Шіл 30, 2019 01:06 Asia/Almaty
  • Қажылық 4:  Қажылық рәсімдеріне шолу

Қажылық рәсімдерін орындау тек символикалық әрекет емес, олар ішкі мағнаға ие. Сондықтан қажылық Ислам әлемінің күш-қуатының көрінісі.

Ғасырлар бұрын хазірет Ибрахим мен оның перзенті хазірет Исмаил Меккенің қасындағы таудан бірнеше қара тасты бөліп, оларды бір-бірінің үстіне орналастырды. Бұл екі тұлға Алланың бұйрығымен Қағба деп аталған қарапайым үй салуға міндеттелді. Қағба қарапайымдылығына қарамастан тауһидтің көрінісі және әлемнің жүрегі саналады. Қажылық әлемдік тұрғыдан үлкен конгрес болып табылады. Қажылық өзінің тауһидтік ұранымен барлық үлкен діндердің арасын жақындата алады.

Құран Кәрімнің аяттары бойынша, хазірет Ибрахим Алланың бұйрығымен баршаны қажылыққа шақырды:  «Адамдарды хажға шақыр. Олар жаяу және көлік үстінде әрбір алыс жолдардан саған  келеді... .  Сонан соң олар кірлерін кетірсін. (Шаш, тырнағын алып, ихрамнан шықсын.) Және айтқан нәзірлерін орындап, Кағбаны тәуәп кылсын». («Хаж» сүресі, 27 және 29-шы аяттар).

Қажылық рәсімдерін орындау тек символикалық әрекет емес, олар ішкі мағнаға ие. Сондықтан қажылық Ислам әлемінің күш-қуатының көрінісі. Ойшылдардың бірі қажылық рәсімдерін тілі, әрекеті мен негізгі кейіпкерлері бар қойылыммен салыстырды. Хазірет Ибрахим, Хаджар мен хазірет Исмал оның негізгі кейіпкерлері. Қойылым әл-Харам мешіті, Сафе мен Марведе, Арафат даласы, Машғар мен Минада өтеді.  Бұл қойылымға барша қатыса алады. Әйел мен ер, кедей мен бай, ақ пен қара нәсілділер,  қажылыққа келген әр адам негізгі рөлді ойнайды. Барлық адамдар тарихи тұлғалардың орнына тұрып, шерк және өзіне табынумен күресуді үйренеді.

Қажылық рәсімдерін орындау үшін жолға шыққан адам басында Миқат деген жерде ихрам киеді. Ихрам - екі бөлек матадан тұратын қарапайм ақ киім.  Алланың үйін зиярат жасауға келген адам қырағылығымен әрекеттеріне абай болып, жақсы мінезін көрсетіп, жақсы сөйлеп, жамандықтан тартынуды үйренеді.  Адамның қалаулары мен нәпсісіне қарсыласуын нығайту үшін ихрам кезінде хайуандарды азаптау, өтірік айту, басқалар немесе жұбайымен дауласу сынды әрекеттерге тыйым салынды.

Алла елшісі миғраж сапарына шыққан кезде, аспаннан: «Жаратушы сені жетім көріп, саған пана бермеді ме? Сені дұрыс жолға нұсқамады ма?»-   деген дауысты естіп: «Уа, Алла, мадақ пен нығмет бір Өзіңдікі. Өзіңе ұқсас ешкім жоқ. Бір Өзіне иман келтірдім»,- деді. 

Қажылық кезінде «Ләббәйік» деген ұран жүрекке ерекше қонымды. Бұл ұран ғашық жүректерден шығып, иман келтірген мыңдаған адаммен айтылып, адамның Алланың шақыруын қабылдауға дайын екендерін білдіреді. Қажылар шын жүректерінен Жаратушысына жауап қайтарып, Оны Жалғыз деп біліп, Қағбаға тәуәп етуге дайындалады.

Қағбаға тәуәп ету – қажылықтың бірінші рәсімі. Қажылар тәуәп етіп, Алланың әлемнің негізі және бүкіл әлемнің оның жаратылысы екенін мойындайтындарын көрсетеді. Тәуәп кезінде қажылар Алланың мадақтайды және әлемнің бүкіл бөлшектері оларға қосылатындай көрінеді. Барша өз нәпсісінің орбитасынан Алланың  білімінің орбитасына жету үшін тәуәп жасайды. Содан соң тәуәп намазын оқып, мейірімді Алланың алдында сәжде жасап, Оған алғысын айтады.

