Табанды және мықты Палестина
(last modified Tue, 26 Nov 2019 13:19:10 GMT )
Қар 26, 2019 19:19 Asia/Almaty
  • Табанды және мықты Палестина

Газа секторында Исламдық джиһад қозғалысының екі қолбасшысына лаңкестік әрекет жасалғаннан кейін Палестинаның исламдық қарсыласуы басып алынған жерлерге зымыран жаудырып, сионистік режимді тағы жеңіліске ұшыратты.

Исламдық джиһад қозғалысының басып алынған жерлерге тек үш күн зымыран атқылауы сионистердің атысты тоқтатуды жалынуы мен Исламдық джиһадтың шарттарын қабылдауына себеп болды. АҚШ, Еуропа және Ресейдің заманауи қаруларымен қаруланып, солардың қолдауына ие режим үшін бұдан ауыр жеңілісті елестетуге болады ма?

 

 

 

Сионистік режим өткен жылдары басшылары мен қолбасшыларын өлтіріп, исламдық қарсыласу ағымының Қессам және Құдс батальондарын әлсіретуге талпынды. Қарсыласу ағымының басшыларын өлтіру сырт көзге сионистердің  қауіпсіздігіне себеп болып, олар кісі өлтіру арқылы Палестинаның қарсыласу ағымын жойып немесе әлсіретеміз деп ойлаған болар. Алайда іс жүзінде олай болмады. Өйткені Палестина мен бұл аймақ халқының мәселесі бір адамға байланысты емес. Егер сионистер террор жасаған адамдардың тізіміне шолу жасасақ, олардың көбінесе қарсыласу ағымы басшыларына қарсы лаңкестік әрекет жасағанын көреміз. Бірақ бұл тақырып Палестина халқының басқыншы сионистермен күресу ерік-жігеріне әсерін тигізбеді. Сионистердің қарсыласу ағымы басшыларына қарсы террор жасау стратегиясы олардың  өздері үшін теріс әсерге ие болып, палестиналықтардың шапқыншыларға қарсы бірлігін арттырып, күресті күшейтті. Басып алынған жерлерге зымыран атуды әртүрлі тұрғыдан талқылауға болады. Сионистер ондаған миллиард доллар жұмсап, "Темір күмбез" деген қорғаныс жүйесін жасап, басып алынған жерлердегі қалаларды Палестина мен Ливандағы исламдық қарсыласу ағымдарының зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтарынан қорғай аламыз деп ойлады. Бірақ Ливан мен Палестинаның исламдық қарсыласу ағымдарының сионистік режимнің шабуылына реакция білдіруі бұл соғысқұмар режимнің басшылары мен палестиналықтардың жерлерін басып алушыларға басып алынған Палестина жерлерінің аспанын қарсыласу ағымының зымырандары мен ұшқышсыз ұшақтарынан қорғай алмайтынын көрсетті.  Басып алынған Палестина жерлеріне (Израильге) жасалған жуырдағы зымырандық шабуыл бұл режимнің әртүрлі қалаларында өмір сүретін бір миллионнан астам еврейді панажайларға тығылуға мәжбүрледі. Сионистік режимнің сыртқы істер министрлігі Палестинаның қарсыласу ағымы күштерінің Исламдық джиһад қозғалысы қолбасшыларының біріне қарсы жасалған лаңкестік әрекетке білдірген реакциясынан кейінгі Израиль режимінің жағдайы жөнінде Твиттердегі парақшасында: "Израильдің оңтүстігі мен орталығынан дабыл сигналы естілді. Бір миллион израильдік панажайларға тығылып, мектептер мен жұмыс орындарында демалыс жарияланды",- деп жазды.

 

 

 

