Құрандағы исламдық ойлардың ерекшеліктері(4)
(last modified Thu, 09 May 2019 13:38:42 GMT )
Maм 09, 2019 19:38 Asia/Almaty
  • Құрандағы исламдық ойлардың ерекшеліктері(4)

Бүгінгі бағдарламада Құран Кәрім тұрғысынан саналы түрде түйсінген иман мен бейсана қалыптағы иманның айырмашылығын баяндаймыз.

Рамазан адамға өз діни сенімдеріңнің негіздерін теориялық және практикалық тұрғыдан нығайтуға берілген өте жақсы мұрсат болып табылады, өйткені Рамазан айының барлық рәсімдері теориялық көзқарастар мен практикалық амалдар және ырымдар мен тыйымдардың бірлігіне шоғырланған. Көзқарастарымыз бен ынталарымызда көңіл аударылуы тиіс ең маңызды принцип – қырағылық пен хабардарлық. Басқа сөзбен айтқанда, исламның мәдениетінде иман зерттеп барып келгенде құндылыққа ие болады.  Тура осы ерекшелік терең түйсінген иманды әдетте қарабайыр халықтың амалға негізделмеген күмәнді сенімдерінен  артық етеді.  Ғылым мен хабардарлықтың толық символы саналатын имам Әли (ғ.) құнды нұсқаулар беріп, түйсінген қатынастардың ғылым мен хабардарлыққа сүйенбеген қатынастардан айырмашылығын ашық түрде баяндап берген. Ол: "Ораза ұстағанда аштық пен шөлден басқа ештеңе бұйырмайтын адамдар мен  түнгі ұйқыны тәрк еткенде ұйқысыздықтың азабынан басқа ештеңе бұйырмайтын адамдар көп. Дана да қырағы адамдардың ұйқысы мен ауыз ашуына мадақ болсын (Нахдж ул-Балағе/Хикмет 145)",-деген.  

Құран Кәрімнің көзқарасы бойынша, адамның ғибадаты қаншалықты маңызды болса да, саналы түрде атқарылғанда ғана құнды болады.  Исламның Ұлық пайғамбары былай дейді: "Ғибадат дегеніміз ораза мен намаздың көптігі емес, ғибадаттың ақиқаты Құдайдың ісі жайлы көп ойлануда жатыр" (Тохфат ул-уғул, 448-бет).

Осы салада мүміндердің әмірі имам Әли (с.) жайлы рауаяттарда былай делінген: сан рет түн ортасында хазірет аулаға шығып, көзін шексіз аспанға тігіп, терең ойға батқан күйі "Әли Имран" сүресінің мына аяттарын  қайталайтын: "Шәксіз көктердің және жердің жаратылуында түннің және күндіздің өзгеруінде әлбетте ақыл иелері үшін дәлелдер бар. (190)

Олар тіке тұрып, отырып, жамбасынан жатып (әр халде) Алланы еске алады. Сондай-ақ олар көктер мен жердің жаратылуы жайында ойланады да: «Раббымыз! Сен мұны босқа жаратпадың, Сен пәксің, бізді от азабынан сақта!» (191)

«Раббымыз! Сен кімді отқа салсаң, расында оны қорладың. Залымдардың еш жәрдемшісі жоқ.» (192).

Жалпы Құранда ойлану, саралау, шара ойлау деген сөздер өте көп кездеседі. Бұл Құран мәдениетінде даналық, ой-сана мен танымның орны мен маңызын көрсетеді. Имам Әлидің түнді көз ілмей өткізуінің маңызды жолдауы мынау: Жаратушыға ғибадат ету, сырмен бөлісу, қажет еткен затын сұрау барлығы тәтті ұйқыға бөленіп, айналада тыныштық орнаған түн кезінде ойлау және ойланумен қатар жүрсе, әсіресе егер адамды босқа күйдіретін тамұқтан құтқарып, өміріне мақсаттандырылған көзқарас берсе, аса құнды болады.

Имам Әлидің (ғ.) достары осы шабыт беретін әдетіне таң қалған кезде ол Алла тағалаға мінәжат ету әлеміне тереңдей еніп, келесі аяттарды айтатын болған: "Алла тағала, біз бар жан-жүрегімізбен және болмыстың сырын ойлап, иманға шақыратын үнді естідік. Ол дауыс "Жаратушыға иман келтірдіңдер ме?" деп сұрады. Біз өзіміздің бар болмысымызбен иман келтірдік деп жауап бердік". Содан соң кез келген қатеден пәк имам үлкенді-кішілі күнәларға батқан адамдардай көзінен жас парлап: "Раббымыз! Енді күнәларымызды жарылқап, жамандықтарымызды жасыр. Және жақсылармен бірге өлім бер!» ("Әли Имран" сүресі, 193-аят)",-деген.

Мына өткінші пәни жалғанда күнәларымызды жасырып, абыройымыздың сақталуын қатты қажет етеміз.  Біздің амал-әрекеттеріміздің құпиясы ашылып, біздің болмысымыз басқаларға жария болатынына қатты алаңдаймыз.  Бірақ ертең, қиямет күні барлық құпиялар ашылатын кезде осы жасырушы пердеге бәрінен бұрын мұқтаж боламыз. Сол себепті имам Әли (ғ.) күнәларды жасырын сақтайтын мейірбан Құдайдан: "Раббымыз! Бізге елшілеріңе уәде еткендеріңді бер. Сондай-ақ бізді қиямет күні қорлама. Күдіксіз Сен уәдеден айнымайсың» (деп тілейді) ("Әли Имран" сүресі, 194-аят). (Дереккөзі: Бохар, 9-том, 589-бет).

Тегтер