Қажылық 1: Хазірет Ибрахимның қажылығы
Қажылық кезінде Жаратушыға ғашық адамдар салтанатты жиының өткізу үшін уаһи жеріне қарай ағылады.
Қажылық уақыты келген кезде адамдар жылдар бойы армандап, асыға күткен сапарына аттанады. Қажылық кезінде Жаратушыға ғашық адамдар салтанатты жиынының өткізу үшін уаһи жеріне қарай ағылады. Қажылықты намаз бен ораза сынды тәрбие бағдарламалармен салыстыратын болсақ, оның уақыты мен жері белгілі. Басқаша айтқанда, қалаған әр күнде, әр айда және әр жерде қажылық рәсімдерді орындап, қажы атануға болмайды. Қажылық бағдарламасында тарих пен географияның бір-бірімен байланысты екенін көреміз. Қажылық ораза сынды бір ай емес, тек белгілі бірнеше күнде және белгіленген уақытта орындалуы керек. Қажылық намаз бен ораза сынды әр жерде емес, тек белгілі аймақта, қасиетті жерде, тауһидтің орталығы, тарихтың қауіпсіз кеңістігінде орындалады.
«Қажылық» лексикалық тұрғыдан «қасиетті жерге баруды ниет ету». Қажылық – зихадже айында Алланың үйі - Қағбаға зиярат ету және ірі исламдық конференция өткізу үшін Мекке қаласына сапар шегу. Алла Тағала бұл пенделік сапарды орындауға жағдай жасау үшін хазірет Ибрахимге Өз үйінің кеңістігін құлшылық етуге кедергі болатын әр нәрседен тазартуды бұйырды. Яғни Алланың үйіне келген кезде зияратшылар тек Жаратушы туралы ойлап, Қағбаның айналасына тәуәп етіп, зұлыматтан құтқарылып, Алланың қонағы болып, әлем Жаратушысымен кездесуге дайын болулары керек.
Хазірет Ибрахим перзенті хазірет Исмаилдың көмегімен Қағбаның іргетасын қалаған кезде: «Уа, Алла! Мен перзенттерімді намаз оқысын деп, шөл далада Өзіңнің кесенен саналатын үйдің іргесінде қалдырдым. Уа, Алла! Халықтың жүректерін оларға қарай бұрып, өз берекеннен оларға ырзықтарын бере гөр. Олар бір Өзіңе шүкіршілік білдіреді»,- деді. Рауаяттардың бірінде хазірет Ибрахим Қағбаны салып болған соң, оған: «Уа, Ибрахим, халықты бұл үйге зиярат жасауға шақыр»,- деген уаһи келді. Хазірет Ибрахим: «Уа, Жаратушы, бұл далада менің дауысым қайда жетеді?»- деп сұрады. Сол кезде: «Сенің міндетің жариялау, хабарды жеткізу Менің міндетім»,- деген дауыс естіді. Хазірет Ибрахим илаһи бұйырықпен тастың үстінде тұрып: «Уа, халайық, Алланың үйіне зиярат етуге жинал»,- деп айқайлады. Алла Тағала оның дауысын қиямет күніне дейін баршаның құлағына жеткізді. Халық «Ләббәйк» айтты. Содан соң қажылық өзінің рухани, адами және қоғамдық пайдасымен мұсылман адамдардың міндетіне айналды.
Ғасырлар бойы хазірет Ибрахимның дұғасы ең жақсы түрде орындалды. Өйткені үнемі көптеген зияратшылар махаббатқа толы жүректері және ықыласымен бұл жерге асығады. Қажылық әртүрлі оқиғалар, тағылымдар мен сезімдерге толы. Мекке мен Мединеге келген қажылар рухани кеңістікте ерекше көңіл-күйге бөленіп, Ислам тарихы мен Алла елшісінің көптеген жанкештілігімен танысады. Қажылықты хазірет Адам мен хазірет Ибрахим және Алланың соңғы елшісі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) пайғамбарларымен келісімді қайта жаңдандыру деп атауға болады. Хазірет Әли (ғ.с.) халықтың Алланың үйіне зиярат жасау жігерлері туралы: "Халық, бұлаққа қарай асығатын шөлдеген адамдар сынды, зияратқа ағылады. Олар пайғамбарлар тұрған жерлерде тоқтап, першетелер сынды тәуәп етіп, Қағбаны айналады. Олар ғибадат нарығында пайда көріп, кешірілетін жәйға қарай асығады. Жаратушы Қағбаны Исламның белгісі қылып қалыптастырып, Оған пана тұтушыларға қауіпсіз үй салып берді",- деген болатын. Хазірет Ибрахим пайғамбарлардың арасында ерекше орынға ие. Алла Тағала Құран Кәрімнің 25 сүресінде 69 рет бұл пайғамбардың есімін атап, қадір-қасиеттерін баяндап, мұсылмандардың үлгісі ретінде таныстырды. Хазірет Ибрахим халық имамы және мүміндердің үлгісі болғандықтан оның қажылықта орындаған әр амалы уәжіп немесе мұстахаб амал ретінде іске асырылып, қажылық хазірет Ибрахимның қажылығы деп аталатын болды. Сондықтан Алла Тағала хазірет Ибрахимның мақамы мәңгі қалу үшін: "Сол уақытта үйді (Қағбаны) адам баласы үшін орталық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық. Хазірет Ибрахимның орнынан намаз орны қылып алыңдар...",- деді ("Бақара" сүресі, 125-ші аят).
Хазірет Ибрахимның қажылығы Алла Тағала пенделеріне уәжіп еткен хазірет Ибрахимен ол туралы жариялауды сұраған, сондай-ақ Исламның ұлық пайғамбары өз заманында жаңғыртқан қажылықтың өзі. Негізінде қажылық Аллаға жақындау, шеркті теріске шығару үшін орындалады. Қажылық шерк пен зорлық-зомбылық көріінстерімен күресіп, Ислам мен мұсылмандардың күш-қуаты мен ғиззаты үшін талпынады. Қажылық тек рәсімдері мен сыр көзге көрінетін амалдарын орындау ғана емес. Амалдардың мағынасына да назар аудартады. Иран Ислам революциясының қазіргі таңдағы жетекшісі аятолла Хаменеи: «Хазірет Ибрахимның қажылығы - хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) қажылығы, бірлік пен тауһидке қарай ілгерілеу, берекенің бұлағы, өмірдің негізгі тірегі, біртұтас үмбеттің көтерілісі. Қажылық Алланы еске алу, мұсылман халықтардың үмбеттің бірлігін сезінуі»,- деген. Қажылық қарды мүмкідікке ие адамдар үшін уәжіп болады. Илаһи жүйеде қажылыққа қатысып, рәсімдерін іске асыра алатын, сондай-ақ қажылыққа барып-келі қаржысын қамтамасы ете алатын әр адам үшін бұл міндетін орындау уәжіп болып табылады.
Илаһи нығметке ие адам денсаулық, ойлану қабілет және ерекше экономикалық мүмкіндіктерге ие болады. Ол жауапкершілігін сезініп, нәпсісі мен ішкі болмысын тазартып, жеке және қоғамдық міндеттерін орындауға талпынуы керек. Қажылық басқалардың алдында өзін көрсету үшін жасалмауы қажет.
Кағба – Алланың мейманханасы, хазірет Ибрахим – шақыруының қайнар көзі. Қажылық – жаңғырығы Аллаға иман келтірген миллиондаған адамның құлағына естілетін дауыс. Бұл дауыс алыс және жақыннан, әр қала мен ауылдан жиналған қонақтарды Кағбаға қарай шақырады.