Жел 17, 2019 18:58 Asia/Almaty
  • Гүлстан облысында 28-ші Намаз Конгресі өтті

Иранның солтүстігіндегі Гүлстан облысына 28-ші Намаз Конгресіне қатысу үшін 400-ден астам маман мен ойшыл келді.

"Ешбір адам санына жете алмайтын илаһи нығметтердің кейбіреуі ойланатын адамдарды таңдандырады. Сондай нығметтердің бірі – намаз. Намаздағы зікір мен әрекеттер, уәжіп және мұстахаб намаздардың тәртібі, адамның бар ниетімен беріліп оқуын қуаттауы, намазды мешітте және жамағатпен оқуға ерекше назар аудару, тазалық, адамның ағзасы мен киімінің нәжістен таза болуы, ғұсыл мен дәреті, сондай-ақ әлемнің әр жерінен қасиетті Қағбаға қарай бет бұру мен намаздың мазмұны осы илаһи құбылыстың адамды таңғалдыратын факторлары саналады. Бұл үлкен нығметті бізге Алла Тағала сыйлады. Бұл нығметті пайдаланып, жанымызды тазартып, өзімізді күнәләрдан алыстатамыз; өз қоғамымызда өзара қарым-қатынас орнатып, рухани өмірге ие болып, қауіпсіздік пен психологиялық тыныштыққа жетіп, дағдарыстардан шығып, тұрмысымыз бен көңіл-күйімізді, өміршеңдігімізді жақсарта аламыз. Қоғам бұл нығметтен мақұрым қалмасын деп намаз ғибадат ретінде сыйға тартылды. Бұл үлкен нығмет біз үшін қаржы және уақыт тұрғыларынан ең аз уақыт кететіндей сыйланып, біздің шексіз ризашылығымызға  ие болды". (Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеидің Намаз Конгресіне жолдауынан үзінді).

 

 

 

Илаһи діндер, әсіресе Ислам дінінің ең маңызды белгілерінің бірі – намаз. Намаз маңызды діни ғибадаттардың бірі ретінде адамның дамуына үлкен әсер етеді. Намазды орындауды қуаттау саласында Гүлстан облысында 28-ші Намаз Конгресі өтті. Бұл Конгресті халық, әсіресе жастар жақсы қарсы алды.  Конгресті намаз мәдениетін тарату саласындағы жұмыстарды бағалаудығ бір түрі деп атауға болады. Намазға арналған Конгрестің бірнеше жылдан бері Иранның әртүрлі қалаларында Алланы мадақтау және Жаратушының есімдерін еске алу мақсатында өткізіліп келеді. Өткен аптада Иранның солтүстігіндегі Гүлстан облысына 28-ші Намаз Конгресіне қатысу үшін 400-ден астам маман мен ойшыл келді.

Намаз штабы жыл сайын Конгресс өткізіп, қоғамда намаз мәдениетін таратуды мақсат етеді. Діни құндылықтарды тарату исламдық Иранның күннен күнге рухани дамуына себеп болып келеді. 28-шы Намаз Конгресі 12 желтоқсанда Иранның Жоғары соты Раиси, Білім министрі Мохсен Ходжи Мирзаи, Намаз штабының басшысы Қераати және намаз істері жөніндегі бірақатар жауапты тұлғаның қатысуымен "Намаз және мектеп" тақырыбымен Гүлстан облысында өтті.

 

28-ші Намаз Конгресі

Гүлстан облысының орталығы Горганда өткен 28-ші Намаз Конгресінде Иранның Жоғары соты Сейед Ибрахим Раиси қоғамдағы әлеуметтік және ахлақи қоқан-лоққылардың күн сайын артып келе жатқанына тоқталып, намазға сүйенуді қоқан-лоққыларға қарсы тұратын жағдай тудырушы фактор деп атап: "Адамның табиғаты Алламен қарым-қатынас орнатуды қажет етеді. Намаздың арқасында тікелей қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туады. Намаз үйде басталғанымен, мектеп, жоғары оқу орындары, кеңселер cияқты исламдық қоғамның барлық бөліктері осы илаһи және рухани байланыстың көрінісі болуы керек. Мешіт – жердегі Алланың үйі және Жаратушымен қарым-қатынас орнататын орталық. Егер адам мен Алла арасындағы қарым-қатынас тіпті бір сәтке үзілсе, адам мен бүкіл жаратылыс жойылатын жағдай туады. Сондай-ақ намаз оқудың жалғасуы қоғамда әділеттің орнатылуына жеткізеді. Намаз қоғамды қоқан-лоққылардан алыстатып, жеке адам, қоғам, экономика, саясат, сот пен билікті шындық пен әділет жолына қарай нұсқайды",- деді.

