21 ақпан - Халықаралық Ана тілі күні
21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні.
Тіл - адам өмірінің ажырамас және динамикалық элементі. Тіл арқылы адамдар қарым-қатынас жасайды, ойланады және сезімдері мен жан толғанысын білдіріп, өзін және айналасын жұбатады. Өмірде кез-келген адам сөйлей алатын әртүрлі тілдердің ішінде ана тілі ең маңызды болып табылады. Осы маңыздылықты ескере отырып және әлемдегі тілдік және мәдени әртүрлілікті сақтауға көмектесу мақсатында ЮНЕСКО 1999 жылы 21 ақпанды "Халықаралық Ана тілі күні" деп жариялады. Сондай-ақ, бұл күн - 1952 жылы осындай күні өмірден өткен төрт бенгалиялық студенттерді еске алу күні. Олар баңла тілін ресми деңгейге көтеру мақсатпен бейбіт демонстрацияға шыққан, бірақ оның соңында олар полиция күштерінің қолынан өлді. 1999 жылдан бастап жыл сайын Аналар күнін атап өтуге арналған түрлі шаралар өткізіліп, ЮНЕСКО бұл күн үшін арнай ұран ұсынады. Аталмыш ұйымның 2020 жылға арналған ұраны - «Шекарасыз тіл». Үкіметтер мен үкіметтік емес ұйымдар биылғы жылы барлық бағдарламалары мен талқылауларын осы мәселеге жұмылдыруға талпынуда.
Психологтардың көбі ана тілі деп ананың жүктілік кезінде құрсағындағы нәрестесімен сөйлесетін тілі және баланың алғашқы естіген тілін санайды. Дүниеге келген кезде нәресте ананың дауысын естіп, жылауын тоқтатады, өйткені ананың дыбыстары оған таныс және оны жұбатады. Олардың пікірінше, ана тілі - адам балалық кезінің тілі, бала ана тілімен сезімдері мен тілектері білдіреді. Кейбір зерттеушілер ана тілін «негізгі тіл» деп атайды, өйткені бұл баланың естіген немесе білетін алғашқы тілі. Адамның миы көптеген қабілетке ие, олардың бірі - сөйлеу және тіл үйрену. Ғалымдардың зерттеулеріне сәйкес, дүниеге келсімен бірнеше тілді естіген бала бірнеше тіл үйрену қабілетке ие болады және екі немесе одан да көп тілдер олардың миында бірге жұмыс істейді. Зерттеушілер адамдардың екінші немесе үшінші тілді үйренуіне олардың ана тілін қалай қабылдауы және ана тілін талдау қабілеті қатты әсер етеді деп санайды. Сондықтан ана тілін басқа тілдерді үйренудің тамыры деп атауға болады.
Қазіргі уақытта әлемдегі ана тілдерінің едәуір бөлігі жойылып кету қаупке тірелді. ЮНЕСКО мәліметтері бойынша әлемдегі адамдар 6000-нан астам тілде сөйлейді, ал осы 6000 тілдің тең жартысы жойылуда. Кейбір мәліметтерге сәйкес, кейбір тілдердөйлейтін адамдардың саны 10 000-нан аз, ал кейбір жағдайларда 1 000-ға дейін азайды. Бұл бүкіл әлем үшін қатер дабыл. БҰҰ жер бетіндегі тілдердің түрлілігін мәдени байлықтың белгісі және жалпы адамзаттық мұра деп біледі. Сондай-ақ ана тілдерді жойылып кетуден сақтауға талпыну қажет деп санайды. Бұл ұйым сөйлейтін адамдар саны аз тілдердің құқығын қорғауға баса назар аударады. Бұл ұйым барлық үкіметтерден өз елдеріндегі тіл түрлілігін мойындауға және барлық салалардағы, соның ішінде ана тілінде білім алуға тең құқық беруге шақырады. Чех жазушысы Милан Кундераның айтуы бойынша, "ұлтты құртудың алғашқы қадамы - оның жадын өшіру, кітаптарын, мәдениеті мен тілін жою". Кундераның бұл мәлімдемесі әлем халықтары үшін қауіп дабылы және әр елдің ана тілдерін сақтап қалу үшін көп күш салу керектігін дәлелдеді. Әртүрлі мекемелер мен ұйымдардың ана тілін сақтаудағы маңызы мен екпіні неге байланысты?
