Революцияның екінші қадамы 15
(last modified Fri, 26 Jul 2019 12:44:55 GMT )
Шіл 26, 2019 18:44 Asia/Almaty
  • Революцияның екінші қадамы 15

Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Шамамен 20 жыл бұрын Иранда ғылыми даму басталып, әлемдік бақылаушыларды таңғалдырған әлемдегі ғылымның орташа дамуынан 11 есе артқан жылдамдықпен ілгеріледі»,- деді.

Бүгінгі әлемде ғылым мен технологияның елдің дамуына тигізетін әсерін теріске шығаруға болмайды. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи  «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Білім – бір елдің ғиззаты мен құдыретінің маңызды құралы»,- деген. Пехлеви режимі күш-қуат пен беделді әскери құдырет пен алпауыт үкіметтерге тәуелділікті арттыру арқылы нығайтқысы келді. Сондықтан ғылым мен технологияны алпауыт үкіметтер рұқсат еткен шектеулі мөлшерде пайдаланды.  «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінен: «Иран революцияға дейін ғылым мен технологияны мүлдем  өндірмеді. Өндірісте тек монтажбен және ғылым саласында аудармамен ғана айналысты»,- деп оқимыз. Осыған орай Ислам революциясы жеңіске жеткен соң басшылар ғылыми артта қалушылықтын орның толтыру туралы ойланды. Бірақ өкінішке орай экономикалық санкциялар мен Ирактың диктаторы Саддамның Иранға қарсы соғысы мен дұшпандардың басқа қастықтары ел ғалымдарының ғылым мен технология саласындағы жұмыстарына кедергі болды. Алайда соғыс аяқталған соң, әсіресе өткен 20 жылда Ислам революциясы жетекшісінің саясаттары ғылым мен технологияның  жылдамдықпен дамуына және көптеген жетістіктеріне себеп болды, Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде бұл саласында: «Құдайға шүкір біздің халқымыздың ғылым мен зерттеу әлеуеті әлемдегі орта көрсеткіштен жоғары. Шамамен 20 жыл бұрын Иранда  ғылыми даму басталып, әлемдік бақылаушыларды таңғалдырған  әлемдегі ғылымның орташа дамуынан 11 есе артқан жылдамдықпен ілгеріледі. Бұл кезеңдегі  ғылыми-технологиялық жетістіктеріміз бізді әлемнің 200-ден астам мемлекетінің арасында 16-шы орынға жеткізіп, әлемдік бақылаушыларды таңырқатты. Кейбір салаларда бірінші орындарға да иелендік. Сондай-ақ барлық жетістіктер қаржы және ғылыми санкцияларға қарамастан орын алды»,- деп жазды.

Бұл үлкен жетістіктер ирандық мамандардың Аллаға сүйенуі және өздеріне сенім артуларының арқасында мүмкін болды. Осы кезде революцияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда Иранда  мектептер саны екі есе артып, шамамен 14 миллион оқушыға  білім алу жағдай жасалды. Өткен 30 жылда ирандық оқушылар халықаралық ғылыми олимпиадаларда әртүрлі салаларда шамамен 700 медальге иеленді және Иран бұл әлемдік маңызды сайыстардың үздік 10 елінің қатарында орналасты. Басқа жақтан елдің жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері артып, Иранның 2570 университетінде әртүрлі мамандық бойынша 3 800 000 студент оқиды. Салыстыратын болсақ, Пехлеви үкіметінің соңғы жылдарында тек 170000 студент оқитын.  Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде студенттер санының артуына тоқталып, нано технология, діңгекті жасушалар, ядролық отын өндірісі, медицина мен биотехнология салаларындағы жетістіктерді атап, Иранның кейбір салаларда үздік елдер қатарына қосылғаны туралы қуаттады.