 

Иранның намаз штабының басшысы дінтанушы Мохсен Қераати басқосуда сөйлеген сөзінде: "Мемлекет дұшпандардың қастықтарына қарсы намазбен табандылық көрсетеді. Сегіз жылдық қасиетті қорғаныс соғысы кезіндегідй қазір де ел соғыспен бетпе-бет келсе, мешітке баратындар соғысқа аттанады. Намазға немқұрайдылық артқан сайын, қоғамда жемқорлық көбейеді.  Аллаға жақындағысы келген адам үшін намаз бұл мәселені шешетін жол болып табылады. Мешіт пен намазды жақсы көретін адам таза киім киіп, лас жерге отырмайтын адам секілді",- деді. Мохсен Қераати бүгінгі буынды құтқару үшін намаздың маңызды екенін қуаттап: "Адаммен дос болған кезде намаз мәселесіне көңіл бөлу қажет. Өйткені Аллаға немқұрайдылық білдірген адам сізге немқұрайдылық білдіреді",- деді.

 

Иранның Намаз штабының басшысы Мохсен Қераати

 

 

28-ші Намаз Конгресі "Намаз және мектеп" деген тақырыппен өтті.  Ислам тағылымдары  басынан бастап, баланың өмірі үшін сындарлы бағдарламалар ұсынды. Соларды іске асыру адамның бақытты болуына кепілдік береді. Сәбидің құлағына айтылған азан мен иқама ол үшін бірінші илаһи әуен. Шындығында азан мен дұға баланың нәзік рухына ерекше әсерін тигізеді. Бала кезінен намаз оқуды бастап, жасөспірім кезінде Алла, дін, діни құндылықтар сынды түсініктермен танысып, олар оның болмысында қалыптасады. Сондықтан намаз оқуды бала намазды түсіне бастаған кезден үйрете бастаған дұрыс. Бұл кезең баланың шамамен бес-алты жасынан бастап, алты-жеті жасында қалыптасады.  Әрине бұл жаста баланы мәжбүрлемей, намазбен тек таныстыру керек.  Имам Садық (ғ.с.): "Бала үш жасқа толғанда оған жеті рет  «لا اله اله الله»деп, үш жас жеті айға толғанда жеті рет  «محمد رسول الله», төрт жасқа келгенде жеті рет  «صلی الله علی محمد و آل محمد» деп айт,-  дейді. Бес жасқа толғанда баладан сол қолың мен оң қолың қайсы деп сұрайды. Егер бала дұрыс жауап берсе, оны Құбылаға қаратып: "Сәжде жаса",-деп, алты жасқа дейін бос қояды. Алты жасқа толғанда рукуһ пен сәждені үйретеді. Жеті жасқа келгенде: "Екі қолың мен бетіңді жу",- дейді.  Содан соң тоғыз жасында намаз оқытады",- деген болатын.

 

 

Сондықтан балалық шақ – жасөспірімдік кезеңге дайындық. Жасөспірім өзінің мейірімі мен рухына байланысты қоғамдық жағдай, достары мен құрдастарының ықпалына көп түседі. Психологтардың пікірінше, жасөспірімнің ерекшелігі – достарының пікірлерін оңай қабылдауы. Бұл алаңдататын жайт. Сондықтан Алламен қарым-қатынас орнату болмысында қалыптасқан жасөспірімнің қоқан-лоққылардың ықпалына түсуі төмендейді. Сонымен бірге жасөспірім кезіндегі ғибадаттың ләззаты жүрекке өте қонымды әрі бақытты өмірге жететін жолды көрсетеді.  "Үй-ішіңді намазға бұйыр және өзің де оған көңіл бөл...". ("Таһа" сүресі, 132-ші аят).  Жасөспірімдер мен жастар үйренуге құштар болады. Олар қауіпсіздік пен тыныштықты, сондай-ақ рақымды құдыретке жақын болуды қажет етеді. Құран мен намаздың жүрекке қонымды дауысын есту, сондай-ақ ақпарат құралдары мен білім орталықтарынан үлгі алуы жастардың діни сенімдерін нығайтады. Сондықтан мектептер мен білім орталықтарында намаз оқу маңызды.

Гүлстан облысында өткен 28-ші Намаз Конгресімен бір мезгілде жамағат намазын таратудың үздіктері марапатталды.

 

 

 

Тегтер