Исламнан үркіту үдерісінің алдын алудағы бірліктің рөлі 4
Бүгінгі әлемде Исламнан үркіту – Батыс ақпарат құралдарының үгіт-насихаттарының басты тақырыбы. Оның мақсаты әлемдіктер үшін Ислам мен мұсылмандарды мейлінше қатігез етіп көрсету. Ислам үмбеті дұшпанның қастандықтарын сәтсіздікке ұшырату үшін ортақ тұстарына сүйеніп, исламдық бірлікке жету саласында қадам басуға міндетті.
Исламның ұлық пайғамбарының туған күні мен «Бірлік аптасы» құтты болсын!
Алла елшісінің сүнит және шиіт бауырлардың екі рауаяты бойынша, туған күнінің раби ал-аууал айының 12, және раби ал-аууал айының 17 күні болуына байланысты Иран Ислам революциясының ұлы көсемі имам Хомейнидің бұл екі күннің аралығын «Бірлік аптасы» деп жариялауын үлкен оқиға ретінде еске алуымыз керек. Өйткені бұл шешім Ислам әлеміндегі бірліктің маңызы мен қажеттілігін қуаттауымен бірге ислам үмбетінің бірлігі мен тұтастығын қалыптастыру жолындағы талпыныс болды.
Алла елшісінің болмысы мен пайғамбарлық миссиясы адамзаттың құтқарылуына себеп болды. Сондай-ақ хазіреттің бейбітшілік пен әділет жолдауы, адамгершілігі мен ахлағы, әлсіздерді қолдауы, ислам тағылымдары мен құндылықтардың мықты негіздері – бүгінгі адамзаттың қажеттіліктері. Алла елшісі – әлемнің барлық адамдары, мазхабтары, діндері мен исламдық ағымдары үшін рақым және бейбітшілік пен достықтың жолдауы.
Құран Кәрім – адамзатты бақытқа жеткізетін нұсқаларға ие Кітап. «Әл-Имран» сүресінің 19-шы аятында: «Алланың қасында шынайы дін Ислам...»,- деп айтылған. Бұл аятта Ислам діні Алланың ризалығына ие шынайы дін ретінде таныстырылды. Сондай-ақ Құран Кәрімнің әртүрлі аяттарында Ислам діні рақым және мейірім діні, сонымен бірге оның терең тағылымдары адамдардың құтқарылуына жеткізетіні туралы айтылып, Алла елшісі адамзаттың басшысы деп аталды. Сондықтан әлемдіктерге Алла тарапынан жіберілген Пайғамбар (с.ғ.с.) тек мұсылмандардың ғана емес, бүкіл адамдардың үлгісі болып таныстырылды. Мұсылмандар Исламның ұлық пайғамбарының миссиясын қолдауға, Ислам дінінің өкілдері болып, мейірім дінін таныстырып, таратуға міндетті.
Адамзат тарихына жасаған шолу хазірет Адам заманынан Алла елшісіне (с.ғ.с.) дейін, сондай-ақ хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) беғсатынан құтқарушы хазірет Мәһди (ғ.с.) келгенге дейін шайтанның жақтастарының Алла елшісінің әлемдік миссиясын, яғни Исламды жоюды көздеген мақсатты бүліктерін бастап осы кезде жалғастырып келе жатқанын көрсетеді. Сондай-ақ бұл бүліктер шайтанның, әсіресе Исламға кектенген әлемдік сионизмнің қастықтарымен одан сайын шиеленісіп, күн сайын жаңа түрде байқалуда.
