"Қасиетті қорғаныс" соғысының қолбасшылары 3
(last modified Thu, 26 Sep 2019 13:01:24 GMT )
Қыр 26, 2019 19:01 Asia/Almaty

Генерал-майор Ахмад Каземи – жастық шағында Ирактың БААС режимінің соғысына қарсы майданда маңызды рөл атқарған ирандық қолбасшы.

 

Ислам революциясының тарихынан Һеммат, Зейнуддин, Бақери мен Бакери сынды иман мен құлшынысқа толы жастарды жиі кездестіруге болады. Олар шәһид болатындарын біле тұра, өлімнен қорықпады. Олар имам Хосейнді (ғ.с.) үлгі тұтып, Алланың ризалығы және имамдарымен кездесуге асықты.

Таңылған соғыс 1359 жылдың 31 шаһриварында, сәйкесінше 1980 жылдың 22 қыркүйегінде басталып, 8 жылға созылды. Бұл соғыстағы ирандық қолбасшыларға жасалған қысқа шолудың өзі өмірлерінің алғашқы шынайы тәжірибелерін БААС режимінің армиясына қарсы соғыстың майдандарында алған жастардың маңызды рөлін көрсетеді. Сондай-ақ, олардың соғыс майдандарындағы ержүректігі мен табандылығы олардың көп жылдық жауынгерлік тәжірибесі болғандай көрінеді.

Генерал-майор Ахмад Каземи жастық шағында Ирактың БААС режимінің соғысына қарсы майданда маңызды рөл атқарған ирандық қолбасшы. Ахмад Каземи 1337 жылы (1958ж.) Исфаһанның Наджафабадында дүниеге келіп, басқа жастар сияқты білім алды. Ислам революциясының ұшқындары байқалысымен халықпен бірге залым шах режиміне қарсы күресіп, 1359 жылы 23 жасында Күрдістанға аттанды. Саддам режимі Иранға шабуыл жасаған соң оңтүстік майдандардың жер-жері БААС басқыншыларына қарсы күрестің алғашқы шебіне айналып, дұшпанды елден қуып шығу әрекеттеріне белсенді қатысты. Ахмад Қаземидің есімі сол оқиғада танымал болды. Ахмад Каземи қасиетті қорғаныстың әйгілі әрі мықты қолбасшыларының бірі болды.

Сақшылар корпусының бұрынғы қолбасшысы сардар  Рахим Сафавидің айтуынша, «Наджаф Ашраф»  8-ші дивизиясының ерлігі оның қолбасшысы шәһид Каземидің ақылы, қырағылығы, ержүректігі мен басшылық қабілетімен байланысты». Ол жас кезінен Абадан майданының, «Наджаф Ашраф»  8-ші дивизиясының, имам Хосейн (ғ.с.) дивизиясының, сондай-ақ, Хамза Сейед әл-Шоһадо мен Рамазан базасы және Сақшылар корпусы әскери күштерінің қолбасшысы міндетін атқарды.

Ол әскерилер және басидж жауынгерлерімен достық қарым-қатынаста болды. Сардар Салими: «Ахмадтың имамнан алған бірнеше негізгі белгілері бар. Ахмадтың әдебі ерекше әрі басты қасиеті болды. Ол ғажайып адам еді. Расында одан алыстаған сайын Ахмадтың бір шың болғанын, көптеген қасиеттерге ие болғанын түсінеді. Сол себепті Ахмад әртүрлі тұрғылардан имам Хомейниге ұқсады»,- деді.

Шәһид Каземи майданның алғашқы шебінде сан рет, қолы, аяғы және белінен жараланып, бір рет саусағынан айырылды. Бірақ еш уақытта налымады. Сол жылдары ол қарсыласу мәдениетін ғылыммен бірге үйренді. Ол бакалавариатты география,  магистратураны басқару салаларында бітірп, ұлттық қорғаныс докторантурасының студенті болды. Бұл революцияшыл күрескердің батылдығы діни басшы тарапынан үш рет «Фатх» медалімен марапатталды. Оны 84-ші жылдың ортасында Сақшылар корпусының Бас қолбасшысы Құрлық күштерінің қолбасшысы міндетіне бекітті.

Сардар Ахмад Каземи әрқашан өзін шәһидтер керуенінен қалып қалғандай сезінді. Ол шәһидтер туралы ерекше көңілмен айтып, өмірінің соңғы күндері шәһид Бакери мен шәһид Харразиді есіне алып жылайтын. Аятолла Хаменеи бұл шәһид туралы: «Каземи қасыма келіп: «Сізден екі өтінішім бар: біріншісі, ақыретімде жүзім ақ болсын; екіншісі, шәһид болуым үшін дұға тілеңіз»,- деп сұрады. Мен: «Сендердің өлгендерің дұрыс емес. Бұл маңызды күндерді көрген сендер секілді адамдар өлмейсіңдер. Сендер шәһид  боласыңдар. Бірақ қазір ел мен жүйе сендерді қажет етеді. Мен Саядтың шәһид болғанынан хабардар болған күні  оның шәһид болуға лайық екенін айттым»,- дедім. Сол кезде Каземидің көзі жасқа толып: «Алла қаласа, менің шәһид болғаным туралы хабарды да сізге жеткізер»,- деді»,- деп есіне алатын. Аятола Хаменеи: «Өлім мен өмірдің қашықтығы өте қысқа, тек бір сәт қана. Біз өмірімізбен алданып, өлімге немқұрайдылық танытамыз. Барлығымыз Алланың алдына барамыз. Әрқайсымыз әр түрлі түрде Оны көреміз. Ахмад Каземи мен бұл бауырлар сияқты пәк жүзбен көреді. Олардың еңбегі сіңді. Біз де Құдайды күнәһәр болмай көруге талпынуымыз керек. Біз келесі сәтке дейін өлі немесе тірі болатынымыз туралы білмейміз. Келесі сағатта немесе келесі күні біздің де кезегіміз келер. Алладан Оның алдында абыройлы болатындай өлімді сұраймыз»,- деді.

Бұл қаһарман қолбасшы Кербала-5 операциясы басталған күннің жылдығында 1384 жылдың 19 күні көп жылдар бойы күткен арманына жетіп, шәһид болды. Ахмад Каземи мен оның серіктері Урумие аймағында әскери ұшақ апатында шәһид болды.

 

 

 

 

Тегтер