Хазірет Фатима (ғ.с.) (8) «Каламат» аяты
(last modified Wed, 22 Jan 2020 14:44:50 GMT )
Қаң 22, 2020 20:44 Asia/Almaty
  •  Хазірет Фатима (ғ.с.) (8) «Каламат» аяты

Исламның ұлық пайғамбарының қадірлі қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні кейбір рауаяттар бойынша джамади аууал айының 13 жұлдызы, басқа рауаяттар бойынша джамади әс-сани айының 3 жұлдызы. Осы екі күннің аралығында хазірет Фатиманы (ғ.с.) аза тұту рәсімдері өтеді. Осы күндерге байланысты хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) қатысты Құран аяттарының тәпсірін ұсынамыз.


 

Бүгін Алла Тағаланың хазірет Адамға тәубе ету үшін үйреткен және оның хазіреттің тәубесі қабыл болуына себеп болған сөзіне тоқталамыз.

Ібілістің азғыруы мен хазірет Адамның жаннаттан шығарылуынан кейін ол өзіне зұлымдық жасағанын түсініп, өкініп, Алланың  алдында тәубеге келді. Алла мейірімділігімен хазірет Адамға көмекке асығып, оған тәубесі қабыл болатын сөз үйретті. Құранның «Бақаре» сүресінің 37-ші аятында:  «Сонда Адам (ғ.с.) Раббынан сөздер үйреніп алды да жалбарынды. Раббы оның тәубесін қабылдады. Өйткені Ол тәубені өте қабылдаушы, ерекше мейірімді»,- деп айтылды.

Алланың тәубеге келуі үшін хазірет Адамға үйреткен сөзі туралы сарапшылардың арасында әрүрлі пікір бар. Исламның ұлық пайғамбары әулеті тарапынан айтылған көптеген рауаяттағы сөздер Алланың ең жақсы жаратылыстардың есімдері, яғни Мұхаммад (с.ғ.с.), Әли (ғ.с.), Фатима (ғ.с.), Хасан (ғ.с.) және Хусейн (ғ.с.) болды. Хазірет Адам бұл сөздер арқылы Алладан кешірім сұрады. Алланы оны кешірді. Бұл сөздер өз ісіне өкінген хазірет Адамның тәубесінің қабыл болуымен бірге Жүсіп үшін жылап, көзі көрмей қалған хазірет Жақыпқа көру қабілетін қайтарды, Нұх пайғамбардың кемесінің дауылдан құтқарылуына, хазірет Ыбырайымның өртінің суып, оның гүлстанға айналуына себеп болды.

 

 

 

 

Тегтер