Хазірет Фатима (ғ.с.) (17)"Мүбәрәке" есімі
Исламның ұлық пайғамбарының қызы хазірет Фатима-Заһраны (ғ.с.) аза тұту күндеріне орай әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз. Осы күндерге байланысты хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) лақап аттары мен қадір-қасиеттеріне назар аударамыз. Бүгін хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) «Мүбәрәке» есіміне тоқталамыз.
Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) келесі есімі "Мүбәрәке", яғни береке иесі. Бір нәрседе санауға келмейтіндей өте көп жақсылық болса, оны көрген әр адам оның берекесі турлы айтып, мүбәрәк санайды. Хазірет Фатима-Заһраны (ғ.с.) «Мүбәрәке» деп атайтын, өйткені оның арқасында Алла елшісінің ұрпағы сақталып, көбейді. Хазірет Фатимадан (ғ.с.) екі ұл, екі қыз қалған. Сондай-ақ, Кербала ащы оқиғасында имам Хусейннің (ғ.с.) Саджадтан (ғ.с.) басқа ұлдарының барлығы мен имам Хасанның (ғ.с.) жеті перзенті, хазірет Зейнабтың екі перзенті шәһид болып, Умма Күлсім өзінен кейін ұрпақ қалдырмай дүниеден озды. Бірақ мұның барлығына қарамастан Алла Тағала хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) ұрпағына береке беріп, көбейтті.