиын жағдайларға төзіп, жаттығу өткізді. Америкалықтар Иранға шабуыл жасап, кепілдегі адамдарын азат ету үшін 132 әскериінен "Delta Force" арнайы топ құрды. Америкалық әскерилердің Табас даласындағы операциясы "Қыранның шеңгелі" (Operation Eagle Claw ) деп аталды. Оның мақсаты америкалық тұтқындарды босату болды.
Хиджри шасми күнтізбесі бойынша 1359 жылдың 5-ші урдибехешт, сәйкесінше 1980 жылы 24-ші сәуірде америкалық 6 ұшақ пен 8 тікұшақ Теһранда қамауға түскен 53 тыңшыны азат ету үшін Иранның әуе кеңістігін бұзды. Америкалықтар операциясын орындау үшін Иранның әуе кеңістігіне енген кезде Керманнан 120 км жерде тікұшақтарының бірі техникалық ақауға ұшырап, жерге қонып, адамдарын басқа тікұшаққа ауыстыруға мәжбүр болады. Сол кезде екінші тікұшақ та техникалық мәселемен бетпе-бет келіп, америкалық ұшақ тасымалдайтын кемеге оралады. Келесі 6 ұшақ пен 6 тікұшақ Табасқа жетіп, қараңғы түнде алыс аймақта орналасқан әуежайға қонады. Бірақ, отын алып жатқан кезде келесі тікұшақтардың бірінің техникалық ақауы байқалады. Сөйтіп, операция басталмай жатып, америкалықтар 3 тікұшағынан айырылды. Орталықпен байланысқан кезде сол кездегі АҚШ Президенті Картер өз елінің күштеріне оралуды бұйырды. Бірақ, ұшақтар мен тікұшақтар орындарынан көтерілген кезде құмды дауыл басталып, С130 ұшағы мен СН53 тікұшағы бір-бірімен соғысып, өртеніп кетеді. Бұл оқиғада 8 америкалық әскери өртте күйіп, 3 тікұшағы ұша алмай, жерде қалады. Қалған әскерилері 5 ұшаққа отырып, ұшақ тасығыш "Нимиц" кемесіне қайтады. Осылайша бұл операция толығымен сәтсіздікке ұшырайды.
АҚШ-тың бұрынғы Қорғаныс министрі Гарольд Браун: "Сәтсіздікке ұшыраған Табас операциясында Американың сегіз әскериі өлді. 1981 жылдың қаңтар айында билік басына Рональд Рейган келгенше кепілге түскендер босатылмады",- деді. Табас даласындағы "Қыранның шеңгелі" операциясы нәтижеге жетпей, Американың абыройы төгілді.
АҚШ-тың өз тыңшыларын азат етуге қатысты әскери араласуы Ислам революциясының жеңісінен кейінгі АҚШ-тың Иранға қарсы мақсаттарының болмысын әшкере етті. Табас оқиғасынан кейінгі 40 жылдағы АҚШ-тың қастықтарын осы тұрғыдан сараптау керек.
Негізінде АҚШ-тың Иранның стратегиялық жағдайы мен мұнай байлығынан, сондай-ақ, АҚШ-тың Израильдің мүдделерін қорғау үшін маңызды болған аймақтағы базаларының бірінен айырылуы Ирандағы Ислам революциясының жеңісі мен шаһ режимінің құлауынан кейін АҚШ-тың ашу-ызасына тиіп, алаңдатқан тақырыптардың бірі саналады. Сондықтан революцияның жеңісінен кейін Иранды қайтадан билеп-төстеп, бұрынғы жағдайын қайтару үшін АҚШ-тың кез келген қастандықты іске асыратыны табиғи жағдай болды. Ирандағы тыңшылық жұмыстары, Табастағы әскери шабуыл, "Ниқаб" төңкерісі мен соғыс кезінде Саддамды қолдауы – Америка қастықтарының бір бөлімі. АҚШ-тың Табас оқиғасынан кейінгі әрекеттері Ақ үйдің тиісті сабақ алмағанын көрсетті. АҚШ бір кезде құмды дауылда қалса да, осы уақытқа дейін Иран халқын бағындыру деген қиялынан бас тарта алмай келеді. Сол кездегі сәтсіздіктің кегін әлі ұмыта алмады. Бүгінде Ақ үйдің Ислам республикасы жүйесіне қарсы қастандықтары жаңа салаларға енді.
АҚШ басшылары 40 жылдан кейін Ислам республикасы жүйесі негіздерін қабылдамайтынын жариялап, өз мақсаттарына жету үшін Иранның революцияшыл және халықтық органдарын негізсіз айыптауда. АҚШ-тың қияли мақсаты – Иран халқын қайтадан билеп-төстеу.
Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи осыдан екі жыл бұрын жүйе басшыларымен кездесуінде сөйлеген сөзінде: "АҚШ пен арадағы мәселелеріміздің көбі шешілетін мәселе емес. АҚШ-тың проблемасы – ядролық немесе адам құқығы мәселелері емес, Американың проблемасы – біздің өзіміз, яғни Ислам республикасы, Ислам республикасының рөлі",- деген болатын.
Ислам революциясының жетекшісі АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығын сараптап: "Шапқыншы елдердің мақсаттарының бірі халықтар мен үкіметтерді қорқытып, оларды өздерінің заңсыз мүдделерін қамтамасыз етуге мәжбүрлеп, өзін зорайтып көрсету. Егер Ислам республикасы мен Иран халқы солардан қорқып, артқа шегінгенде, бүгінде Иран мен ирандықтардан еш нәрсе қалмас еді",- деп баса айтты.
АҚШ-тың Иранды билеп-төстеу қиялы әлі жалғасып, АҚШ Иранды өзінің зорлық-зомбылықтарына бағындырғысы келеді. Иран халқының бұл қастандықтарға берер жауабы анық. АҚШ-тан достық пен бейбітшілікті күтуге болмайды. АҚШ-тың Иранға қарсы саясаттары тиісті шара қолдануды қажет етеді.