Сағи, яғни Сафа мен Марвенің арасын жеті рет өту  – қажылықтың келесі рәсімі. Сағи Алланың рақымына үміт білдіріп, шөл далада, аптап күннің астында шөлдеген бала үшін су іздеу талпынысты білдіреді.  Алла Тағала «Бақара» сүресінің 158-аятында:  «Сафа және Мәруа Аллаһтың нышандарынан, кімде-кім  қажылық немесе умра жасау ниетімен Қағбаны зиярат етсе, Сафа мен Мәруаны тауап етуінде күнә жоқ», -  деп сағидің маңыздылығын білдірген. Сағи рәсімі кезінде қажылар тауһид, сабыр және иман келтіру сабаған үйреніп, Жаратушының  мейірімділігі көреді.

Зихадже айының тоғызы күні таңертең қажылар керуені Арафатқа  қарай бет алады. Арафат - қажылардың өзін танитын жер. Егер қателік жасаған болса, тәубе етеді. Арафат даласы қиямет күні сынды. Есеп-қисабты естеріне алып, қарапайым түрде дұға жасайды.   Арафат күні адамдардың рухы мен жүрегі өзгерсе, адам қажылығын қабыл болатындай орындаған кезде Машғарда Алланың еске алу кемелдікке жеткізеді.

Шайтанмен күресіп, оны хазірет Ибрахимнің тәсілімен қуу – қажылықтың тұрақты сүннеттерінің бірі. Мина жеріндегі Рами джамарат – шайтанды қуу және әлем Жаратушысына бағыну. Қажы Мағшарда жинаған ұсақ тастарын шайтанға қарсы лақтырып, Аллаға құлшылық ететінін көрсетіп, хазірет Ибрахим сынды нәпсісінің күдіктеріне бағынбауы қажет. Имам Казем (ғ.с.): «Бұл кезеңде (Рами джамарат) Ібліс хазірет Ибрахимның алдына келіп, оны хазірет Исмаилды құрбандықа шалудан бас тартқызғысы келді. Бірақ хазірет Ибрахим тас лақтырып, шайтанды өзінен алыстатты»,- деді. Негізінде Рами джамарат – дұшпанды тану мен оған қарсы болудын белгісі. Осыған орай билеп-төстеуші құдыреттер мұсылмандарға қарсы әртүрлі қастықтар ойластырып отырған жағдайда, дұшпан мен оның тактиклаалрын білу – қажет мәсеел. Дұшпанға немқұрайдылық таныту – үлкен әрі орны толмас қателік. Дұшпанға немқұрайдылық білдіру мұсылмандардың бір-бірінен бөлінуіне себеп болып, исламдық ғиззатқа зардап келтіреді.

Рами джамарат

Құрбан айт күні құрбандық шалу, шашты пен тырнақ алу – қажылық рәсімдердің соңғы кезеңі. Құрбан айт күні қажылықты қабыл болатындай өткізген қажылар қуанышқа бөленіп, аллаға шүкіршілігін білдіреді. Бұл күні қажылар қайтадан тәуәп жасап, тәуәп намазын оқиды. Олар Досының үйін айналып, Жаратушыға сапарға шығып, оның пәсімдерін орындауға көмектескені үшін ризалығын айтады. Бұл кезде темірдің бөлшектерін өзіне қарай тартатын магнит сынды,  Қағба қажылардың алдында құшағын жаяды. Қажылық рәсімдер Исламның бірлігі мен тұтастығының белгісі ретінде адамның өзгеруі мен көңіл жайының тыныштығына әсер етіп, өзін қауіпсіз сезінуіне себеп болады. Алланы еске алып, Оны мадақтау Аллаға жақындатып, дүниелік мәселелерден алыстатады. Сондай-ақ адамның қадір-қасиеттерін арттырады. Исламның ұлық пайғамбары қажылар мен қажылық рәсімдерге ерекеш назар аудартып: «Намаз, қажылық, тәуәп және басқа рәсмідердің мақсаты – Алланы еске алу. Жүрек Алланың ұлылығын түсінбеген жағдайда, Оны тек сөзбен еске алудың пайдасы не?»- деген болатын. 

 

Тегтер