Шіл 27, 2019 23:32 Asia/Almaty
  • Қажылық 2: Қағба – адамзат жолының шырағы

Қағба өзінің теңдессіз тартымдылығымен адамдарды өзіне қарай шақырып, олар оны айналып, тәуәп жасайды. Қажылар ұяларына қарай асығатын кептерлер сынды. Олар шынайы жүректері және ерекше көңіл-күйлерімен Қағбаның Иесіне жақындауға асығады.

 

Бұл ең қасиетті үй - құрылықтың ортасы. Имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: «Хазірет Адам жұмақтан шыққан кезде, жалғыз қалып, алаңдап, түскен жерлері үшін Алланы мадақтады. Жаратушы ол үшін жәннәт шатырларының бірі жіберді. Жебрейіл бұл шатырды Қағба орналасатын мекенге құрды. Бұл қасиетті шатырдың негізгі тіректері қызыл лағылдан жасалды. Олардың төртіншісі таза алтыннан және жібтері (арқандары) күлгін түсті болды. Оның төрт бұрышында Сафа тауынан, Синай, Салам  және Абуқебистен әкелінген  төрт тас орнатылды»,- деді.

Алла Тағала «Хижр» сүресінің 21-ші аятында:  «Өйткені, біздің қасымызда әр нәрсенің қорлары бар. Бірақ белгілі мөлшерде ғана түсіреміз», сондай-ақ «Анғам» сүресінің 75-ші аятында:  «Осылайша хазірет Ибрахимға сенушілерден болуы үшін көктердің, жердің (ғажайып) мүліктерін көрсетттік»,- деді. Бұл және ұқсас аяттар дүние, аспан және жердің сыртқы көріністерімен бірге ішкі және негізгі болмыстарға ие деген шыңдықты көрсетеді. Сондықтан Хиджаз жеріндегі Қағба қасиетті періштелер тәуәп ететін Қағбаның көрінісі.

Қағба өз атауына сай төртбұрышты үй болды.  Қағбаның әр бұрышы әлемнің төрт жағына, яғни Шығыс, Батыс, Солтүстік және Оңтүстікке бағытталды және әр  бұрышына тірек деп айтылады және әрбіреуінің өз атауы бар. Шығыс тірегіне – "әл-Хаджар әл-Асвад", солтүстік тірегі – "Ирактық", батыс бұрышы немесе тірегі – "Шам" тірегі, оңтүстік тірегіне – "Йемендік" тірек деп айтылады. Йемендік тірек шамамен Йемен еліне бағытталып, әл-Хаджар әл-Асвад тірегінен бұрын орналасты. Перзенті Әли бен Абиталибты туардан бұрын Фатима бент Асадтың Қағбаның ішіне кіруі үшін бұл тіректің қасындағы қабырға ашылған болатын. Бұл маңызды оқиғадан ғасырлар өтіп, Қағба жөнделіп, қабырғаның ашылған жері күміспен толтырылып жабылғанымен, осы кезге дейін Қағбаның қабырғасының ашылған жерінің әсерін байқауға болады.

Қағбаның айналасында қасиетті әрі тарихи жерлер бар. Мәселен, «Ибрахимның жері» деп аталатын - хазірет Ибрахимның ғибадат жасауы үшін тұрған жері. Әр қажы тәуәп жасап, Қағбаны айналып жүріп болған соң, хазірет  Ибрахимның сүннетіне сай оның орнына тұрып, Қағбаға қарай намаз оқуы керек. Сондай-ақ Қағбаның қасында «Хижр Исмаил» деп аталған аласа жартылай дөңгелек қабырға орналасты. Бұл жер хазірет Исмаилдың үйі және Хаджар мен хазірет Исмаилдың, сондай-ақ кейбір пайғамбарлардың жерленген жері. Мешіттің бұрышының бірінде Хаджар мен хазірет Исмаил шөлдеген кезде, мұғжиза ретінде Меккенің аптап ыстығының астындағы құрғақ далада сарқыраған баршаға танымал Зәмзәм   бұлағын көруге болады. Мешіттің сыртында Сафа мен Маруа деген екі жота орналасты. Қажылар уәжіп амалдарының бірі ретінде бұл екі жотаның арасын жеті рет өтулері керек. Олар ихрам енген қажылар қарапайымдылығымен дұға жасап, Алланың ризалығына ие болуға дайындығын білдіреді. Қағбаның ең маңызды қадір-қасиеті – тауһид үйі болуы. Имам Садеқтың (ғ.с.) айтуынша, Қағба төртбұрышты болуына байланысты осылай аталған. Хазіреттен: "Неге төртбұрышты болды?"- деп сұраған кезде: "Өйткені Бәйтул Мағмур төртбұрышты",- деп жауап берді. (Бәйтул Мағмур - аспанның  жетінші қабатында періштелер құлшылық ететін жер.) "Бәйтул Мағмур неге төртбұрышты?" Имам: "Өйткені Арш  - төртбұрышты". "Арш неге төртбұрышты?" Имам: "Өйткені Ислам діні "Сұбханаллаһ" (Алла Тағала кемшіліктен пәк), "Әлхамдулиллаһ" (Алла  Тағалаға мақтау болсын), "Лә иллаһа илла Алла"  (Алладан басқа Құдай жоқ), "Аллаһу Акбар" (Аллах ұлы) деген төрт сөз",- деп жауап берді. Сондықтан намаз оқыған кезде немесе басқа істерімізді орындаған кезде Қағбаға бұрылуымыз тауһидке бет бұру болып табылады. Біз сырт көзге Қағбаға қарай бұрылған кезде, болмысымыз Бәйтул Мағмурге бұрылып, жүрегіміз Аршке жақындап, рухымыз илаһи есімдерді қайталайды.

