Қажылық 3: Алланың қонақтары
Қажылар – құрмет пен мақтауға лайық Алланың қонақтары.
Аллаға жақындайтын жолдардың бірі – қажылық сапар. Аллаға ғибадатты әр жерде жасауға болғанымен, Жаратушы кейбір жерлер мен уақыттарды арнайы қонақтарын күтуге белгіледі. Мәселен, қажылық рәсімдерінің уақыты мен орны белгілі. Әл-Харам мешіті осы күндері қасиетті Мекке қаласына келіп, қажылық рәсімдерін іске асыруға кіріскен әртүрлі исламдық елдер, олардың ішінде Иранның зияратшыларын күтуде. Илаһи қауіпсіз жерге жиналып жатқан қонақтардың саны күн сайын артуда. Алланың қонағы деп атау қажылар үшін лайық. Олар Иесі мейірімді, күнәләрді кешіруші, жомарт, мәселені шешуші сынды қасиеттерге ие үйдің қонақтары. Алланың қонақтары уаһи жеріне жетті. Әртүрлі елдер мен қалалардан Жаратушыға ғашық ондаған мың азаматтар Онымен келісімін жаңғырту үшін Қағбаның қасында жиналды. Оларда ихрамның ақ матасынан басқа еш нәрселері жоқ. Олар илаһи мейірімді пайдаланып, тауһид туының астына тұрады.
Алла Тағала Құранда маңызды нығметтер туралы айтқан кезде, өз пайғамбарына оларды ұмытпауды насихаттайды. «Бақара» сүресінің 40-шы аятында Израил әулетінің нығметтеріне байланысты : «Әй, Израил ұрпақтары! Берген нығметімді еске алыңдар!» Сондай-ақ, Қағба туралы ұмытпауды ескертіп, «Бақара» сүресінің 125-ші аятында: «Сол уақытта үйді (Қағбаны) адам баласы үшін орталық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық...»,- деді.
Қажылық туралы зилхадже айы келместен бұрын қасиетті рамазан айында оқылатын дұғада оқуға болады. Алла Тағала қонақтарын қасиетті рамазан айынан («шаһр Алладан») бастап, зилхадже айының соңына дейін күтеді деген ой туады. Қасиетті рамазан айында оқылатын дұғада қажылыққа бару туралы тілек айтылады. «Уа, Алла, Өз үйіңе зиярат етіп, қажылық рәсімдерін іске асыруды – несібеміз ет». Қасиетті рамазан айында қонақиесі, яғни Жаратушы адал пенделеріне қажылыққа баруды сұрауды үйретеді. Содан соң қажылық кезінде оларға сұрағандарын сый етеді.
Қонақта болуды екі кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде қонақ иесі «менен қалағанынды сұра» дейді. Екінші кезеңде қонақ иесі қонақтарының сұрағандарын оларға сый етеді. Құранның үлкен тәпсіршісі аятолла Джавади Амоли: «Қажылық ағымында «Алланың қонағы» деген сөзтіркес Жаратушының қонақтарын өзі күтетін болған соң пайдаланылды. Адам қонақ әрі қонақ иесі бола алады. Мекке мен Мединеде қасиетті рамазана айында адам илаһи қонақ басқа жағынан Алланы күтуші бола алады. Өйткені адамның жүрегі қасиетті рамазан айында илаһи тағылымдарды қабылдауыға дайынырақтау болады»,- деді.
Қарапайым қонақжайлылықта қонақтар үй иесінің дастарханың басына отырады. Илаһи қонақжайлылықта әр сұрағаны адамға беріледі. Уаһи жерінде Алланың рақымы шексіз. «Рахман» деген сөз Құран Кәрімде сан рет қайталанды. 113 рет әр сүренің басында «Бисмиллахир рахманир рахим» және 56 рет сүрелердің аяттарының арасында қолданылды. «Фұрқан» сүресінің 75-ші аятында: «Міне бұлар, сабыр еткендіктері себепті жоғарғы сыйлыққа бөленеді. Аман-сәлеммен қарсы алынады»,- деді.
Үлкен қажылық немесе умра жасағысы келген адам Аллаға «Хадид» сүресінің: «...Ол, қайда болсаңдар да сендермен бірге...»,- деген аятын түсінетін болады. Бұл аят бойынша, жаратылған әлемде Алласыз жер жоқ. Яғни Жаратушы әр уақыт пен әр жерде адамның амалдарының бақылаушысы. Ол адамды күнә жасамай өмір сүруге жігерлендіреді. Қажылық кезінде адам Аллаға жақындайды. Рауаяттарда қажылыққа барған адамның анасынан жаңа туған сәбіи сынды пәк оралатыны туралы айтылды. Сондықтан адамдар міндеттерін орындап келген қажыларды құрметтеуге тиеслі. Имам Садықтың айтуынша, «қажы күнәға ластанбағанша, қажылық нұрымен қалады».
Әрине, Алланың қонақтарын құрметтеу керек. Қажылық мұсылмандардың ғиззаты, руханияты, бірлігі мен айбынының көрінісі. Алланың үйіне зиярат жасаушылардың қауіпсіздігі мен тыныштығы – хазірет Ибрахимның дұғасы мен Алланың ерік-жігері болды. Қасиетті мекен орналасқан елдің үкіметі үшін бұл тақырып міндеттері мен жауапкершілігін арттырады. Қауіпсіздік адамдардың тыныштығына себеп болады. Хиджри-шамси күнтізбесінің 1394 жылғы қажылық кезінде орын алған Мина оқиғасына Сауд үкіметі жауапты емес пе? Әрине үкіметтердің «Алланың қонағы» тақырыбына байланысты қайшылықтары жоқ. Өйткені қажылар Алланың ризалығына ие болулары және илаһи міндеттерін орындаулары үшін материалдық мәселелерін ұмытып, қиындықтарына қарамастан отандарынан жолға шығады. Исламның ұлық пайғамбары: «Алла мен ақыретке иман келтірген әр адам, қонағын құрметтеуге міндетті»,- деген.
Ислам революциясы жееткшісі қажылыққа жауапты тұлғалармен кездесуінде Сауд Арабиясының қажылык істеріне жауаптыларын қажылардың қауіпсіздігі мен қадір-қасиеттерін, беделін қамтамасыз етуге міндетті болулары мен саудиялық үкіметтің ауыр міндетін қуаттап: «Мекке мен Мединеде және басқа қажылық жерлеріндегі қажылық істеріне жауаптылар бір жағынан қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, басқа жағынан олардың қадір-қасиеттері мен беделіне нұқсан келтірмеу сынды ауыр міндетке ие. Өйткені қажылар Алланың қонағы. Оларға зардап келтіретін әрекеттер, қажыға тіл тигізу болып табылады»,- деді.
Келесі маңызды мәселе – қажылардың әрекеттері. Олар Исламның күш-қуатының өкілдері, тауһид жолаушылары болып, жақсылық жасаушы, тақуа, қарапайым, бірлік қадір-қасиеттерімен шынайы мұсылмандардың жүзін көрсетулері керек. Қажылық үлкен конгреске айналып, даму мен өзгеріс себеп болуы қажет.