Хазірет Фатима (ғ.с.) (11) «Фатима» есімі
(last modified Sun, 26 Jan 2020 13:52:33 GMT )
Қаң 26, 2020 19:52 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима (ғ.с.) (11)  «Фатима» есімі

Исламның ұлық пайғамбарының қызы хазірет Фатима-Заһраны (ғ.с.) аза тұту күндері өтуде. Осыған орай хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) байланысты Құран аяттарының тәпсірін ұсынып, қадірлі банудың лақап аттары мен қадір-қасиеттеріне тоқталамыз. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) берекесінен пайдаланып, ерекшеліктері мен сипаттарынан үлгі алуға талпынайық.

 

Тақырыбымыздың жалғасында хазірет Фатиманың (ғ.с.) қасиетті есімдері мен олар туралы пәк имамдардың рауаяттарына тоқталамыз. Бүгін қасиетті «Фатима» деген есімге назар аударамыз.

Имам Садық (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбарының қызына қойған аты жөнінде: «Жер бетіндегі қадірлі қызға «Фатима» деген есім қойылды. Өйткені оның адал жақтастары тозақ отынан аман қалады»,- деген. Алла елшісі де рауаяттарының бірінде Жебірейілдің түсіп, қызының есімін «Фатима» деп қоюды, оның жақтастары тозақ отынан құтқарылатыны туралы хабарлағанын айтқан. Имам Садық (ғ.с.) келесі рауаятында: «Фатима, яғни жамандықтардан алыс болу. Егер имам Әли (ғ.с.) хазірет Фатимамен (ғ.с.) отау құруға шешім қабылдамағанда хазірет Адамнан қияметке дейін жер бетінде оған теңдес адам табылмайтын еді»,- деді.

Хазірет Бақер (ғ.с.) былай деп айтқан: «Фатима (ғ.с.) дүниеге келген күні Алла уәһи періштесіне Пайғамбарға (с.ғ.с.) сәбиінн «Фатима» деген ат қоюды жеткізуді бұйырды. Содан соң Алла қадір-қасиеті мол бануға: «Мен өз біліміммен сені басқа пенделерімнен ерекше, олардан артық және пәк жараттым»,- деді». Имам Бақер (ғ.с.): «Алламен ант етемін, Алла бұл бануды білімімен басқалардан артық және пәк қылып жаратты»,- деді.

 

 

 

Тегтер