Жаулап алынған Палестина жерлері (Израильдің) ақпарат құралдары еврейлер өмір сүретін қалалар зымырандар нысанасына алынған соң : "Палестинаның Исламдық джиһад қозғалысы 11 қарашада қолданған зымыраны жаңа зымыран болғандықтан Тель-Авивтың қарсыласу ағымының әскери әлеуетіне алаңдаушылық білдіруіне себеп болды. Сионистік режимнің 13-ші телеарнасы: "Палестинаның Исламдық джиһад қозғалысының Израильге қарай атқан зымыраны 300 кг салмағы бар әскери оқтұмсыққа ие болды. Бұл зымыран Газаның айналасындағы қалашықтар аймағына қарай атылып, диаметрі 16 метр, тереңдігі 2 метр шұңқыр қалдырды. Бұл зымыран Газадағы палестиналық топтар қолданатын зымырандардан үлкенірек. Оның жарғыш заттарының мөлшері израильдіктерді таңқалдырды",- деп мойындады. Бұл зымыран Газада жасалды. Палестинаның Исламдық джиһад қозғалысының Құдс батальондары бұдан бұрын зымыранның "Барақ 120" деген жаңа түрін көрсетіп, бұл зымыранның толығымен Палестинада жасалғанын мәлімдеді. Палестинаның Исламдық джиһад қозғалысы мәлімдеме жариялап: "Барақ 120" зымыраны әскери қолданысқа еніп, бірінші рет сионистердің әл-Хазире қалашығына қарсы шабуылда пайдаланылды. Бұл зымыранның жойғыш әлеуеті мен дәлдігі  бұдан бұрын көрсетілген зымыранның аталмыш көрсеткіштерінен жоғары",- деп қуаттады. Әл-Құдс батальондарының баспасөз хатшысы Абу Хамзе: "Барақ 120" жаңа зымыраны соғыс кезінде басқыншылардың есебін бұзады",- деді. "Барақ 120" зымырандары жаулап алынған жерлерде  белгіленген нысаналарға атылғаннан кейін сионистердің қашуы ешкім үшін жасырын қалған жоқ. Сионистік режим Кнессетінің мүшесі Офер Шелах Палестинаның Исламдық джиһад қозғалысының басқыншыларға қарсы соғысындағы жеңісін мойындап: "Исламдық джиһад қозғалысы Тель-Авивтың жұмысын толық тоқтатып, жеңіске жеткенін көрсетті",- деді. Сионистік режимі Кнессетінің бұл мүшесі басқыншылар мен Исламдық джиһад қозғалысының арасында атыс тоқтату бітімі жарияланғаннан кейін: "Исламдық джиһад қозғалысы бізді үш күн кепілде ұстады",- деді. Израиль режимінің саяси сарапшысы Гал Бергер де: "Барлық топтар Исламдық джиһадтың атымен бізді нысанаға алады. Израиль Құдс батальонының қолбасшысы  Баха Абу әл-Атаны нысанаға алып, қателік жасады. Қазір бүкіл палестиналық топтар исламдық джиһадтың атымен бізді нысанаға алуда.  Олар бізді нысанаға алу жөнінде келісті. Бұл мәселеге Нетаньяху кінәлі",- деді.  

 

 

 

Жауап ретінде басып алынған жерлерге зымырандардың атылуына себеп болған Исламдық қарсыласу ағымының екі қолбасшысына қарсы Газа секторы мен Дамаскте жасалған лаңкестік әрекеттер Бениямин Нетаньяхудың бұйрығымен іске асырылды. Сионистік режим бір жылдан артық уақыт бойы тұрақсыздықтарға куә болуда. Бұл кезеңде аталмыш режимнің екі сайлауы өтті. Бірақ Нетаньяху үкімет құра алмады. Сондықтан басып алынған Палестина жерлерінде келесі сайлаудың өту ықтималы өте жоғары. Сионистік режимнің премьер-министрі оңшыл экстремистік сионистердің дауысына ие болуды көздеуде. Ол Исламдық джиһад қозғалысының қолбасшыларына қарсы лаңкестік әрекетті іске асырып, өзі үшін жеңіс дауыстарын жинауды деп ойлап, үгіт-насихат жүргізуде. Бірақ Нетаньяхудың бұл саясаты сионистер үшін сәтсіздіктен басқа еш нәрсе әкелмеді. Керісінше Палестинаның исламдық қарсыласу ағымының күш-қуатын арттырды. Нетаньяху Исламдық джиһадтың екі қолбасшысын террор еткені үшін бұл қозғалыстың реакциясы мен Израиль режимінің сынына тап  болды. Нетаньяху Тель-Авивке зымыран атылған кезде панажайға кеткен адамдардың бірі болды. Сионистік режимнің ортақ штабының бұрынғы қолбасшысы және Кнессеттің мүшесі Габи Ашкенази бұл туралы: "Менің ойымша, қашып бара жатқан Бениямин Нетаньяхудың суреті барлық израильдікті түңілтті. Бұл көріністі көру – біз үшін қызық емес. Бұл мәселенің ішкі саяси қайшылықтармен қатысы жоқ деп ойлаймын",- деді.  "Maariv"-тің мәліметінше, сионистік режим армиясы мен Моссад басшылары сайлауды өздерінің саяси мүдделеріне пайдалануда. Нетаньяху ішкі, аймақ пен әлемдік деңгейлерде толық сәтсіздікке ұшырады. Нетаньяху басқарған сионистік режим өз достары мен одақтастарынан айырылуда. Сионистердің шапқыншы саясаты сионистік режимнің достары мен одақтастары үшін көптеген қаржылай шығын келтіруде. Сондықтан олар енді бұл режимді қолдағысы келмейді. Еуропалық үкіметтердің Дональд Трамптың 1967 жылдан кейін басып алынған Палестина жерлерінде сионистік режимнің қалашықтар құрылысын қолдауына реакция білдіруін осы мәселеге байланысты бағалауға болады. Еуропалық үкіметтердің көбі бұл әрекетті айыптады. Люксембург немесе Британияның Лейбористік партиясының төрағасы Джереми Корбин секілді саясаткерлер Палестинаның тәуелсіз үкіметін ресми тануды талап етті.

 

 

Тегтер