Қағбада дүниеге келген тұлға
(last modified Sun, 08 Mar 2020 02:04:25 GMT )
Нау 08, 2020 08:04 Asia/Almaty
  • Қағбада дүниеге келген тұлға

Бүгін режеп айының 13 жұлдызы – хазірет Әли бен Абитолебтің (ғ.с.) туған күні. Әлемнің барша мұсылмандары мен хазіреттің мұсылман емес жақтастарын құттықтаймыз!

Алла үйінің қабырғасы ашылып, Асадтың қызы Фатима ішіне еніп, қабырға қайтадан жабылды. Басқалар Алла үйінің ішіндегі оқиғаның куәсі болу үшін оның құлпын ашуға талпынды. Бірақ аша алмады. Барша Алланың құдыретінің қабырғалардың ашылмауына себеп екенін білді.

Меккенің таңғалған халқының алдында Қағбаның қабырғасының ашылып, Фатима бент Асадтың Қағбаға еніп, пәк және қасиетті кеңістікте сәбиін дүниеге әкелуі - Алла Тағаланың қалауы. Осы кезге дейін адамзаттың Әлиді (ғ.с.) толық танымауы – Алланың қалауы. Әлидің (ғ.с.) Қағбада дүниеге келіп, нұрының мәңгі жарқырауы, сөйтіп әлемдіктердің әділеттіліктін жер бетінде   орынатылуы туралы уәдеге үміт артып, адамзатты құлшылық сабақтарына жинауы – Алланың қалауы.

Хазірет Әли (ғ.с.) Абдолмуталебтің ұлы Абутолебтің перзенті. Анасы Фатима  Хашим бен Абдуманафтың перзенті Асадтың қызы еді. Хазіреттің әкесі Пайғамбардың (с.ғ.с.) көкесі бен перзенті анасы Асад бен Хашимнің қызы Фатима еді. Фатима сәбиін хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) көрсеткен кезде, хазірет балаға ерекше жылы қарады. Хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) Әлиге (ғ.с.) деген махаббаты баршаға танымал болды. Кейін имам Әли (ғ.с.) Алла елшісінің жақсы кқруін есіне алып: «Уа, Пайғамбардың сахабалары, сіздер мені мен Алла елшісінің туы болуымыз және хазіреттің алдындағы ерекше орынға ие болғанымды, сондай-ақ хазіреттің құшағында өсып, сәби болған кезімде бұл кісінің мені бауырына басып, мені тамақтандырғаны туралы бідесіздер»,- деген. Хазірет Әли (ғ.с.) үш жасына дейін ата-анасының қасында өмір сүріп, олардың мақтанышы болатын. Өйткені хазіреттің қадір-қасиеттері және құрметіне Қағбаның қабырғасының ашылуы мен Алланың үйінің ішінде дүниеге келуі хазіреттің халықтың, әсіресе отбасының арасында ерекше сүйікті болуына себеп болды.

Мекке құрғақшылықпен бетпе-бет келіп, Пайғамбардың (с.ғ.с.) көкесі Абутолеб көптеген шығындармен кезікті. Пайғамбар (с.ғ.с.) байлығы Абутолебтен көбірек болған басқа көкесі Аббаспен сөйлесіп, құрғақшылық аяқталғанша, екеуі Абутолебтың бір-бір перзентін үйлеріне алуға келісті. Сөйтіп, Аббас Джафарды және Алла елшісі Әлиді (ғ.с.) үйлеріне ертіп кетеді. Әли (ғ.с.) алты жасында толық Пайғамбардың (с.ғ.с.) тәрбиесінде болып, кемелдікке жетті. Имам Әли (ғ.с.) өз сөзінің бірінде: «Мен анасының артынан жүретін бала сынды Пағймбардың артынан еріп жүрдім. Ол күн сайын маған ахлақи қасиеттердің бірін үйретті»,- деді.

Имам Әли (ғ.с.) әр істе біріші қатарда болды. ол хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) илаһи уәһие мен беғсатына иман келтірген бірінші ер болды.

