Кітап оқуға жеті қадам (2)
(last modified Tue, 19 Nov 2019 18:38:30 GMT )
Қар 20, 2019 00:38 Asia/Almaty
  • Кітап оқуға жеті қадам (2)

Жақсы кітап оқу маңыздылығы кітап оқудың маңыздылығынан кем емес. Сондықтан кітапсүйгіш болу жолындағы екінші қадамда жақсы кітап сатып алыңыз. Жазылған кітаптардың барлығы сіздің өміріңіздің сапасын жақсарту әлеуетіне ие емес. Қандай кітап оқу қажеттігін білу маңызды.

Өткен бағдарламада егер кітап оқуға шындап кірісіп, кітапсүйгішке айналғымыз келсе, басты бірнеше қадам жасап, өмір салтыңыз мен кейбір әдеттеріңізді өзгерту арқылы кітап оқу жолына түсуге болатынын айттық. Бірінші қадамды сәтті жасадыңыздар деп үміттенеміз.  

Жақсы кітаптарды табу үшін кітап оқитын достарыңыздан кеңес сұрауыңыз мүмкін. Бұл жаман тәсіл емес, әрбір адам бұл сауалға оқыған кітаптарына байланысты әртүрлі жауап береді. Кейбіреулердің айтуынша, қылмыстық романдар жақсы. Басқа біреулер философиялық еңбектерді жақсы көреді. Тағы біреулер ақындардың өлеңдерімен күндерін өткізеді. Кітап ұсыну идеясы кітап оқудың бастапқы кезінде ғана сізге көмектесе алатынын еш уақытта ұмытпаңыз. Бұл жолдың жалғасында "Қандай кітап оқиын?" деген сауалға жауап беретін адам өзіңізсіз. Өз қажеттіліңізге қарай оқитын кітаптарыңыздың  тізімін жасаңыз.

Атақты жазушы Курт Воннегут: "Алғашқы параграфтан-ақ қармақты оқырманның аузына сала алған жазушы кітабының соңына дейін оқылатынына сенімді бола алады. Бұл арада сіздің оқулық немесе әдеби кітап, әңгіме, ғылыми-фантастикалық, полициялық-қылмыстық кітап оқуыңыздың айырмашылығы жоқ. Маңыздысы, қармақ сіздің аузыңызға түсті. Алғашқы он бетте алынған тақырып туралы аса көп мағлұмат бермейтін жазушы – сіздің уақытыңызды алып, ұзаққа созатын жазушы. Бір қысқа параграфта ондаған мағлұмат беретін жазушы – сізді шаршатып, басыңызды айналдырып, көтерілген мәселелер жөнінде ойлануға уақыт бермейтін жазушы",-деді.

Бәрінен маңыздысы, кітап бір есікше сияқты әрекет етіп, оқырманды өзінің таңғажайып әлеміне енгізуі керек.

Сізді қызықтырып тарта алмай, шаршататын оқулық кітабы ешқашан сізге бірдеңе бермейді, керісінше сізді ұйықтатады. Артынан сізде кітапты соңына дейін оқымағаныңыз үшін ұждан азабы ғана қалады.

Жақсы кітап шынайы оқырман шығара алады. Бұл оқырман талай рет кітапқа бас қойып, оқудың таңғажайып тәжірибесін тағы да бастан өткереді.  Сондықтан алғашқы беттерінен-ақ сізді өзінің таңғажайып әлеміне әкете алатын кітапты оқыңыз. Жақсы кітап – сізді өзінің  құпияға толы әлемінің мың бір иіріміне бастап барып, басқа ешқай жерде ешқашан көрмеген панорамаларды ұсынатын ашық кітап. Басқа жағдайда ешбір алаңдаушылықсыз оны жауып, бұрышқа қоя салыңыз.  

Қарапайым, бірақ өте маңызды ұғым мынау: жақсы кітап дегеніміз адамды толықтыра түсіп, санасы, қиялы, еркі мен ойын қозғалысқа түсіретін кітап. Кейде балаларға арналған бір кітаптың және кейде үлкендерге арналған терең кітаптың құдіреті соншалықты, оқырманның ойына қозғалыс, өзгеріс, интеллектуалды және физикалық серпіліс тұқымын егеді. Бұл жақсы кітап деген сөз. Әрине менің ұсынысым мынау: жақсы кітап тапсаңыз, міндетті түрде сатып алыңыз, біреуден қарызға алмауыңызды өтінемін. Кітап оқу жолында  бұл кеңеске қатты көңіл бөліңіз.  

Екінші бөлімнің алтын ойы: кітап оқу жабырқаңқы кездерді ләззат алатын сағаттарға айналдырады. Жақсы кітапты оқу ләззатын басқа ештеңемен салыстыруға болмайды. Осындай ләззатқа бөленуіңізді тілейміз!

Тегтер