Бірлік аптасы 1: Ислам пайғамбарының отбасы ортасындағы өмір сүру тәсілі
(last modified Sun, 10 Nov 2019 12:56:21 GMT )
Қар 10, 2019 18:56 Asia/Almaty
  • Бірлік аптасы 1: Ислам пайғамбарының отбасы ортасындағы өмір сүру тәсілі

Адам Алланың жаратылысы болғандықтан ол үшін Алла тарапынан реттелген бағдарлама оның кемелдікке жетуі үшін ең жақсы бағдарлама болып табылады. Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад Мұстафаның (с.ғ.с.) өмір сүру тәсілі толық әрі кемел болғандықтан Алла оны адамдар үшін насихаттады. Сондықтан өз амалымыз бен сөзімізге хазіреттің өмір сүру тәсілін үлгі ете аламыз.

 

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафаның (с.ғ.с.) туған күні келді. Сүннит мұсылмандар раби ул-аууал айының он екісін, шиіт мұсылмандар осы айдың он жетінші жұлдызын Исламның ұлық пайғамбарының туған күні санайды.

Осыдан біраз жыл бұрын өзі ислам әлеміндегі бірліктің жаршысы болған  Иран Ислам революциясының көсемі  имам Хомейни бұл мәселені ислам мазхабтарын жақындату үшін пайдаланып, бұл екі күннің аралығын "Бірлік аптасы" деп атады. Бұл кезеңді "Бірлік аптасы" деп атау ислам үмбетінің бірлігін нығайту үшін мұрсатқа айналды.

 

Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад Мұстафаның (с.ғ.с.) туған күні келді. Сүннит мұсылмандар раби ул-аууал айының он екісін, шиіт мұсылмандар осы айдың он жетінші жұлдызын Исламның ұлық пайғамбарының туған күні санайды.

Осыдан біраз жыл бұрын өзі ислам әлеміндегі бірліктің жаршысы болған  Иран Ислам революциясының көсемі  имам Хомейни бұл мәселені ислам мазхабтарын жақындату үшін пайдаланып, бұл екі күннің аралығын "Бірлік аптасы" деп атады. Бұл кезеңді "Бірлік аптасы" деп атау ислам үмбетінің бірлігін нығайту үшін мұрсатқа айналды.

Пайғамбарлардың ең маңызды қасиеттерінің бірі аманатқа берік болуы. Өйткені олар Алланың дінін тарату және илаһи сырларды сақтау саласында берік әрі адал болуы қажет. Исламның ұлық пайғамбарының (с.ғ.с.) аманатқа берік болуы хазіреттің жас кезінен баршаның ауызында болды. Хазіреттің дәл осы ерекшелігі адамдардың Исламды қабылдау себептерінің бірі болды. Пайғамбардың адалдығы мен аманатқа берік болуы біздің  бұл тұлғаның өмір сүру тәсілін үлгі тұтуымызға, хазіреттің Алла тарапынан алған тағылымдарына бет бұруымызға себеп болды. Алла елшісінің амалдарына шолу жасау біздің илаһи білім қорына жақындауымызға, сондай-ақ дүниелік және ақыреттегі бақытымызға жетуге жол ашады. Адам Алланың жаратылысы болғандықтан ол үшін Алла тарапынан реттелген бағдарлама оның кемелдікке жетуінің ең жасқы бағдарламасы болып табылады. «Ахзаб» сүресінің 21-ші аятында Алла мен қияметтен үміттенетін адамдар үшін Пайғамбар (с.ғ.с.) үздік үлгі ретінде таныстырылып: «Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін Алла Елшісінде көркем өнегелер бар»,- деп айтылды. Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад Мұстафаның (с.ғ.с.) өмір сүру тәсілі толық әрі кемел болғандықтан Алла оны адамдар үшін насихаттады. Сондықтан өз амалымыз бен сөзімізге хазіреттің өмір сүру тәсілін үлгі ете аламыз. Пайғамбардың (с.ғ.с.) ахлағы үлгі болып, Алла Тағала хазіреттің ахлағын адамзат үшін айқын үлгі ретінде таныстырды.

