Имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісінің себептерін зерттеу 3
(last modified Sat, 07 Sep 2019 12:48:58 GMT )
Қыр 07, 2019 18:48 Asia/Almaty
  • Имам Хусейн (ғ.с.) көтерілісінің себептерін зерттеу 3

Алла елшісі исламдық үкіметтің құдыретін көрсетіп, Рим үкіметінің күш-қуаты туралы аңыздарды жою үшін Асаме басқарған әскерді құрып, баршаға шайқасқа қатысуды бұйырды. Бірақ өкінішке орай Пайғамбарға (с.ғ.с.) жақын кейбір сахабалары әртүрлі сылтаулармен бұйрыққа бағынбады. Сөйтіп Пайғамбарға (с.ғ.с.) бағынбаудың сұм көшеті отырғызылды.

 

Қатты уайымына себеп болған бұл оқиғадан кейін Алла елшісі бірнеше күн төсек тартып жатып, жарқыраған өмірінің соңғы сәттерінде әйелдері, жақындары мен сахабаларының алдында қалам мен қағаз әкелуді сұрап: «Менен кейін адаспауларын үшін бір нәрсені айтқым келеді»,- деді. Бұл жиынға қатысқан Пайғамбардың (с.ғ.с.) Асаменің әскеріне қатысу бұйрығынан  бас тартқандардың кейбіреулері: «Ауру Пайғамбардың жанына батты. Алланың Кітабы қолымызда, бұл біз үшін жеткілікті»,- деді. Бұл сөз Пайғамбардың (с.ғ.с.) қасына жиналғандардың пікірлерінің қайшылықтарына себеп болды. Қайшылықтар күшейіп, Алла елшісі: «Менің қасымнан кетіңдер, менің қасымда дауласу – дұрыс емес»,- деді. («Әл-Ғадир», 1 том, 40-шы бет). Бұл тақырып бірнеше тұрғыдан қарастырылды. Біріншіден, Пайғамбар (с.ғ.с.): «Еш уақытта адаспауларын үшін сендерге бір нәрсе айтамын»,- деді. Әрине Алла елшісі исламдық үмбеттің келешегіне алаңдап, бұл үмбеттін еш уақытта дұрыс жолдан таймауы  туралы ойлады. Сондықтан хазіретке бағынбағандардың қарсылығы - ақталатын мәселе емес. Бұл мәселе исламдық қоғамның тағдырына байланысты болғандықтан Пайғамбар (с.ғ.с.) үшін маңызды болды. Екіншіден, «Ауру Пайғамбардың жанына батты» деген сөйлемнің мағнасы не? Пайғамбар не айтып жатқанын білмеді ме? Құранда:  «Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені көкейіне салынған уахи ғана»,- деп айтылмады ма? Үшіншіден, Алла елшісі сан рет: «Кәусар хауызының қасында қасыма келгенше, Құран мен менің әулетім еш уақытта ажырмайды»,- деген. Яғни олардың байланысы - мәңгі. Олай болса, Пайғамбардың қалам мен қағаз сұрауына қарсылық білдіріп, «Алланың Кітабы біз үшін жеткілікті» деп жариялаудың дәлелі не? («Сахих Бухари», 1-ші том, 3-22 бет). Құранның «Ахзаб» сүресінің 36-шы аятында:  «Алла Тағала және Елшісі, қашан бір іске үкім берсе, мүмін ер және мүмін әйел үшін олардың істерінде ерікті болуларына болмайды. Сондай-ақ кім  Аллаға, Елшісіне қарсы келсе, сонда рас ашық адасқан болады»,- деп айтылды.

Алла елшісі сахабаларының қайшылықтарына реңіш білдіріп: «Менің қасымнан кетіңдер, менің қасымда дауласу – дұрыс емес»,- деді. Егер қоғамдық және саяси істерде, әсіресе исламдық үмбеттіңтағдырына байлынысты мәселелерде кейбір кезде қайшылықтардың болатынын қабыласақ, мұндай жағдайларда не істеулеріміз керек? Қайшылықтар мен дау-дамайларды жалғастыруымыз керек пе, әлде Құран айтқанда амал етуіміз дұрыс па? Құран «Ниса» сүресінің 59-шы аятында: «...егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға, пайғамбарға ұсыныңдар: Егер сендер Аллаға, ақырет күніне иман келтірген болсаңдар. Міне осы, қайырлы да нәтижеде жақсы»,- деп айтылды. Сондықтан Алла мен Оның Пайғамбары өз пікірін анық баяндаған кезде, бұл пікір туралы керіспей, ешбір күмәнсіз, бағыну және орындау қажет. Бұл Алла мен Оның Пайғамбарына шынайы иман келтірудін белгісі саналады. Сондықтан кейбір сахабалардың Пайғамбарға (с.ғ.с.) бағынбаулары діни негіздерге қайшы және ақталмайтын әрекет болды.

