Хазірет Фатима (ғ.с.) (14)"Закие" есімі
Исламның ұлық пайғамбарының қызы хазірет Фатима-Заһраны (ғ.с.) аза тұту күндері өтіп жатыр. Осыған орай хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) байланысты Құран аяттарының тәпсірін ұсынып, қадірлі банудың лақап аттары мен қадір-қасиеттеріне тоқталамыз. Бүгін "Закие" есіміне назар аударамыз.
"Зәкие" тазалық, пәктік пен өсу деген мағыналарды білдіреді. "Зәкие" – кез-келген ластанудан, күнәдан немесе жамандықтан аулақ болу. Шын мәнінде, «Зәкие» деп ахлақтың бүкіл ластығынан аулақ болып, өз болмысына жамандыққа жол бермейтін әйелге айтылады. Имам Әли (ғ.с.) хазірет Фатимаға (ғ.с.) үйленгеніне мақтаныш білдіріп: «Мен – әлем әйелдері басшысының жұбайымын. Фатима тақуа, пәк және мейірімді адам. Ол Алла тарапынан дұрыс жолға нұсқалды; Алланың Пайғамбарының ең жақсы қызы»",- деді.
Тақуалық пен нәпсіні тазартудың маңыздылығы Құранның "Шамс" сүресіндегі он бір анттан кейін нәпсіні тазартуды адамның өзін-өзі құтқаратын және бақытқа жеткізетін жалғыз фактор ретінде анықталуымен белгілі болды. Өнгегесіздік бақытсыздық пен зиянның себебі ретінде сипатталды. "Расында нәпсісін тазартқан кісі құтылды да; Әлде кім оны кірлетсе қор болды". ("Шамс" сүресі, 9-10 аяттары). Осыған орай Алла Тағала өзінің мейірімділігімен пайғамбарларды адамдарға зұлымдықтары мен олардың салдарлары жөнінде хабарлауға жіберді. Уаһиды жеткізуші пәк имамдар (ғ.с.) адамзатқа Құран мәдениетін тарату арқылы насихаттайды. Олар Алла елшісі хазірет Мұхаммад-Мұстафадан (с.ғ.с.) кейін анасы хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мен әкесі хазірет Әлиден (ғ.с.) бұл іске мұрагер болды. Рауаяттар бойынша, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) бұл аяттарды оқыған сайын: "Уа, Алла, нәпсіме тақуалықты сыйлай гөр, өйткені сен шынайы қамқоршысың. Сондай-ақ, нәпсімді тазарта гөр, өйткені өзің ең жақсы тазартушысың",- деп тілейтін.