Хазірет Фатима (ғ.с.) (18) «Таһере» есімі
(last modified Wed, 29 Jan 2020 08:07:44 GMT )
Қаң 29, 2020 14:07 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима (ғ.с.) (18)   «Таһере» есімі

Исламның ұлық пайғамбарының қадірлі қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні кейбір рауаяттар бойынша джамади аууал айының 13 жұлдызы, басқа рауаяттар бойынша джамади әс-сани айының 3 жұлдызы. Осы екі күннің аралығында хазірет Фатиманы (ғ.с.) аза тұту рәсімдері өтеді. Осы күндерге байланысты хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) лақап аттары мен қадір-қасиеттеріне назар аударамыз. Бүгін Алла елшісінің қадірлі қызының «Таһере» есіміне тоқталамыз.

«Таһере» –  хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) есімдерінің бірі. Бұл сөз кемшіліктің жоқтығы мен пәктіктікті білдіреді. Имам Реза (ғ.с.) зияратының бір бөлімінде: «Уа, Алла! Пайғамбардың қызы, хазіреттің орынбасарының өмірлік серігі, жаннаттағы жастардың екі қолбасшысы – Хасан мен Хусейннің анасы Фатимаға рақымыңды жібер. Уа, Алла! Пәктік пен тақуалықтың көрінісі Фатимаға рақымыңды жібер»,- деп айтылды. Хазірет Заһраның (ғ.с.) зияратнамасында да былай деп айтылды: «Сәлем, саған уа, пәктік пен тақуалықтың көрінісі!». Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) пәктігі туралы ең маңызды хадис – шиіттер мен сүнниттер ондаған құжатпен растаған «Каса» хадисы. Бұл хадис бойынша, Алла елшісі күндердің бірінде қызы Фатиманың (ғ.с.) үйіне келіп, үстіне абасын жамылып отырады. Бірнеше минуттан кейін Хасан (ғ.с.) мен Хусейн (ғ.с.), содан соң Әли (ғ.с.) мен Фатима (ғ.с.) да хазіретке жақындайды. Сол кезде «Татһир» аяты деп танымал болған «Ахзаб» сүресінің 33-ші аяты түседі: «Уа, Алла! Бұлар Пайғамбардың үй-іші! Бұлардан арамдық пен ластықты аулақ қылып, оларды пәк және таза сақта». 

Шиіт және сүннит  тәпсіршілері мен хадисшілері Пайғамбардың үй-іші мүшелерінің бірі хазірет Седиқе Таһере, яғни хазірет Фатима (ғ.с.) деп санайды. Негізінде осы аят негізінде «Таһере» есімі бұл ұлы банудың пәктігін, ластықтан таза болғанын растайды.

 

 

 

 

Тегтер