Хазірет Фатима (ғ.с.) (4) "Татхир "аяты
Исламның ұлық пайғамбарының сүйікті қызы хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) арналған аза күндерге байланысты әлемнің баршы мұсылмандарына көңіл айтып, бұл қадірлі бануге байланысты Құранның сүрелері мен аяттарының тәпсірін ұсынамыз.
Бұл жолы "Ахзаб" сүресінің "Татхир" аяты деп аталған 33-ші аятына назар аудартып, хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мен оның әйгілі жұбайы хазірет Әли (ғ.с.) және олардың екі перзентінің пәктігіне тоқталамыз.
Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) "Татхир" аяты бойынша, әр ластықтан таза. Пайғамбардың (с.ғ.с.) әйелі Умма Саламе: "Күндердің бірінде Фатима (ғ.с.) тамақ пісіріп, Пайғамбарға (с.ғ.с.) әкеліп береді. Сол күні хазірет менің үймде еді. Тамақты Фатима (ғ.с.) дайындап әкелген болған соң, барлығы оны жеді. Содан соң Алла елшісі олардың үстін абасымен жауып, "Ахзаб" сүресінің 33-ші аятын оқыды: "Уа, Алла! Бұлар Пайғамбардың үй-іші! Бұлардан арамдық пен ластықты аулақ қылып, оларды пәк және таза сақта".
Рауаяттардың бірінде: "Татхир" аяты түскенен кейін Алла елшісі біраз уақытқа дейін таңғы намаз кезінде Фатима-Заһраның (ғ.с.) үйінің есігінің алдында тұрып, екі қолын есіктің екі жағына қойып: "Уа, әулетім! Сәлем. Алланың рақымы мен берекесі сендерге тисін. Намазға тұрыңдар. Мен сендерге қарсы соғысатындармен соғысамын және сендермен бейбіт өмір сүретіндермен бейбіт өмір сүремін",- дейтін",- деп айтылды. "Расында Алла Тағала сендерден, әулетімнен жамандық пен ластықты алыстатады". Алла елшісі бұл аятты оқып, баршаға "Татхир" аятының оның әулеті туралы және оларды намазға шақыруның себебі мұсылмандарға үлгі болу үшін екенін түсіндірді.