Сардашт қаласындағы химиялық шабуыл – адамзатқа қарсы қылмыс
(last modified Tue, 02 Jul 2019 15:23:08 GMT )
Шіл 02, 2019 21:23 Asia/Almaty
  • Сардашт қаласындағы химиялық шабуыл – адамзатқа қарсы қылмыс

Батыстың қылмыстары тізіміндегі АҚШ пен кейбір еуропалық үкіметтердің Саддам режимінің Иранға қарсы соғыс жылдарында Иракқа химиялық қару жіберуі мен химиялық қарулардың кеңінен пайдалануына үнсіз қалуы еш уақытта ұмытылмайды.

Хиджри-шамси күнтізбесінің 1366 жылының 8 тирінде Саддам режимі Иранның батысындағы Сардашт қаласының халқының үстіне  химиялық бомбаларды жаудырды. Бұл химиялық шабуылдың салдарынан 110 адам шәһид болып, 8000-нан астамы улы газдардан зардап шекті. Бұл апатқа АҚШ пен еуропалық мемлекеттер мен химиялық қару сату арқылы өздерінің лас мүдделеріне жету туралы ойлаған компаниялардың қатысы болды. Бұл адамзатқа қарсы қатерлі саудада Иранның Сардашт  немесе Ирактың Күрдістан аймағының Халабче қалаларының мыңдаған жазықсыз адамдарымен бірге, Батыс пен АҚШ тікелей немесе гибридтік соғыс бастаған жерлердің көптеген тұрғындары химиялық қарудың құрбандары болды.

Сардашттегі апат

Әрине бұл қылмыстың негізгі факторы Саддам болғанымен, химиялық қару шығарушылар   оны қаруландырып, бұл режимге саяси-әскери қолдау көрсетіп, көмектерін жібермегенде, Ирактың БААС режимінің химиялық қаруды пайдалану мұрсаты мен батылдығы болмайтын еді. Құжаттар мен деректер химиялық бомбаларға қажет заттарды қамтамасыз ету үшін 400 шетелдік команияның Ирактың БААС режимімен ынтымақтастық еткендерін көрсетеді. Бірақ халықаралық қоғамның тарапынан бұл әрекеттің алдын алуға ешбір әрекет жасалмады. Ирактың Иранға қарсы химиялық шабуылы Ислам республикасында 100000 астам адамның зардап шегуіне себеп болды. Саддам Хосейн 1984 жылдан бастап  зарин, табун, VX газдары мен иприт (қыша газын) пайдаланды. Ирак Армиясы бірінші рет химиялық қаруды 1980 жылы Хузистан облысының оңтүстігінде пайдаланды. Сол жылы Ирак химиялық қарудың бір түрі саналатын қыша газын төрт рет қолданды. Бұл қарулар адамның денесіне тигізетін әртүрлі әсерлеріне, атап айтқанда  жүйке жүйесіне,  терінің асқынуына және тыныс алуға әсер ететін үш топқа бөлінеді.

Химиялық қарудың құрбандары

Голландиядағы Теһран елшісі әрі Химиялық қаруға тыйым салатын ұйымындағы ИИР-ның тұрақты өкілі Әлиреза Джаһангири Иранды химиялық қарулардың негізгі құрбаны деп атап: «Иран тек химиялық қарудың құрбаны емес, әлемдік үнсіздіктің құрбаны. Біз әрқашан химиялық қарудын қолданылуын (кімнің және қай жерде пайдаланғанына қарамастан) айыптадық. БҰҰ: "Ирак өз қару-жарағын 150 германиялық, америкалық және британиялық компаниялардан сатып алды.  Ирак үкіметі 1975 жылдан бері қару-жарағын 24 америкалық, 12 британиялық және бірнеше швейцариялық, жапониялық, италиялық, франциялық, швециялық, бразилиялық және аргентиналық компаниялардан алды",- деп жазды. Америкалық компанияның  филиалы саналатын Бельгиядағы "Филипс" мұнай-химиялық компания 1983 жылдың маусымында голландиялық компаниялардың бірі арқылы Ирак басшыларына 500 тонна  ‌‌‌‌TDG мен қыша қазын тапсырды. Чалс Филипп Дэвид "Парсы шығанағындағы соғыс: жеңіс елесі" кітабында: "Германиялық компаниялардың бірі Самера кешенінде химиялық қару шығаратын алты конвейерді іске қосты: Олардың біріншісі 1983 және соңғысы 1986 жылы толық іске қосылды.  Бұл зауыдта қыша, зарин және табун газдарынан бастап, минометтер мен зымырандарға дейін шығарылатын. Бельгиялық компаниялардың бірі Иракта 4 жылдың ішінде 17 әуе базасы мен бірнеше әскери орталық құрды.

1990 жылдың 11 қыркүйегінде Американың АВС телеарнасы өз бағдарламасында Батыс үкіметтерінің, атап айтқанда Америка, Британия және Германияның химиялық қару шығаруға қажет заттар және технологияларымен қамтамасыз ету саласында Саддам режимінің негізгі қолдаушылары болғандарын мойындады.   

Ирак соғыс кезінде Иранға қарсы 300-ден артық химиялық шабуыл жасағанымен, Батыс мемлекеттері мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі еш уақытта бұл шабуылдарды айыптамады немесе Ирактың ісін Қауіпсіздік кеңеске тапсырмады. Швеция Австралия, Испания және Швейцария елдерінің химиялық қару жөніндегі төрт маманынан құрылған БҰҰ-ның бірін зерттеу тобы 1984 жылдың наурызында Иранның сұрауы және БҰҰ Бас хатшысының бұйрығымен Иранға аттанды. Бұл топ ирандық жауынгерлерге қарсы қыша газы мен табун газының қолданылғанын растады. Бірақ Қауіпсіздік кеңес Иракты химиялық қаруды пайдаланушы деп көрсетпей, мәлімдемесін шығарып, соғысқан тараптарды Женеваның №1925 протоколына табанды болуға шақырды.

Теһран Университетінің Халықаралық құқық ұстазы Аббасәли Кадходаи Батыстың екіжүзділігін сынап: "Бұл шабуылдарда әскерилерді нысанаға алудан бұрын химиялық бомбалар қарапайым, әскери емес халықтың үстіне жаудырылды. 8 жылға созылған соғыс кезінде Саддам 378 рет химиялық шабуыл жасап, Иранның Бане, Мариван, Сардашт, Пираншаһр, Сомар және басқа аймақтары, сондай-ақ Ирактың өзінің Халабче, Фао және басқа дерлері халықтары химиялық шабуылдардың құрбаны болды. Мәліметтер бойынша, бұл шабуылдардың салдарынан 50000 астам адам шәһид болды және жараланды.

Улы газдардың әсері

Иранды аралаған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің  бақылаушылары 1986 жылдың наурызындағы есебінде химиялық шабуылдың салдарынан құрбан болған ирандықтардың саны мен олардың жарақаттарының  тереңділігін "жан түршігерлік" деп сипаттады.

Улы газдардың әсері

Ирак 1988 жылдың наурызында күрдтер өмір сүретін Халабче аймағында химиялық қаруды пайдаланды. Халабчеге қарсы химиялық шабуылдың салдарынан шамамен 5000 адам зарин және қыша газдарынан уланып, қаза болды.

Халабчедегі химиялық шабуыл

АҚШ пен оның одақтастары Ирак режимінің химиялық шабуылына наразылық білдірмес түгіл, Вашингтон БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тигізе алатын әсерін пайдаланып, бақылаушылардың тапсырған құжаттарына қарамастан Ирак айыпталмайтындай әрекеттенді.

 

 

Тегтер