Исламның ұлық пайғамбары (с.ғ.с.) дүниеден озды. Бұл қайғылы күні Алла елшісінің 23 жылдық пайғамбарлық міндетін атқаруына және 63 жыл өмірін халықты хабардар, ету, тәлім-тәрбие беру, жамандықтан тазарату, идеологиялық және діни ойларды тереңдету, ахлақ пен адамгершілік құндылықтардың жаңғырту, бір сөзбен айтқанда қоғамның өмірін жаңалау жұмыстарынан кейін исламдық үмбет еш уақытта ұмытылмайтын аза рәсімдерін өткізеді деген болжамдар болды. Бірақ ойлағандай болмас түгілі, кейбір сахабалары тіпті хазіретті жерлеу рәсімге қатыспады.  Пайғамбардың (с.ғ.с.) әйелі Айша: «Алла елшісі дүниеден озған соң, Мұғаире сахабалардың бірімен Пайғамбар жатқан бөлмеге кіріп, хазіреттің бетіндегі матасын ашуға рұқсат сұрады. Олар кіріп, матаны ашқан кезде, олардың біреуі: «Алла елшісінің ессіздігі қандай күшті?»- деді. Содан соң екеуі орындарынан тұрды. Есікке жақындаған кезде, Мұғаире қасындағы сахабаға: «Алламен ант етемін, Алла елшісі қайтыс болды»,- деді. Бірақ қасындағы адам: «Өтірік айтасын, Пайғамбар қайтыс болған жоқ, сен бүлік шығарғын келеді»,- деп жауап қайтарды»,- деді.  Бұл кезде Мединенің сыртында жүрген Абубакр Пайғамбардың дүниеден озуы туралы хабарды естіп, Мединеге қайтты. Кейбіреулердің хазіреттің қайтыс болуын теріске шығарған   сөздерін тоқтатты. Абубакр Алланы мадақтаған соң, «(Мұхаммад с.ғ.с.) шынында сен де өлесің. Олар да өледі» деп айтылған аятты оқыды. («Зумәр» сүресі, 30-шы аят). Сөзінің жалғасында: «Мұхаммед (Ғ.С.) бір елші ғана, одан бұрын да елшілер өткен. Ал сонда ол өлсе не өлтірілсе, сендер сонда өкше (із) леріңе айналасыңдар ма? (Қайта кәпір боласыңдар ма?» («Әл-Имран»  сүресі, 144-ші аят)- деді. Содан соң Пайғамбардың қайтыс болуын теріске шығарғандар Абубакрден: «Бұл аяттар Алланың Кітабында бар ма?»- деп сұрады. Абубакр: «Иә»,- деп жауап берді. («Әл-Табақат әл-Кубра»).

Пайғамбардың өлімін теріске шығарғандар, бұдан бұрын Пайғамбардың әулетін қабылдамау үшін: «Біз үшін Алланың Кітабы жеткілікті»,- деп жариялады. Бұл мәселенің бірнеше маңызды тұстары бар.  Егер біз олар білмеді десек, онда неге олар Құдайдың кітабын ислам әлемінің болашағын басқаруға жеткілікті деп санады және Пайғамбардың әулетін жоққа шығарды. Бірақ егер олар өздерінің білетіндерін айтса, онда олар неге Пайғамбардың өлімін жоққа шығарды? Бұл әрекеттің саяси мақсатпен жасалуын «Сақифе кеңесінде» қарастыру  күдік туғызуы мүмкін емес пе? Тіпті егер Сақифе кеңесі мен Пайғамбар сахабаларының хазірет дүниеден озсымен және хазірет Әли (ғ.с.) мен бірнеше сахаба Алла елшісіне ғұсл беріп,  жерлеумен айналысып жатқан уақытта бұл жерде исламдық үмбеттің жіктелуінің алдын алу үшін халифа таңдау үшін жиналғанын қабылдасақ, «Пайғамбар Ғадир күні хазірет Әлидің  (ғ.с.) имамат, велаятт және халифат басшысын бекітпеді ме?» деген сұрақ туындайды. Маңызды және тағдырлы оқиға 10 сахаба, 84 табаин және 360 шиит пен сунниттік ғалым мен рауаятшымен расталды. Сақифеде жиналғандар Ғадирде хазірет Әлиге бият етпеді және құттықтамады. Ғадир оқиғасынан 70 күннен кейін неге Пайғамбар еш уақытта исламдық үмбеттің келешегі туралы ойламағандай әрекет жасалды? Алла Тағала Құранды илаһи кітап   және Пайғамбарды соңғы    елшісі деп таныстырып, пайғамбарлар, әсіресе Исламның ұлық пайғамбарының жолын жалғастыру үшін ешкімді сайламауы мүмкін бе?  Сақифе сахабаларының халифаны сайлау діни мақсатпен   жиналмағандары - анық. Өйткені бұл салада Алланың тарапынан ешбір нұсқаулар жіберілмеді, сондай-ақ Пайғамбар (с.ғ.с.) өзінен кейінгі халифаны белгілеп кеткен болатын.

 

Тегтер