Рамазан – қасиетті ай 6
https://parstoday.ir/kz/radio/uncategorised-i42081-Рамазан_қасиетті_ай_6
Рамазан айы - ислам әлемінің түпкір-түпкіріндегі мұсылмандардың бірлігі мен біртұтасығының көрінісі. Дүниежүзінің көптеген елдеріндегі ұлттары әртүрлі мұсылмандар бұл қасиетті айды қунышпен әрі оны құрметтеп қарсы алады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 11, 2019 15:45 Asia/Almaty
  • Рамазан – қасиетті ай 6

Рамазан айы - ислам әлемінің түпкір-түпкіріндегі мұсылмандардың бірлігі мен біртұтасығының көрінісі. Дүниежүзінің көптеген елдеріндегі ұлттары әртүрлі мұсылмандар бұл қасиетті айды қунышпен әрі оны құрметтеп қарсы алады.

Рамазан айы - жүректерді жақындататын және мұсылман халықтарды біріктіретін ай. Әр мұсылман өзін біртұтас қоғамның мүшесі деп біліп, әлемнің ең алыс жерінде мыңдаған километр қашықтықта ораза тұтатын мұсылманға өзін жақын сезінеді. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі мұсылмандар қасиетті рамазан айындағы оразаны бірдей тұтып, ораза олар үшін ортақ діни міндет болғанымен, әр елдің мәдениеті мен әдет-ғұрыптарының рамазан айының әртүрлі рәсімдеріне әсерін тигізгенін көруге болады.

Қасиетті рамазан айы ерекше көңіл-күйге ие болатын елдердің бірі – Пәкістан елі. Пәкістандық мұсылмандар бұл елдің халқының 90 пайызын құрайды. Сондықтан рамазан бұл елде халықтың жаппай қатысуымен өтеді. Пәкістандықтар исламдық елдердің басқа мұсылмандары сынды қасиетті рамазан айы басталмастан бұрын бұл айды ең жақсы түрде өткізуге дайындалады. Олар мешіттер мен хосейниелерді тазалап, безендіреді. Бұл елде жаңа айдың туғаны туралы бақылау жүргізетін штаб қасиетті рамазан айының басталуын хабарлауға міндетті. Рамазан айының келуі жариялансымен Пәкістан халқы мазхабы, ұлты және тайпаларының өзгешелігіне қарамастан жүректерін Құранға жақындап, бұл қасиетті кітаптан нәпсіні тазарту, күнәләрді кешіру, бұл дүниеде өзін тәрбиелеу сынды мәселелердің жауаптарын іздейді. Осыған орай рамазан айы пәкістандықтардың арасында «Құранның көктемі» айы ретінде танымал.

Исламда ауызашар беру өте маңызды саналады.   Ораза кезінде мешіттерде ауызашар беру пәкістандақтардың рәсімдерінің бірі, сондықтан олар көшелерде дастархан жайып, әр адамнан өз мүмкіндігіне қарай ораза тұтушыларға ауызашар беруге қатысуды сұрайды.

Рамазан айында "золбиа" сынды тәтті тағамдар мен  арнайы тамақтар пісіру Пәкістанда кеңінен таралған жәйт. Бұл елдің базарларының көбінде "золбианың"  әртүрлісін, әсіресе "каладже пахни" деп аталатын түрін сатып алуға болады. Отбасылардың ауызашар дастархандарында пәкістандық "пакуро" деп аталатын дәм жиі ұсыналады.

Қасиетті рамазан айының соңғы және Ораза айт күндері Пәкістан халқы үшін жылдың ең жақсы күндері саналады. Өйткені Ораза айт пәкістандық мұсылмандардың негізгі мейрамдарының бірі. Бұл күндері барлық жерде мейрамның ерекше көңіл-үйі байқалып, әйелдер мен қыздар қолдарын қынамен салынған әртүрлі суреттермен әдемілейді. Пәкістандық мұсылмандар бұл күнді мешіттерде Ораза айт намаздарын оқумен бастайды. Содан соң отбасыларының үлкендерінің үйлеріне барады, сондай-ақ балаларға сыйлықтар береді.

                  ****************

Келесі көптеген мұсылман өмір сүретін мемлекет – Үндістан. Үндістанда түрлі ұлттар мен әртүрлі діндер өкілдері өмір сүреді. Бұл елдің жамағатының көпшілігін үнділіктер құрайды. Мұсылмандар Үндістан жамағатының 15 пайызы құрап, олардың саны шамамен 175 миллионға теңеледі. Үндістанда жамағаттың көптігі мен діни түрлілігіне қарамастан халықтың арасында бірлікті байқауға болады. Рамазан айында рухы мен жаның тазарту үшін мұсылман еместердің көбі де ораза тұтады. Мұсылмандармен біргі ораза тұтатын басқа діндер ізбасарлары  рамазан айын  барлық діндердің ешбір қиындықсыз бір-бірімен келісімге келе алатынын айы ретінде көрсетеді.