Қағба, қажылық рәсім кезінде

Қағба исламдық ғибадаттар мен мұсылмандардың қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарады. Мұсылмандар тәулік бойы бес рет Қағбаға қарай намаз оқиды. Тәулік бойы белгілі уақытта миллиондаған адамның бір бағытта ғибадат жасауы олардың жүректерінің бір-бірлеріне жақындаудаларына себеп болады.  Алла Тағала мұсылмандардан аймақтың қай жерінде болсада Қағбаға назар аударуларын сұрайды. Періштелер Аршта Алланы мадақтайды, мұсылмандар әр сәтте, Қағбаға бағыттап, намаз оқиды.

Қағбаның тастарын басқа жерге апарып, басқа Қағба салу мүмкін емес. Сондықтан оны өзгертуге болмайды. Өйткені ол - мәңгі тұрақтылықтың белгісі. Оның орның өзгерту мүмкін емес. Хазірет Адамның кезінен бері Қағбаның орны өзгермеді. Абраха мен пілге мінген әскердің хиқаясы дәл осы мәселеге байланысты. Абраха Алланың үйін қирату уәдесін беріп, әскерімен Меккеге қарай жолға шығады. Мекке халқы Абраханың әскерін көрген кезде, оған қарсы тұратын күштерінің жоқ екенін түсініп, таулардың арасына тығылды. Тек Исламның ұлық пайғамбарының әкесі Абдәлмуталиб Алланы пана тұтып, Бани Хашим әулетінің бірнеше адамымен Меккеде қалды.  Ол Алладан: "Уа, Алла! Әр адам өз мүлкін қорғайды. Айбыныңның көрінісі  саналатын Өз үйіңді қорға",- деп сұрады. Келесі күннің таңында Алланың қалауымен аспанда құстар көрінді, олардың әр біреуінің тұмсығында және әр қанаттарында тас болды. Құстар тастарын Абраха әскерінің үстінде жаудырды. Абраха әскери құстардың шабуылынан зардап шегіп, қашты. Нәтижесінде, Алланың көмегімен Қағба аман қалды.

Қағба жер бетіндегі пәктіктің көрінісі. Хазірет Ибрахим және хазірет Исмаилмен салынған бұл үй шерк, пұтқа табынушылық және басқа ластықтардан таза.  "Қажылық" ("Хаж")  сүресінің  26-шы аятында:  "Сол уақытта хазірет Ибрахим Кағбаның орнына: “Маған ешбір нәрсені ортақ қоспа! Тауап етушілерге, тік тұрып, еңкейіп және бас қойып, құлшылық қылушыларға таза ұста” деп, орналастырған едік. Исламның ұлық пайғамбары Меккені жеңіп алған күні Қағбаны пұттардан тазартты. Сол күні Қағбаның ішінде шамаме 360 пұт бар еді.Германиялық зерттеуші Буркхардт пұттарды қирату философиясында: «Егер Қағба адамның жүрегі болса, оның ішіндегі пұттар жүректі басқан шаһуаттар мен қалаулар, олар Алланың жолындағы кедергілер. Сондықтан пұттарды қирату - Аллаға жақындау үшін жүректі ластықтардан тазарту немесе исламдық «Алладан басқа Құдай жоқ» деген ұранның шынайы мағнасынан хабардар ететін жол»,- деп жазды.  

 

Тегтер