 

 

 

Алла елшісі (с.ғ.с.) өз уақытын үшке бөліп, бір бөлігін Алла үшін, яғни ғибадат жасап, намаз оқу мен дұға тілеп, Жаратушыны мадақтаумен өткізді. Екінші бөлімін отбасы, олармен сөйлесу, оларға мейірім көрсетуге, үшінші бөлімін өзі мен халыққа, олардың мәселелерін шешуге  арнады.

Отбасы негізі сүйіспеншілікке негізделеді. Алла Тағала «Рұм» сүресінің 21-ші аятында әйел мен ердің бір-бірінің қасында болуы тыныштыққа жеткізеді деп: «Сендерге оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда қылғандығы да Оның белгілерінен. Сөз жоқ, осыларда ойланған елге белгілер бар»,- деді. Отбасы ортасындағы мейірім мен достық көптеген кемшіліктердің орнын толтырып, жүректерді бір-біріне жақындатады, өмірдегі үміт пен сенімге, қуаныш пен шаттыққа себеп болады. Исламның ұлық пайғамбары рауаяттарының бірінде: «Адамның иманы кемел болған сайын, өмірлік серігіне махаббатын көбірек білдіреді»,- деп айтылған.

 

 


 

 

 

 

 

Алла елшісі ер адамдарға әйелдерімен мейірімді және әділ қарым-қатынас орнату туралы ақыл-кеңес беріп: «Үйленген адам әйелін құрметтеуі керек. Егер ер әйеліне «Сені жасқы көремін» деп айтса, еш уақытта әйелдің есінен кетпейді»,- деген. Алла елшісінің әйелі хазірет Хадиджаға деген сүйіспеншілігі мен махаббаты туралы тарихта айтылған. Хазірет Абуталип неке құтпасында: «Хадиджа мен Мұхаммад (с.ғ.с.) бір-бірін жақсы көреді»,- деген. Хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) хазірет Хадиджаның қадір-қасиетін толық танып, оған үйленіп, әрқашан құрметтеді. Хазірет ешбір әйелді хазірет Хадиджаға теңгермеді, оның жанкештілігі мен еңбегін қадірледі. Өйткені ол өз мүлкі мен байлығын ойланбастан пайғамбардың (с.ғ.с.) ықтиярына тапсырып, Ислам мен Пайғамбардың (с.ғ.с.) жоғары мақсаттарын таратуға көмектесті. Ислам пайғамбары (с.ғ.с.), ер адамның үйдегі жұмысын қайырымдылық санады. Алла елшісі хазірет Әлиге (ғ.с.): «Уа, Әли! Әйелге көмектесу – үлкен күнәлардың «кафарасы» әрі Жаратушының ызасын басады»,- деді. Хазірет Медине мешітінде итикаф пен ғибадат жасаудан отбасы ортасындағы отырыстарды Алла үшін жақсы санады. Хазірет сондай-ақ отбасымен отырып тамақтануға еркше назар аудартып: "Дастархан жайып, әйелі мен перзенттерін шақырып, Алланың атымен тамақтануды бастап, соңында Оған шүкірлік білдіретін әрбір ер адам дастарханы жиналмастан бұрын кешіріліп, оған Алланың рақымы тиеді",- деген болатын.

Хазірет Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) Алла елшісінен олардың күнделікті жұмыстарын бөлуді сұраған кезде Пайғамбар (с.ғ.с.): "Үйдің ішіндегі жұмыстарды Фатима, сырттағы жұмыстарды Әли жасасын",- деді.  Үй жұмыстары әйелдің, сырттағы жұмыстар ердің міндетті болуы ердің еш уақытта үйдің ішіндегі жұмыстарға көмектеспей, әйелі барлық нәрсені жасағанша, күтіп отыруы керек дегенді білдірмейді. Кейбір уақыттарда әйел көмекті қажет етеді, сондықтан жұбайы оны түсініп, ашық-жарқын түрде көмектесуі қажет.

