Революцияның екінші қадамы 13
(last modified Mon, 22 Jul 2019 13:25:55 GMT )
Шіл 22, 2019 19:25 Asia/Almaty
  • Революцияның екінші қадамы 13

Әрине үкіметтер халықты діндар немесе дінсіз болуға мәжбүрлей алмайды. Үкіметтер халықты белгілі бір мәдениет пен наным-сенімге бағыттау үшін жағдай жасайды.

Аятолла Хаменеи Иран Ислам революциясының қырық жылдығында жасаған «Революцияның екінші қадамы» деп аталған мәлімдемесінде қоғамда руханиятты кеңейту қажеттілігін қуаттады. Бұл революция Исламның атымен және қасиетті діннің жоғары құндылықтарын тарату ұранымен орын алды. Сондықтан жеңісінен кейін ахлақ пен руханият деген адамның жоғары қадір-қасиеттеріне ерекше назар аудартты. Рухани және рухылық наным сенімдер материалдық құндылықтардан және адамның материалдық өмірінің өтпелі қуаныштарынан көп жоғары шынайы қуаныш пен  тыныштықты тәжірибе етуге көмектеседі. Ахлақ – рухани қадір-қасиеттердің маңызды бөлімі. Ислам революциясының жетекшісі руханият пен ахлақ туралы: «Руханият, яғни ықылас, жанкештілік, иман сынды қадір-қасиеттерді жеке адам мен қоғамда қалыпастыру. Ықылас жақсылық тілеу, кешіру, мұқтажға көмектесу, шындық айту, ержүректілік, қарапайымдылық, өзіне сенімді болу сынды ерекшеліктерді қалыптастыруды білдіреді»,- деді. Қасиетті діндер, әсіресе Ислам діні әрқашан руханият пен ахлаққа қарай жігерлендіреді. Осыған орай шынайы мұсылман руханият пен ахлағын дамыту жолында қадам басады. Сондықтан Ислам республикасы рухани тұрғысын дамытуға жағдай жасауға міндетті.

Руханият пен ахлақ адамның өміріне рухы мен жаның беріп, адамды материалдық әлемнің қиындықтары  мен өнегесіздіктерден қорғайды. Өзін Жаратушыға жақын көріп, басқа әлемді өзінің мәңгі өмір сүретін жері деп білетін адам бұл дүниеде жақсылық жасап, мәңгі жәннәтқа жету үшін Алланың ризалғына ие болуға талпынады. Ислам революциясы жетекшісі: «Руханият пен ахлақ жеке адам мен қоғамның жұмыстарына бағыт көрсетуші. Материалдық тапшылықтар қарамастан руханият пен ахлақ өмір сүретін кеңістікті жәннәт етеді. Ал ахлақ пен руханият болмаса, материалдық қажеттіліктердің қамтылуына қарамастан өмір тозаққа айналады. Қоғамда рухани тәрбие мен ұждан нығайған сайын, береке  артады»,- деді. Иран Ислам революциясы Батыс жылдамдықпен рухани тәрбие, дін және ахлақтан алыстаған жағдайда орын алып, аталмыш қадір-қасиеттер туын көтерді. Бүкіл нәрсеге материалдық тұрғыдан қарау, дүниелік сән-салтанаттарға құмар болу, тұтынушылық, некесіз жыныстық қарым-қатынастар, отбасы орталығының құлдырауы, есірткі мен арақ-шарапқа құмарлық, қатыгездік пен қылмыстар, зорлық-зомбылық көрген халықтардың  байлықтарын талан-таражға салу, соғыс пен қырып-жою – мұның барлығы Батыстағы рухани тәрбие мен өнегенің құлдырауының нәтижесі. Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамында руханияттың кеңеюін халықтың үлкен қозғалысының  жетістіктерінің бірі деп тауып: «Ислам революциясы қоғамдағы руханият пен ахлақтың артуына себеп болды. Революцияға дейін Пехлеви режимі бұзақылықты арттырып, дін, руханият және ахлақты оқшаулау үшін әр жолды пайдаланды. Бұл тақырып революция мен оның басшысы имам Хомейнидің халықтың рухани өзгерісіндегі рөлін көрсетеді. Пехлеви кезіндегі бұзақылық пен тұрақсыздықтың көбеюі халықтың иманына үлкен соққы беріп, Батыстың ластықтарын халықтың, әсіресе жастардың арасына енгізді. Бірақ Ислам республикасындағы діни және ахлақи ұстаным жастардың таза жүректерін өзіне қарай тартып, қоғам дін мен ахлаққа қарай бұрылды»,- деп жазды. Аятолла Хаменеи Ислам республикасының іргетасын қаалушысы имам Хомейнидің рөлі туралы: «Бұл қасиетті құбылыс (руханият пен ахлақтың кеңеюі) имам Хомейнидің күресі кезінде және революцияның жеңісінен кейін басқа нәрселерден көбірек таратылды. Сөйтіп, діни, мистик адам халқының иманы тамырын жайған елдің билігінің басына келді»,- деді.