Қазіргі әлемде Исламнан үркіту және шиіттерден үркіту Батыс ақпарат құралдарының үгіт-насихаттарының басты тақырыбы. Олардың мақсаты Ислам діні мен мұсылмандарды әлемдіктер үшін қатігез етіп көрсету. Лаңкестік топтар құрып, исламдық елдерде қырып-жоюды арттыру Исламнан үркіту мен Исламға дұшпандық білдіру саясаттарына соқтырды. Дұшпандардың қастандықтарының мақсаты – Ислам мен мұсылмандарға соққы беру. Батыс әлемі құрған экстремистік және тәкфиршіл ағымдар илаһи діннің ауқымды таралуының алдын алу үшін Исламнан қорқыту ағымын бастап, ДАИШ лаңкестері сынды қылмыскерлерді тәрбиелеп, Исламның атымен үстемшілердің мүдделерін қамтамасыз етумен айналысып, өткен жылдары ойларына келген қылмыстарды іске асырды. Олар әрқашан ислам елдері арасында қайшылық тудырып, оларды әлсіреткісі келді. Сондықтан бұл елдерді бейберекеттер мен тұрақсыздыққа тіреп, исламдық елдерді бөлшектеп, өз билігін орнатуды мақсат етті. Исламдық елдердің кейбір әл-Сауд сынды сатқын басшылары бұл топтарды демеумен бірге Йемен мен Бахрейнде тікелей соғыс ашып, мұсылмандарды қырып, Исламнан қорқыту үдерісінде АҚШ пен сионистік режимге қосылды. Исламнан қорқыту толқыны мұсылмандарға қарсы арсыздық болуымен бірге Батыс мұсылмандарының, әсіресе мұсылман әйелдердің киімдеріне қатысты жағдайды қиындатты. Соның салдарынан мұсылман әйелдер жұмыстарын тастап, оқу орындарынан кетіп, үйлерінде отыруға мәжбүр болды. Бұл жайт мұсылман отбасыларына экономикалық қысым жасап, отбасылық қиындықтар мен шынайы қайшылықтарға тіреді. Исламнан қорқыту мүмін отбасылардың еуропалық және батыс мемлекеттерінен қоныс аударуына себеп болды.
Исламнан қорқыту толқыны бүкіл мұсылмандар үшін ащы құбылыс, бірақ әлем мұсылмандарының әлемдік үстемшілдікке қарсы бірлігі мен әлем халықтарына Исламның шынайы жүзін таныстыруы үшін жаңа мұрсат тудырды. Бірлік пен біртұтастық арандатуға қарсы тұратын жалғыз жол. Сондықтан ислам үмбеті бұл жолда қырағы болуы қажет. Ислам үмбеті қазіргі жағдайға назар аударып, дұшпандардың Исламға қарсы қастандықтарына қарсы тұру үшін ортақ жайттарға сүйеніп, исламдық бірлікке жету саласында қадам басуға міндетті. Егер мұсылмандардың арасында бірлік мен түсіністік болса Исламның дұшпандарына тәкфиршіл және лаңкестік ой-пікірлерді таратуға мүмкіндік болмайды. Осыған орай Алла Тағала «Әнфал» сүресінің 46-шы аятында: «Аллаға әлі Елшісіне бой ұсыныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, онда үрейлесіңдер де құттарың қашады және сабырлы болыңдар. Расында Алла, сабырлылармен бірге»,- деді.
Алла Тағала «Әнбия» сүресінің 92-ші аятында: «Осы сендердің үмметтерің бір-ақ үммет...»,- деп бірлікті Ислам үмбетінің ең үлкен ерекшелігі ретінде атады. Алла елшісі ислам үмбеті арасында бірлік орнату үшін мұхаджер және ансар мұсылмандарды өзара келісімге отырғызды. Бұл келісім мұсылмандарды бір-біріне жақындатты. Алла елшісінің ақыл-кеңестері аясында мұсылмандар тауһид сенімі негізінде мұсылмандардың бірлігін нығайту үшін Исламның шынайы рақымды және бейбіт жүзін көрсету керек.
Барлық мұсылмандардың бірлігін білдіретін «Бірлік апталығы» Ислам әлемінің алдында Құран мен мейірім және рақым Пайғамбарының тағылымдарына сүйеніп, қайшылықтарды қойып, исламдық қоғамның бірлігін нығайту үшін бұрын-соңды болмаған мұрсат тудырады.