Кітап оқуға жеті қадам (6)
(last modified Sat, 23 Nov 2019 16:19:47 GMT )
Қар 23, 2019 22:19 Asia/Almaty
  • Кітап оқуға жеті қадам (6)

Аз оқыңыз, бірақ әрдайым оқыңыз. Жолды ақырын әрі бірте-бірте жүріп өту ережесін сақтауды өтінеміз. Кітап оқу біздің өміріміздің сапасын жақсартуға көмектесуі керек еді ғой? Онда неліктен кітап оқуды тоқтатуымыз керек?

Осы орайда қарапайым болғанымен маңызды нәрсені басынан ескертеміз: кітап оқуды бастамас бұрын интернет, қол телефоны мен теледидардан алшақ болыңыз. Кітап оқудан бұрын маңызды телефондарыңызды соғып, сөйлесіп, электронды поштаңызды тексеріп, вебсайттарды қарап алыңыз. Содан кейін оқуды бастаңыз.

Үйдегі немесе кеңседегі бір жерді кітап оқуға арнағаныңыз дұрыс. Кітап оқу біздің ләззаты мол істеріміздің бірі болуы керек, бірақ түрмедегі жеке камераның жағдайын жасаудың қажеті жоқ. Оқудан бұрын жаныңызға өзіңіз қалаған шай немесе кез келген сусын мен тағы басқа жейтін нәрселеріңізді қойып алыңыз. Сонда сіздің миыңызда кітап оқу кезінен өте көркем естеліктер қалады.

Келесі маңызды жайт мынада: шамамыз келгенше минималды кеңістіктерден алшақ болайық.  Facebook, Twitter, Instagram мен басқа әлеуметтік желілер бізді қысқа мәтіндерді оқуға әдеттендіріп алды. Виртуалды кеңістік пен хат алмасу бағдарламаларында ұзақ сөйлемдердің оқылу және лайк жинау мүмкіндігі азырақ екенін тәжірибе көрсетті. Алайда қысқа сөйлемдер бір мезетте жақсы бір сезім тудыруы немесе шабыт беруі мүмкін, бірақ ешқашан бір ұзақ мәтіннің әсерін бермейді. Үнемі қысқа мәтіндерді оқу бізді ұзақ мәтіндерді оқуға шыдамнан айыратыны естеріңізде болсын.

Кітаптың мазмұнын миыңызға біртіндеп жіберіңіз. Сонда олар басыңызға кіріп, жақсы сақталады. Кітап оқыған кезде оның мазмұны туралы жақсылап ойланыңыз. Тез оқу мен жарнаманы тастаңыз. Тез оқу техникаларын үйренудің ешқандай артықшылық бермейтіні анық. Роман немесе газеттерді оқу үшін тез оқу пайдалы болар, бірақ оқулық кітаптарына қатысты бұл дұрыс емес. Кітаптардың көбін су сияқты жұтымдап ішу керек, сонда оның әсері айқын байқалады.

Үйрену дегеніміз жаңа білімдер мен ескі білімдер арасында байланыс орнату болып табылады. Кітапты тез оқыған адам толық оқып, тез түсінуі мүмкін, бірақ оны меңгермеуі ықтимал.

 

Мүмкіндігіңіз болса бірнеше кітапты бір кезде оқыңыз. Ең жақсы кітап оқыған кезде де бір күні оны қолыңызға алмайтындай кез келуі мүмкін.  Осындай жағдайларда әрдайым бір немесе екі кітапты жақын жерге қойыңыз. Шаршағандықтан кітапты бітіріп тастау міндетті емес екені есімізде болсын. Кітапты құштарлықпен оқыңыз.  

Кітап оқуды өз өміріңіздің әрдайымғы үдерісіне айналдыруға шешім қабылдағаннан кейін аптасына бір бағдарлама жасаңыз. Аздан бастаңыз. Мысалы, орташа алғанда күніне жарты сағат, аптасына жалпы 3,5 сағат оқыңыз. Егер бір күні жоспарды орындай алмасаңыз, басқа күндері орнын толтыруға тырысыңыз. Кітаптардың тақырыптарын алдын ала дайындап қойыңыз. Қандай кітап оқимын деген сауалға алдын ала жауабыңыз болсын.

Егер бағдарламаны орындамасаңыз, өзіңізге бір айыппұл белгілеңіз. Айыппұл салу сізді кітап оқуды көбірек тәртіппен жалғастыруға үйретеді. Сонда кітап оқу әдетке айналады.

Ең маңызды жайттың бірі – оқу бағдарламасында дағдылы тәртіпті сақтау.

Алтыншы бағдарламаның алтын түйіні: адамдары оқуды күнделікті ісіне айналдырған қоғам ғана бақытты болады. Сіздердің бақытты болуыңыз біздің тілегіміз!  

 

 

Тегтер