Газа секторы күні
(last modified Sun, 19 Jan 2020 11:43:36 GMT )
Қаң 19, 2020 17:43 Asia/Almaty
  • Газа секторы күні

29 дей (19 қаңтар) – Газа секторы күні. Осы күнге орай Газа секторының соңғы жағдайына тоқталамыз.

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі 2010 жылы Газа халқының 2008 жылдағы 22 күндік соғысындағы қарсыласуын еске алу мақсатпен 29 дейді «Газа күні» деп атады. Газа секторының көлемі 360 км² және бұл жерде шамамен 2 млн халық өмір сүреді. Газа секторы  Мысырмен 11 км, басып алынған Палестина жерлерімен 51 км орта шекараға ие және оның Жерорта теңізі жағалауы 40 км созылады. Газа секторы 1948-1967 жылдар аралығында Мысырдың бақылауында болды және 1968-2005 жылдарда Израильмен басып алынды. 2005 жылдан изриальдік әскерилер артқа шегініп, Газа секторы Палестинаның исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-тың бақылауында.

Газа секторы

2005 жылдан осы кезге дейін сионистік режим Газа секторына қарсы зорлық-зомбылықтың әр  түрін іске асырды. 2006 жылдан бері бұл режим Газа секторын жанжақты қоршауға алды. Сондай-ақ, Газа секторына қарсы 2008, 2012, 2014, 2018 және 2019 жылдарда соғыстар ашты. Сионистік режим 2008 жылдың соңында ХАМАС-ты жою үшін 22 күндік соғысын бастады. Израильде «Құйма қорғасын» және арабтардың арасында «Газаны қырып-жою» немесе «22 күндік соғыс» деп аталған бұл соғыс 2008 жылдың 27 желтоқсанында басталып, 2009 жылдың 17 қаңтарына дейін жалғасты. Бұл теңсіз соғыс барысында 1450-ден астам палестиналық шәһид болып, 5000-нан астамы жарақат алды. Сионистік режимның Газа секторына қарсы 2012 жылдағы 8 күндік соғысында 163 палестиналық шәһид болып, 1300-ден артығы жараланды. 2014 жылы сионистік режим 2008 жылдан кейін үшінші рет Газа секторына қарсы үшінші рет шабуыл жасап, бұл 51 күнге созылған соғыста 2158 палестиналық шіһид болып, 11000-нан астамы жарақат алып, инфрақұрылымдар қирап, Газа халқының өмір сүру шаралары одан сайын қиындады. Сионистік режимның Газа секторына қарсы шабуылдары 2014 жылдан кейін де жалғасты. Бірақ 2018 жылдың қазан айындағы 4 күндік соғыс Бениамин Нетаньяхудың кабинетінің ыдырауына әкелді. Сондай-ақ, 2015 жылдың мамыр айындағы 4 күндік соғыс қыркүйек айындағы сайлаудағы Нетаньяхудың сәтсіздікке ұшырауының себептерінің бірі саналады. 2019 жылдың мамыр айындағы 4 күндік соғыс барысында шамамен 30 палестиналық, олардың ішінде екі әйел мен 14 айлық сәби шәһид болып, 170 адам жараланды. Палестина шәһидтері отбасылары ұлттық қоғамы 2019 жылы 149 палестиналықтың, олардың ішінде 33 баланың шәһид болғанын хабарлады. 112 палестиналық шәһид Газа секторында қаза тапты.

