Кітап оқуға жеті қадам (7)
(last modified Tue, 26 Nov 2019 14:43:30 GMT )
Қар 26, 2019 20:43 Asia/Almaty
  • Кітап оқуға жеті қадам (7)

Оқудың маңыздылығы кітаптың өмір сапасын жақсартуға көмектесетіндігінде. Сондықтан үйренгендерімізді өмірде қолдануға талпынуымыз керек. Қандай кітап оқу және қалай кітапсүйгішке айналу керектігін түсінгеннен кейін үйренгенімізді іске асыруымыз керек.


 

Кітап индустриясы мен оқу мәдениетін дамытуға атсалысып жүрген адамдар мен мамандар әртүрлі тәсілдермен баспа, электронды және дыбыстық кітаптардың түр-түрін ұсынып, таратуға күш салып, шамалары келгенше кітаптан қашу мәселесін шешуге талпынып жатыр.   

Сіздер де кәсіби кітапсүйгішке айналып, оқу және кітап оқу мәдениетін жоғарылатуға талпынасыздар деп үміттенеміз. Мұның тәсілі көп. Солардың бірі – кітаппен алмасу. Бұл тәсілде адамдар бір-бірімен кітап алмасады. Бір қызығы, көптеген сайттар осы салада жұмыс істейді.

Иранның Теһран қаласында кітаппен алмасу орталығы ашылған. Бұл орталықты ескі арманды орындауға берілген жер деп атауға болады. Бұл – үйіңізде, тіпті кейде қоймаға жинаған кітаптарыңызды қажет кітаптарыңызбен алмастыратын жер.

Тағы бір тәсіл – кітап айналымы. Онда сіз кітаптарыңызды қоғамдық орындарға тастап кетесіз де, Дүниежүзілік тегін кітапханаға мүше болып кіресіз. "Book Crossing" деп аталатын бұл мәдени қозғалыс қазір әлемнің 132 елінде танылған.

"Кітап дос қана емес, сізге дос та тауып береді". Бұл  – халықаралық қозғалыстың мүшесі болып табылатын адамдардың ұраны. Олар өздері оқыған кітаптарды тегін және ешбір шартсыз қоғамдық орындарға қалдырып, басқа адамдардың да қолдануына жағдай жасайды.

"Кітап айналымы" белсенділері саябақта, автобус пен метро аялдамаларында, кафелер мен ресторандар сияқты тағы басқа жерлерде өздері қалаған кітаптарды тастап кетумен шектелмейді. Көп жағдайда адамдар бір-бірімен кездесіп, кітап оқушылар тобын құрып, өздері қалаған көрнекті кітаптардың тізімін жасап, бір-бірімен алмасады. Виртуалды кеңістікте сын-пікір алмасу отырыстары мен жыл сайын форумдар өткізеді.

 

 

Кітап үйренудің негізгі көздерінің бірі екенін ешқашан ұмытпаңыз. Бәрінен бұрын қалай кітап оқу қажеттігін үйренуге талпынайық. Жақсырақ өмір сүру үшін үйренуді үйренуіміз керек.  

Жетінші бөлімнің алтын түйіні: кітап оқу дағдысы біздің дүниемізді өзгерте алады. Егер айтқан ережелерді сақтайтын болсаңыздар, біртіндеп кітап оқуға тәуелді болып қаласыздар. Бұл дүниеде осыдан артық ләззат сыйлайтын басқа бір тәуелділік бар деп ойламаймыз.   

Тегтер