Студенттердің аятолла Хаменеимен кездесуі

Медицина саласында Ислам революциясынан кейін маңызды қадамдар жасалды. Иран ғылым өндіру тұрғысынан аймақта бірінші және әлемде он жетінші орында орналасты. Осы кезде Иранда 117000 дәрігер жұмыс жасап, 200000-нан астам студент медицина саласында білім алуда. Иран өзін қажет дәрінің 97 пайызымен қамтып,олардың шамамен 30 түрін басқа елдерге экспорттайды. Иран жаңа ғылым, атап айтқанда діңгекті жасушаларды емге пайдалану саласында да көңіл бөлетіндей жетістіктерге жетті. Бұл жасушалар адамның басқа  ағзасына айналып, оны емдей алады. ИИР діңгекті жасушалар саласында үздік елдердің бірі саналады. Ирандық дәрігерлер мен мамандар бұл технологияны пайдаланып, ми, сүйек, шынайнаны ауыстырып салу,  және тері, көз және сүйек зақымдарын қалпына келтірумен айналысады. Иран жаңа әрі маңызды генетика ғылымы саласында да аймақтың үздік елі саналады. Бұл ғылымды пайдаланып, өсімдіктер мен жануарлардың тиімділігі мен төзімділігін жақсартуға болады. Бұл ғылым сондай-ақ науқастарды емдеуге көмектеседі.

Иранның медицина саласындағы жетістіктері

Осы кезде нано технология әртүрлі салаларға көптеген өзгерістер енгізіп,  жылдамдықпен ілгерілеуде. Бұл технология заттардың ұсақ бөлшегіне өзгеріс енгізіп, тиімділігі мен төзімділігі  жоғары жаңа өнім шығаруға болады.  ИИР бұл салада дамып, нано технология саласында әлем елдері арасында төртінші орында орналасты. Иран бұл технологияның өзі шығарған өнімдерін дүниежүзінің 47 елдіне экспорттайды.

Әуе-ғарыш – жаңа технологиялардың бірі. Иран бұл салада да дамыды. Бұл технологияның арқасында замануи, алыс қашықтық зымырандар, әртүрлі салаларда жұмыс жасайтын жерсеріктерін жасап шығарды. Иран 2009 жылы «Үміт» жерсерігін сәтті ұышырып, баршаны таңғалдырып, ғылыми-технологиялық әлеуеті жоғары елдердің қатарына енген Батыс Азия аймағының жалғыз мемлекеті.  Содан  бірнеше жерсерігін, олардың ішінде маймылды ұшырып, ол аман-есен оралды. Осы кезде басқа бірнеше жерсерікті  ұшыруда.

Иранның зымыраны ғарышқа жерсергін ұшыруға дайын

Ядролық отынның толық циклы – аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде революцияның ғылыми-технологиялық мұрасы деп атаған маңызды жетістіктердің бірі. Ядролық ғылым саласындағы мамандарды таңғалдырған бұл үлкен жетістік 2006 жылғы ирандық ғалымдардың табыстарының бірі болды. Нәтижесінде Иран әлемге ядролық отын шығару технологиясына ие ел ретінде таныстырылды. Осы күні ядролық технология атом стансалар  отыны мен радиодәрілер   шығару, жерасты сулары мен мұнай көздерін барлау жұмыстары, қоршаған ортаның ластығын зерттеу, ауа-райын анықтау және басқа да бейбіт мақсатты жұмыстар үшін қолданылады.   Ядролық энергияны жаппай қырып-жоятын қару шығару үшін пайдаланатын Батыс үкіметтері Иранның бейбіт мақсатты ядролық саладағы жұмыстарын қатерлі көрсетіп, бұл жұмыстарды толық тоқтатуға талпынуда. Бірақ Иранның ядролық жұмыстары Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бақылауымен алға ілгерілеуде. Ислам революциясы жетекшісі  өз пәтуасымен жаппай қырып-жоятын қару шығаруды харам деп жариялады. Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Біз Батыс сынды білімді бұрыс жолда пайдалануды насихаттамаймыз. Бірақ елдің білімнің бұлағын пайдалануын қуаттаймыз»,- деді.  

Иранның бейбіт мақсаттағы жұмыстары

Ғылыми жетістіктерге қарамастан аятолла Хаменеи ғалымдар мен мамандарды зерттеу жұмыстармен айналысуға және басшыларды оларды қолдауға жігерлендіруде. Аятолла Хаменеи өзінің аталмыш мәлімдемесінде революцияға дейінгі елдің артта қалуының орның толтыру үшін қазіргі ғылыми  дамуды жалғастыру қажеттілігін қуаттады. Қорыта айтқанда аятолла Хаменеи елдің ғылыми-технологиялық жағдайы мен келешегі туралы «Революцияның екнші қадамы» мәлімдемесінде: «Біз ғылыми даму жолды бастадық. Біз әлемнің ғылыми дамуынан көп арттамыз. Ғылыми биіктіктерге жетуіміз керек. Сондықтан ең маңызды ғылыми салалардағы қазіргі шекаралардан өтуіміз қажет»,- деді.

 

Тегтер