Хазірет Фатима (ғ.с.) (20) «Хор Энсие» есімі
Исламның ұлық пайғамбарының сүйікті қызы хазірет Фатима-Заһраға (ғ.с.) арналған аза күндерге байланысты әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтып, бұл қадірлі банудің лақап аттары мен қадір-қасиеттеріне назар аудартамыз. Бүгін «Хор Энсие» есіміне тоқталамыз.
«Хор Энсие», яғни жаннат хорларының жердегі өкілі, адамға ұқсас хор. Алла елшісінің миғраждарының бірінде хазірет жаннаттың жемістері, құрма мен алмасының дәмін татқан. Алла Тағала жаннат азығын Пайғамбарға ұсынды. Хазірет миғраждан қайтып оралған соң хазірет Хадиджаға ұсынды, содан соң хазірет Хадиджа жүкті болды. Сондықтан хазірет фатима (ғ.с.) «хор Энсие» атанды. Алла Тағала хазірет Хадиджа сәбиін дүниеге әкелген кезде көмекке жаннаттың әйелдерін жіберді. Сөйтіп хазірет Фатима (ғ.с.) періштелер және жаннаттың әйелдерінің көмегімен дүниеге келді. Алла Тағала хазірет Ибрахимның әйелі Саараны, Перғауынның әйелі Әсияны, Имранның қызы Мәриәм мен Шуайбтың қызы Сафураны көмекке жіберді. Бұл жерде Құрайыш пен Һашим әулеттері әйелдерінің хазірет Фатимаға (ғ.с.) көмек көрсетуден бас тартуының философиясын түсінуге болады. Олар бұл үлкен іске лайық болмады.
Әлемнің барша мұсылмандарын Исламның ұлық пайғамбарының қадірлі қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болуына байланысты көңіл айтамыз.