Исламның ұлық пайғамбары балалармен ойнап, оларға сыйлық сыйлап, қуантуға талпынды. Бұл кісі: "Қыз баласын қуантатын адам хазірет Исмаилдың перзенттерін құлдықтан азат еткен сынды. Ер баланы қуантқан адам Алладан қорқып, көз жасын төккен адам сынды",- деп айтқан. Алла елшісі ата-ананың перзенттеріне діни тәрбие беру жауапкершілігін бір-бірін отбасын құру үшін таңдаған кезден басталады деп санайды. Осыған орай перзенті жақсы болу үшін басынан жақсы өмірлік серік таңдауды қуаттады. Перзент тәрбиелеу сондай маңызды болғандықтан Алла елшісі: "Егер сендердің әр біреуің перзент тәрбиесімен  айналыссаңдар, күн сайын кірістеріңнің жартысын Алланың жолында садақа бергеннен артық. Перзенттеріңе  жақсы ат қойып, дұрыс тәрбиелеп, перзенттерің үшін ең жақсы мұра қалдыра аласыңдар",- деп айтқан болатын.

Құран көзқарасы бойынша, өмір сүрудің ең жоғары деңгейі игілікті тіршілік. Адам әулиелердің өмір сүру тәсілдерінен үлгі алып, илаһи халифа деңгейіне жетіп, өмірі игілікті болады. Яғни, бұл жамандық пен ластықтардан ада өмір; Аллаға негізделіп, Оған жақындауға талпынады. Игілікті тіршілік туралы Құранның тек бір аятында ғана айтылған: "Ер немесе әйелден кім сенген бойда түзу іс істесе, әлбетте оны игілікті тіршілікте жасатамыз. Әрі оларға істеген істерінен жақсырақ сыйлық береміз". ("Наһл" сүресінің 97-ші аяты).

 

Батыс дінді адамның өмірінен алыстатуға күш салып жатқан жағдайда Исламның толық бағдарламаларымен таныстыру қажет іс.  Ислам толық әрі кемел дін ретінде адам өмірінің барлық тұрғылары жөніндегі бағдарламаларды ұсынады. Исламның ұлық пайғамбарының өмір сүру тәсілі бұл илаһи діннің үздік үлгісі ретінде баршаны  бұл дүние мен ақыреттегі бақытына жеткізетін кепілдік бола алады. Егер Алла елшісінің өмір сүру тәсілін үлгі тұтпасақ, ақыретте өкінетіндердің, яғни Құран Кәрімнің  "Фұрқан" сүресінің 27-ші аятында айтылғандай: "Ол күні әр залым өз қолын шайнап: “Әттеген-ай! Пайғамбармен бірге жол тұтқан болсам еді” дейтіндердің" қатарына қосыламыз.

Әлемнің барша мұсылмандары мен Исламның ұлық пайғамбарына сүйіспеншілік білдірушілерді хазірет Мұхаммад Мұстафа (с.ғ.с.) туған күнімен құттықтап: "Уа, Алла! Бізді Пайғамбар (с.ғ.с.) үмбеті мен хазіреттің адал жолының жақтастары қатарына қоса гөр. Жүректеріміздің Өз елшіңе деген махаббатқа толы екенін білесің. Сондықтан бұл илаһи махаббатымызды сақтап, дүниеден мәңгі ғашық болып кетуімізге көмектес. Уа, Алла! Бізге бұл дүниеде хазіреттің ахлағындай ахлаққа ие болып, қияметте хазіретті  (с.ғ.с.) көруімізді нәсіп ете гөр",- деп тілейміз.  

 

 

 

Тегтер