Соғыспен қатар сионистік режим 2006 жылдан бері Газа секторын жанжақты қоршауға алып, шамамен 14 жыл бойы соғыстан да жаман қылмыстарын іске асырып келеді. Қоршауға түсудін салдарынан Газаның экономикасы шынайы зардап шегіп, бұл мәселені Газадағы қоршаумен қарсыласу халық комитетінің басшысы Джамал Хезри қуаттады. Ол: «Халық тұрмысының бүкіл тұрғыларына таралған Газа секторының 13 жылдық қоршауының салдарынан 2019 жыл бұл жердің экономикасы үшін ең нашар жыл болды»,- деді. Хезри газаның жағдайы жөніндегіүрейлі мәліметтерге тоқталып: «Осы кезде Газа секторында кемінде 250000 адам жұмыссыз және аймақ тұрғындарының 85 пайызы кедейлік шегінен төмен өмір сүреді. Қоршау мен экспорт-импорт шектелулеріне байланысты Газа секторындағы зауыдтар өндірісі  20 пайызға төмендеп, экономикалық орталықтардың 80 пайызының жұмысын тоқтап, жұмыс жасап отырған орталықтардың өндірісі 50 пайыздан төмендеді»,- деп мәлімдеді. Джамал Хезридің айтуынша, қоршаудың нәтижесінде 2019 жылдың соңына дейін Газаның экономикалық бөліміне тікелей немесе тікелей емес түрде ай сайын 100 млн долларға жуық шығын келтірілді. Хезри: «Осы кезде 2014 жылдың жазындағы 51 күндік соғыс ағымында қиратылған үйлердің 20 пайызы әлі қайта жөнделген жоқ және бұл үйлердің иелері өте ауыр жағдайда өмір сүруде»,- деді.

Газа секторының қошауы

Палестинаның Өнеркәсібі одағының басшысы Мұхаммад әл-Менси де: «2019 жылы газада  Израильдің қоршауының салдарынан 520 зауыт жабылды. Мыңдаған жұмысшы жұмыстарынан айырылды. Бұл жағдай Газадағы кедейшілік пен жұмыссыздықты арттырды. Зауыдтардың жабылуынан мата мен тоқыма өнеркәсібі ең көп шығын көрді»,- деді.

Газа секторының қоршауы бұл жағдайымен бірге дәрі-дәрмектің тапшылығына және науқастардың өліміне әкелді. Сондай-ақ мыңдаған халықтың өліміне азық-түліктің тапшылығы себеп болды. Осы күнге дейін көптеген халықаралық органдар, олардың ішінде БҰҰ сионистік режимнің Газа секторындағы қоршауын жалғастыруы бқл жерді өмір сүруге болмайтын жерге айналдыруда»,- деп ескертті.  Сионистік режим соғыс пен қоршауымен шектелмей, палестиналық  басшыларға қарсы лаңкестік әрекеттерін жалғастыруда. Мәселен, 2019 жылдың қараша айында исламдық жиһад қозғалысының басшыларының бірі Баһа Абу әл-Атаға қарсы лаңкестік әрекет іске асырылып, оның қаза болуына себеп болды.

Газа секторының өзгерістеріне байланысты екі тақырып маңызды. Біріншіден, сионистік режим өз қылмыстарын АҚШ-тың тікелей қолдауымен іске асыруда. Дональд Трамп үкіметі АҚШ-тың басқа үкіметтерінен артығырақ сионистік режимге қолдау көрсетуде. Бұл қолдау «Ғасыр мәмілесі» деп аталған жоба түрінде қалыптасты. 2019 жылдың қараша айында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помео басып алынған Құдстегі сионистік режимнің қалашықтар құрылысын өз елінің ресми түрде қолдайтынын жариялады. Екінші мәселе, Газа секторындағы қоршауға қарамастан қарсыласу топтарының қорғаныс және стратегиялық күш-қуатының артуы болып табылады. 2019 жылдың мамыр айындағы Израильдің Газа секторына қарсы соғыс барысында қарсыласу топтары 4 күннің ішінде басып алынған жерлерге қарай 650 зымыран атты. Газа халқы көптеген қиындықтарға қарамастан сионистік режимге қарсы тұру жігерге ие. Бұл жігерді «Қарсыласу құқығы» деп аталған шерулерде байқауға болады. Бұл шеру барысында осы күнге дейін 322 адам шәһид болып, 31000-нан астам адам жарақат алды. Әрине егер палестиналық топтар саяси қайшылықтарын шетке қойып, бірігетін болса, қарсыласу топтарының құдыреті мен стратегиялық әлеуеті бірнеше есе артады. Нәтижесінде Изриальдің басқыншы режимінің Газа секторына шабуыл жасауға күші жетпейтін болады.

"Оралу құқығы" шеруі