Кітап оқуға жеті қадам (4)
(last modified Wed, 20 Nov 2019 16:04:48 GMT )
Қар 20, 2019 22:04 Asia/Almaty
  • Кітап оқуға жеті қадам (4)

Басқа қабілеттер сияқты басты техникаларды танып, жаттығу арқылы сіз бір маңызды да әсерлі оқырманға айнала аласыз. Сонда оқу сіздің өміріңіздің басты басымдықтарының біріне айналады. Бірнеше маңызды да қарапайым идея сізге оқып отырған кітабыңызды жақсырақ түсінуге көмектеседі.

Оқу кейде үйрену және есте сақтау үшін жасалады. Бұл бағдарламада үйрену үшін оқуға қажетті бірнеше тәсілмен танысамыз.

Бірінші қадамда бастапқы оқу. Ол кітапта бар мағлұматтарды миымызда топтастырып, мағлұматтарды есте сақтап, оңай үйрену үшін керек. Заттары тәртіпсіз шашылған бір қойманы елестетіңізші. Бір затты тапқымыз келсе, ұзақ уақыт бойы іздеуге тура келеді. Енді бір жиналған бөлмені елестетіңіз. Барлық нәрсе өз орнында. Біз әрбір затты қай жерден табуға болатынын нақты білеміз. Егер мағлұматтарды миыңызда топтастырсаңыз, ми бір жинақы бөлмедей болады. Миыңызға кіргізетін мағлұматтар бөлмеде жиналған заттардай болады. Мұндай жағдайда қандай да бір тақырыпты қажет қылсақ, ми оны тез тауып алып, береді.

Содан кейін бірнеше техниканы үйрену маңызды: маңызды сөйлемдердің астын сызу – кең таралған тәсілдердің бірі. Оқушылар мен студенттердің көбі осы тәсілді қолданады. Оқу кезінде қарындашты пайдаланып, маңызды әрі негізгі идеялар мен тақырыптарды белгілеп отыру керек. Маңызды әрі негізгі идеялар мен тақырыптарды анықтау үшін оның астын сызып, нақты көңіл қойып оқу керек.

Қысқаша жазба алу дәрісті қайталау болғандықтан әсерлі оқу тәсілдерінің бірі саналады. Бұл зейіннің шоғырланып, мазмұнды көбірек есте сақтауға септігін тигізеді. Жақсылап қысқаша жазба алу – ойлауды қажет ететін байсалды да белсенді жұмыс. Жазба алу үшін оқу кезінде белсенді болып, зейін шоғырландыру керек. Зейін шоғырландыру үшін көз бен мидың үйлесе жұмыс істеуі – теңдессіз қуатпен бірнеше көлемде бейнелеп үйренудің бір түрі. Зейін шоғырландыру адамның қабілеттерін нығайтып, мәтінді түсініп, үйренуді жылдамдатады.  

Тіркес оқу – оқудағы (зерттеудегі) әсерлі стратегиялардың бірі. Сөздердің орнына тіркестер мен сөйлемдерді тұтастай оқу зейіннің шоғырлануына көмектеседі. Осы тұрғыдан оқырман өз ойының жылдамдығына жақын жылдамдықпен оқу керек. Егер оның жылдамдығы аз болса, ми белсенді халден қалып, көңілі түсіп, адамның санасын басқа нәрселер жаулап алып, оқу үдерісінен шығып кетеді. Егер оқу жылдамдығы ойлау жылдамдығымен үйлессе, зейіннің артуына себеп болады.

Зерттеп оқу деп жалпы және жеке сұрақтар қойып, соның жауаптарын табу үшін терең әрі әсерлі оқуды айтады. Бір нәрсені іздеген адам көп жағдайда оны табады. Зерттеп оқудың мақсаты – зейін шоғырландыру аясын арттыру және мән-мағынаны тереңірек түсіну. Сол себепті зерттеп оқу адамның зейіні мен қызығушылығын арттырады. Оған қиын тақырыптарды бөліп, сараптауға және жақсырақ түсінуге көмектеседі.

Төртінші бағдарламаның алтын түйіні: кітап – сені шаршатпайтын, ішіңді пыстырмайтын жолдас. Бұл дос сені алдамайды, азаптап тиіспейді. Кітаппен достықтарыңыз жараса берсін!