Хазірет Фатима (ғ.с.) (19) «Седдиқе» есімі
(last modified Wed, 29 Jan 2020 08:40:20 GMT )
Қаң 29, 2020 14:40 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима (ғ.с.) (19)  «Седдиқе» есімі

Исламның ұлық пайғамбарының сүйікті қызы хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) арналған аза күндеріне байланысты әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтып, қадірлі банудың лақап аттары мен қадір-қасиеттеріне назар аудартамыз. Бүгін «Седдиқе» есіміне тоқталамыз.

«Седдиқе» хазірет Заһраның келесі бір есімі. Араб тілінде «Седдиқ» деп адал, әділ адамға айтылады. «Седдиқ» деп ісі мен сөзінен тек шындық көрінетін адамдарға айтылады. Имам Резаның (ғ.с.) рауаяттарының бірінде: «Фатима шыншыл, дүниеден шәһид болып кеткен әйел»,- деп айтылды. Алла елшісінің әйелі Айша: «Алла елшісінен кейін еш уақытта Фатимадан шыншыл адам көрмедім»,- деген болатын.

Әділ, шыншыл адамдар пайғамбарлар мен шәһидтердің қатарына қосылады. Бұл тақырыпты көптеген аяттар растайды. Олардың бірі «Ниса» сүресінің 69-шы аяты: «Ал және кім Аллаға, пайғамбарға бойұсынса, міне солар; Алла Тағала нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар, шәһиттер және игілермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас». Шыншылдар ахлақ пен амалдың үлгілері. Егер адам сөзі мен ісінде шыншылдықтың үлгісіне жетсе, аталмыш аятта айтылғандардың қатарына кіреді. Хазірет Фатима (ғ.с.) қадір-қасиеттері үшін «Седдиқе» деп аталды. Құран Кәрімде Алла Тағала иманға ие, тақуаға адамдарға шыншыл болуды насихаттайды: «Әй, мүміндер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар». («Тәубе» сүресі, 119-ші аят). Бұл аятқа жасаған көпетеген сараптамалар шыншылдарды пәк имамдар (ғ.с.) деп таныстырды. Сондықтан біздің өмір сүру тәсіліміз хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) мен имам Әли (ғ.с.) және пәк имамдардың өмір сүру тәсілі болуы керек. Исламның ұлық пайғамбарынан кейін олардың өмір сүру тәсілі ең жақсы үлгі.

 

 

 

Тегтер