Үш жыл жасырын шақырудан кейін Исламның ұлық пайғамбарына шақыруын баршаға жариялау бұйырық түсті. Сондықтан Алла елшісі ислам дініне жақындарын шақыру үшін оларды қонаққа шақырды. Пайғамбар (с.ғ.с) оларға: "Сендердің араларыңда қайсыың менің бауырым, ізбасарым әрі халифым болатындай осы илаһи істе маған серік боласыңдар?",- деп сұрайды. Ешқайсысы үн қатпайды. Осындай маңызды әрі тағдырды шешетін сәтте жасы 13-те болған Әли (ғ.с) үнсіздікті бұзып: "Уа, Алланың елшісі! Мен сіздің өтінішіңізді қабылдаймын" дейді. Пайғамбар (с.ғ.с) өз өтінішін үш мәрте қайталайды. Әр бір жолы тек Әли (ғ.с) ғана өтінішіне жауап береді. Содан кейін хазірет Мұхаммад (с.ғ.с) өз туыстарына: "Әли – сендердің араларыңдағы менің ізбасарым әрі халифым. Оның сөзіне құлақ асып, айтқанын орындаңдар",- дейді. Сол тарихи күні Әли (ғ.с) Алла елшісінің ізбасары ретінде тағайындалып, оған маңызды басымдылық берілді. Шын мәнінде, Пайғамбар (с.ғ.с) асқан көрегенділік және есептелген жоспар бойынша қоғамдық пікірді дайындап, ислам үмбетінің келешегі үшін қиындық тудырмау мақсатында Құдайдың әмірімен пайғамбарлық бағытты жалғастыруға Әлидің (ғ.с) имамат басына келуі үшін қажет жағдай жасауды мақсат еткен болатын. Ибн Абу әл-Хадид – х.ж.с.б 7 ғасырда өмір сүрген ғалымдардың бірі: "Шындығында, Әлдиің сөзі – Жаратушының сөзінен төмен, мақұлықтың сөзінен жоғары. Білімді әрі сауатты адамдар сөз сөйлеу мен жазуды Әлиден үйренген",- деп жазған.

Имам Әли (ғ.с.) Алланың үйінде дүниеге келіп, Алла елшісінің үйінде Жаратушыны толық таныды. Ол Алланы бүкіл істерінің бақылушысы деп біліп, ғибадаттарын ешбір сыйды күтпей, тек бір Құдай үшін жасайтын.  Имам Әли (ғ.с.): «Кейбіреулер Аллаға ғибадатын жәннәтқа жету үшін жасайды, бұл саудагердің ғибадаты. Басқалар қорыққанынан ғибадат етеді, бұл құлдардың ғибадаты. Сондай-ақ кейбір адамдар алланы ғибадат жасауға лайық деп біліп, Оған ғибадат жасайды, бұл азат адамдардың ғибадаты. Еш уақытта Алланы қорыққаннан немесе сыйға ие болу үшін ғибадат етпедім. Алла Тағаланы ғибадат жасауға лайық деп біліп, Оған ғибадат еттім»,- деген болатын.

Хазірет Әли (ғ.с.) намазды ғибадаттың ең үлкен көрінісі және Құдайға құлшылық етудің маңызды белгісі деп санады. Сондықтан тіпті қиын жағдайда да намазын алғашқы уақытта оқитын.  Сеффейн соғысы кезінде қайта-қайта күнге қарап, намаздың уақытын өткізіп алмауды ойлады. Ибн Аббас: «Уа, мүміндер әмірі, соғыс кезінде неге аспанға қара бересіз?»- деп сұараған кезде: «Намаздың уақытын біліп, оны уақыты кірсімен оқу үшін күн мен оның отыруына қарап жүрмін»,- деп жауап берді. Ибн Аббас таңғалып: «Қылыштасып жатқан кезде, намазды алғақы кезде оқуды ойоасыз ба?»- деп сұрады. Имам: «Біз олармен не үшін соғысып жатырмыз? Намазды оқу үшін соғыс жатқан жоқпыз ба?»- деді.  

Қағбада дүниеге келген адам үнемі шындық жолында алға ілгерледі. Имам Әли (ғ.с.) илаһи заңның негізі болды және бұл жолда адамдарға айырмашылық қоймайтын.

Әлемнің барша мұсылмандарын хазірет Әлидің (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

 

       

 

 

 

Тегтер