Рамазан – қасиетті ай 18
Қасиетті рамазан айының берекеге толы күндері мен түндері бірінен соң бірі өтіп, рамазанның ортасынан асып, Қадір түндеріне жақындадық.
Бұл айдың түндері адамдардың жүректерінде илаһи рақымға деген үміттерін оятты. Рамазан айының 19-шы түні - бірінші Қадір түні. Сондықтан бүкіл жыл бойындағы түндердің амалдары бұл түндегі амалдарға жетпейді. Исламдық рауаяттарда Қадір түні рамазан айының 19, 21, 23 және 27-ші түндері деп айтылды. Бұл түндердің бірінде Жаратушы мен жаратылыстар арасында қатынас орнатылып, кеңістік пәк әрі иман келтірген адамдардың Алламен сырласып отырған дауыстарына толады. Расында бұл түндер ойланып, амалдарымызды қайта қарастыруымыз үшін жақсы мұрсат. Бұл түндер батылдық, тақуалық, әділет пен жомарттықтық үлгісі саналатын теңдессіз тұлға хазірет Әлидің (ғ.с.) шәһид болған күндерімен орайлас келеді. Хазірет Әли (ғ.с.) - иман келтірген адамдардың кемел үлгісі.
Хазірет ауызашар кезінде қызы Умма Күлсүмнің қонағы болды. Ауызашарда үш тілім нан жеп, ғибадат жасауға кірісті. Хазірет Әли (ғ.с.) түннің басынан таңға дейін мазасызданды. Кейбір кезде аспан мен жұлдыздарға қарады, таңсәрі жақындаған сайы, мазасыздығы артты. Хазірет: «Мен де өтірік айтапаймын және маған бұл хабарды жеткізген адам да өтірік айтпайды. Менің шәһид болуым туралы уәде етілген түн – бүгінгі түн»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.) таңғы намазын оқу үшін, мешітке қарай бет алды. Ауладағы үйректер хазіреттің артынан еріп, киімінен тартты. Адамдар оларды хазіреттен алыстатпақ болды. Бірақ имам Әли (ғ.с.): «Тиіспеңдер, олар осы кезде дыбыстарың шығарып келеді, бірақ көп ұзамай қайғыға батады»,- деді. Умма Күлсүм әкесінің сөздеріне алаңдап: «Мешітке Джуде барып, халықпен намаз оқысың деп бұйырыңыз»,- деді. Имам: «Илаһи тағдырдан қашып кете алмайсын»,- деп, белбеуін мықтап байлап, мешітке аттанды. Хазірет Әли (ғ.с.) мешітке еніп, намазын бастады. Сәжде жасаған кезде, Ибн Молджам мұрсатты пайдаланып, михрабқа жақын тірекке жақындады. Хазірет басын бірінші сәждесінен көтерді. Ибн Молджам екі сәжденің арасында қылышпен хазіреттің басын жарды. Хазірет ибнМолджамның соққысына төзіп: «Алланың атымен және Оның көмегімен Алла елшісінің дініндемін. Қағбаның Алласымен ант етемін, жеңілдедім», - деді.
Дәл сол сәтте жер сілкініп: «Алламен ант етемін, жетекшілік негізі құлдырады, жұлдыздар мен аспан түнерді, шындықтың жібі әлсіреп, Мұстафаның көкесінің ұлы, Алланың таапынан сайланған Пайғамбардың орынбасары Әли Мұртаза шәһид болды»,- деген дауыс естілді.
Намаз – хазірет Әлидің (ғ.с.) Алламен ең әдемі қатынасы болды. Намаз оқыған кезде имам Алладан басқа еш нәрсе туралы ойламады. Басы жарылғаннан кейін де хазірет перзентіне: «Алланы, Алланы ұмытпаңдар, намаз оқыңдар. Өйткені намаз діннің тірегі»,- деді. Шейх Абузар Ширази өз кітбінда: «Зариат» сүресінің 17-18-ші аяттарында «Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді. Олар таң сәрілерде жарылқану тілеуші еді» деп айтылды. Бұл аяттар Әли (ғ.с.) туралы. Өйткені ол түнінің үштен бір бөлігін ұйықтайды және үштен екі бөлігін ғибадат жасайды. Жүздеген мұсылман ғұламалармен айтылған хадис бойынша, хазірет Әли (ғ.с.): «Бір адам мұслыман болып, намазын оқуды бастағанша, мен Алла елшісімен жеті жыл намаз оқыдым»,- деп айтқан»,- деп жазды.
Хазірет Әли (ғ.с.) Куфе мешітінде оқыған соңғы намазында жеңілдегені туралы айтты. Негізінде имам Әли (ғ.с.) өзінің қысқа әрі терең сөйлеміен шәһид болуына риалығын білдірді. Куфе халқы оның жағдайы туралы алаңдаушылық білдірген кезде: «Алламен ант етемін, бұл күтпеген оқиға емес, мен шәһид болу туралы армандадым. Мен қараңғы түнде далада су іздеп жүріп, су құдығын немесе бұлақты тапқан адам сындымын, мен іздегенін тапқан адам сияқтымын»,- деді.
Бұл түндерде дұғалар өзгеше болады. Адамзат Алланың мейірімі мен нығметтерін қажет етеді. Мүмін әрі нығметтерідің қадірін түсінетін адам Жаратушысының мейіріміне рақметін айтып, өз сырларымен бөліседі. «Бақаре» сүресінің 186-шы аятында: «(Мұхаммад с.ғ.с.) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: «Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін. Ендеше олар да әмірімді қабыл етсін. Және Маған сенсін. Әрине тура жол тапқан болар еді»»,- деп айтылды.
Дұға – Алланың алдында құлшылық ету мен адамның ғибадат ету рухын нығайтуының көрінісі. Бұл – илаһи пайғамбарлардың адамның болмысында құлшылық ету рухын тәрбиелеу міндеттерінің нәтижесі. Кейбір адамдар тек діни жетекшілер ғана дұға мен ғибадаттың маңыздылығы туралы кеңес беріп, жақтастарын табанды болуға шақырады деп ойлайды. Мұндай көзқарас пен шындықтың арасы қашық, өйткені жамағатпен оқыған дұға барлық шекаралар мен уақыттың шектеулерінен өтіп, Алламен сырласуға мүмкіндік тудырады. Сырласу – адамның ішкі қажеттілігі. Осыған орай аспандардан өтіп, дұға арқылы Жаратушымен қарым-қатынас орнатып, жанымыз бен тәнімізді дұғамен тазартып, болмысымызды хош иіс пен нұрға бөлейік.
Хазірет Әли (ғ.с.) «Наһдж ул-Балағеде»: «Шақырмастан бұрын, сенің дауысыңды естиді. Онымен сөйлескен кезде, сөздеріңді біледі, қажеттіліктерін туралы айтқан кезде, өзіңнің негізгі жүзінді көрсет, Онымен сырласқын келген кезде, барлық қиындықтарыңды айтып бер»,- деген болатын. Қадір түндерінде Алладан жүректерімізді ластықтардан тазартып, өміріміздің қараңғы түндеріне жарық түсіруді сұраймыз.