Имам Хомейни

Әрине үкіметтер халықты діндар немесе дінсіз болуға мәжбүрлей алмайды. Үкіметтер халықты белгілі бір мәдениет пен наным-сенімге бағыттау үшін жағдай жасайды. Батыста халық жалқаулық, ләззат пен материалдық өмірге қарай бағытталады. ИИР халықты адамгершілік, діни тағылымдар, руханият пен ахлаққа қарай тәрбиелеу міндетке ие. «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінен: «Әрине ахлақ пен руханият  бұйрықпен тәрбиеленбейді.  Сондықтан үкіметтер ахлақ пен руханиятқа сай әрекеттерімен оларды қоғамда таратып, қоғамдық органдарға бұл салада көмектесе алады.  сондай-ақ руханият пен ахлаққа қарсы орталармен ақылды жолдармен қарсыласып, халықты зорлық-зомбылық, алдап-арбау және тозақтан алыстата алады»,- деп оқимыз. Өткен қырық жылдағы ИИР-ның діни мәдениет пен ахлақты тереңдету талпыныстары Иранның қоғамына көптеген әсерін тигізді. Мешіт исламдық және құран мәдениетін тарататын негізгі жер ретінде жан-жақты дамыды. Имам Хомейни мешіттің маңыздылығы туралы: «Мешіттер - қамалдар, сондықтан оларды қорғаңдар»,- деген болатын.

Мешіттегі итикаф рәсімі

Революциядан кейін мешіттер саны үш есе артып, бұл жерде жамағат намаздар, әртүрлі жиындар мен аза тұту рәсімдер өтетін болды. Кезінде мешіттің ең маңызды жұмыстарының бірі жастарды тәрбиелеу және жастарды Саддам армиясына қарсы жіберу болды.  Ислам революциясының рухани тұрғысы мүмін, революцияшыл, жанкеш және ержүрек жастарға әсерін тигізіп, олар соғыс арасындағы демалыстарында намаз оқу, Құран мен дұға оқу, түндерінояу өткізумен айналысатын. Алламен сырласы тек бір Өзіне сүйеніп, көмек сұрайды. Иран халқы көптеген көмегін жіберіп, жауынгерлер балаларымен бір екенімізді көрсетті».

Иранның мүмін жастары соғыс майдандарында

Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Жастардың қасиетті қорғаныс кезіндегіндеі ауыр кезеңдердегі күрестері бауырластық және жанкештілікпен бірге болып, Исламның басындағы оқиғаларды жаңғыртып, барша үшін ұсынды. Ата-аналар мен әйелдері діни міндеттерін орындап, жиһадтың әртүрлі майдандарына атанған жақындарын шынайы қолдау көрсетті»,- деді.

 

Тегтер