Тіл - халықтың тарихы, әдебиет, білімі және даналығының қазынасы. Егер тіл жойылса, адамзаттың мәдениеті мен өркениеті кедейленеді. Бала тәрбиесіндегі ана тілінің маңызы айқын. Балаларға ана тілін үйрету білім беруді дамыту мен тәрбиелік жағынан өте тиімді. Ең басты мәселелердің бірі – бала қоршаған ортада алаңдамау үшін ата-ана балаларымен ана тілінде сөйлесуі керек. Ана тілін кейінгі ұрпаққа жеткізбеу оның біртіндеп жойылуына әкеледі. Егер басқа тілдер жойылып, тек ағылшын, француз немесе қытай тілдері қалса, біздің әлем барлық жағынан кедейленеді. ЮНЕСКО қоғамда бірегейлікті жоғалтпау үшін ана тілін сақтауға баса назар аударады. Бұл ұйым бүкіл әлемдегі елдерде тек бір тілді ұлттық бірегейлік ретінде таныстырып қана қоймай, мемлекеттік тілмен қатар ана тілдерін де нығайту қажеттілігін қуаттайды. ЮНЕСКО үшін көптілді білім беру және тілдік әртүрлілік тұрақты дамудың шарты болып табылады. Даму мәдени түрлілікке сәйкес әрі әртүрлі мәдениеттерге қызмет ететіндей болуы қажет.
Иран үстірті ежелден әрқайсысы өз тілі мен өзіндік ерекшелігіне иеленген көптеген жергілікті халықтар өмір сүрген жер болды. Устіртке арийлер енгеннен бері, өркениет пен даму арта түсті. Иран көптеген мәдениеттер мен этникалық топтарға орын берген әлемдегі ең қуатты империялардың біріне айналды. Бұл әртүрлілікті бүгінде Иранда өмір сүретін әртүрлі тайпалардың ана тілінде көруге болады. Бүгін Иранда шамамен 69 диалект пен тіл бар. Араб, күрд, гилаки, маззани, лури, талеши, тати – олардың кейбіреулері. Бұл тілдердің әрқайсысы Иран халқының бір тобының мәдениеті мен өнерін білдіреді. ИИР барлық тілдерді қолдауға талпынуда. Өйткені осы тілдердің кез-келгенінің жойылуы Ираның бай мәдениеті мен тарихының бір бөлігінен айырулуына әкелетінін жақсы түсінеді.
ИИР-ның заңдарына сәйкес, Иран халқының ресми тілі мен жазуы парсы тілі болғанымен, жергілікті және этникалық тілдерді баспасөзде және бұқаралық ақпарат құралдарында қолдану және олар өмір сүретін аймақтардағы мектептерінде олардың әдебиетін оқытуға тыйым салынбаған. Сондай-ақ Иранның азаматтық құқық жарғысына сәйкес әр ирандықтың жергілікті тіл мен диалектілерді үйренуге, қолдануға және үйретуге құқығы бар. Иранда ана тілдерін нығайтуға көп талпыныс жасалды. Мәселен, Күрдістан университетінде күрд тілі мен әдебиеті және Табриз университетінде әзірбайжан тілі мен әдебиеті факультеті құрылды.
Дүниежүзілік тілдер дыбыстар толық тілге қалыптасуынан бастап, ұзақ жолды өтіп, кезкелген тір өзінің бай қорымен адамзат тарихының тізбегі сынды етті. Әрқайсымыз ана тілінің мұрагерлері ретінде оны сақтап, перзенттеріміз мәдениет пен тілдің түрлілігімен өмір сүретіндей кейінгі ұрпаққа жеткізуге талпынуымыз керек.