Үнділіктер шағбан айының соңынан мұстахаб оразаларды тұтып, рамазан айын қарсы алуға дайындалады. Олар мешіттер мен көшелерді безендіруді бастайды, мешіттер мен мұнараларды шаң-тозаңнан тазартып, гүлдермен әдемілейді. Құран сабақтары өтетін сыныптар ерекше көңіл-күйге бөленеді.

Үндістанның мешіттері рамазан айында тек ғибадат жасайтын жер ғана емес, мұсылмандар жиналып, діни зерттеулер жүргізетін орталыққа айналады. Бұл айда мешіттерде уағыздар айтылып, исламдық ғылымдар сабағы жүргізіледі. Үнді әйелдер бұл айда белсенділік танытып, ораза тұту және ғибадат етулерімен бірге үй жұмыстарын да ұмытпай, сәресі мен ауызашар дайындайды. Үндістанда да сәресі үшін кичди, қиима және парата деген дәстүрлі тамақтар желінеді. Сондай-ақ олар  чана дахл, Пакора, дахи веда, ферени мен халим деген тамақтармен ауыздарын ашады.

Бұл елдің мұсылмандары да қасиетті рамазан айының соңында жаңа айдың туғаның көрсімен ұлы Ораза айтқа дайындалады. Үнді мұсылмандар бұл күні мешіттер мен өздері өмір сүретін жерлерді әдемілеп, ақ киімдерін киіп, Ораза айт намазына қатысу үшін мешіттер мен жамағат намазын оқитын көшелерге асығады. Үнді үкіметі Ораза айт күнінің демалыс қылып жариялады. Кейбір қалалар мен ауылдарда бұл мейрам бірнеше күнге жалғасады.

                ******************

Ауғанстан – халқының 99 пайызын мұсылмандар құрайтын мемлекет. Бұл елдің халқы  әлемнің басқа мұсылмандары сынды қасиетті рамазан айын құрметтеп, ораза тұтып, мейірімді Алланың ризалығы үшін ғибадаттарын орындайды. Ауғанстан халқы қасиетті рамазан айы келген кезде ежелден келе жатқан рәсімін орындап, басқаларды қасиетті айдың басталуымен хабардар ету үшін от жағады. Қасиетті рамазан айының бірінші күні Ауғанстанда рәсми демалыс жарияланды және жұмыс уақыты үш сағатқа қысқартылды. 

Ауған халқы бұл айда мұқтаждар мен кедейлерге көп көмектеседі және бұл іс үшін бір-бірінен алда болуға талпынады. Сондай-ақ ауызашар беру ауғандықтардың арасында кеңінен таралған сүннет. Ауғанстан халқының дастарханы түрлі-түсті. Бұл елде де рамазан айында әртүрлі тәтті тағамдар, олардың ішінде құрма мен "золбиа" дастарханның үстінді көп көрінеді. Телеарналар көрермендеріне  бұл қасиетті айға арналған әртүрлі бағдарламаларды ұсынады.  

Ауғанстанның жергілікті халқының рәсімдерінің бірі Ораза айттың алдындағы түнде өлгендерді еске алу рәсімі саналады. Бұл кеште өлгендер үшін кешірім сұрап, әйелдер халва, саману мен нанды таратады. Рамазан айының соңғы күндерінде отбасылар базарларға барады. Ораза айт ауғандардың негізгі мейрамдарының бірі болып, олар мешіттерде жиналып, Ораза айт намазын жамағатпен орындайды. Олардың ойынша, бұл намаз оразаларын кемел етеді".

               ********************

Шамамен 160 миллион жамағаты бар Бангладештің  90 пайызын мұсылмандар құрап, олар рамазан айын ерекше көңіл-күймен өткізеді. Бангадеште 250 мыңнан артық мешіт бар. Олардың барлығында қасиетті рамазан бойы Құран оқу, Құран тәпсірі, дұға, діни уағыздар өткізіледі. Мешіттердің бұл айдағы келесі жұмыстары кішкентай балаларға Құран үйрету және исламдық үмбеттің арасында бірлік орнату мақсатты жиналыстар өткізу болып табылады.

Рамазан айында Бангладештің астанасы Дакка ерекше тартымды болады. Ауызашар кезінде дәстүрлі базарлар халыққа толады. Халықтың көпшілігі ауызашарларын осы базарлардан сатып алады. Бангладеш халқы рамазан айында күріш, манго және бананнан арнайы тәтті тағамдар дайындайды.

Мұсылмандардың арасында таралған ең әдемі рәсімдердің бірі мұқтаж адамдарға ауызашар беру. Бұл рәсім Бангладеште де кеңінен таралған, әсіресе бұл елдің мешіттері ауызашарды көп береді. Қасиетті рамазан бойы мешіттерде ауызашар дастархандары жайылады.

Бангладеш халқы Ораза айт күндері отбасылары, жақындары және достарын шақырып, арнайы тамақтары мен тәттілерін пісіреді. Олардың бірі сүт және бадамнан дайындалатын десерт. Бұл десертті үнділіктер мен пәкістандықтар да дайындайды.