Исламдағы ахкам философиясы (7)
Намаз мәдениетінде дене мен жан тазалығы ерекше маңызды саналады.
Намаз оқитын адамның киімі таза және әтірдің хош иісі шығып тұрады. Бірақ сыртқы тазалықтан гөрі ғамалы мен сөзінің әртүрлі ластықтардан алыс және ахлақсыздықтан таза болуы маңызды. Намаз мақсатты ғибадат болғандықтан, барлық адамдар оны белгіленген бір уақытта ортақ бағытқа, яғни Қағбаға қарай орындайды. Бірақ намаз қабыл болуы үшін шынайы ниет өте маңызды. Имам Садық (ғ.с.): «Шынайы ниетімен (шын жүрегімен) екі рекет намаз оқыған адам намаз аяқталған кезде күнәнің қалмағанын білгені жөн»,- деген болатын. Қарапайымдылық пен бойсұнушылық шын жүректен ғибадат жасаудың екі маңызды себебі бола алады. Қарапайымдылық Аллаға бағынуды білдіреді. Құран бұл туралы: «Шынында иман келтіргендер құтылды. Олар сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады»,- деді. («Муменун» сүресі, 1-2-ші аяттары). Намаздың сапасына әсер ететін келесі маңызды фактор шірк пен екіжүзділіктен алыстаудың белгісі саналатын ықылас рухы болып табылады. Исламның ұлық пайғамбарының айтуынша, Алла Тағала: «Пендемнің болмысына қарап, оның ықыласымен және менің ризалығым үшін ғибадат жасағанын көрсем, оның істеріне көңіл бөлуді өз міндетіме аламын»,- деген. Бұл салада Пайғамбар (с.ғ.с.) бүкіл мұсылмандарға Ұлы Алланың жолдауын жеткізетін нағыз үлгі. Хазірет былай деген: «Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббы Алла үшін» де. («Анғам» сүресі, 162-ші аят). Бұл ерекшеліктер, яғни рухының әртүрлі ластықтардан таза болуы, ғибадатын шын жүректен және қарапайым түрде орындауы оның болмысындағы илаһи ғибадатқа деген махаббатын жандандырады. Сөйтіп, адам илаһи рухани кеңістікке бөленеді. Мұндай кеңістікті бүкіл болмысымен бастан өткерген хазірет Әли (ғ.с.): «Уа, Алла, сен достарың үшін әр жақынан жақынсың. Өзіңе иман келтіргендердің істеріне көмектесуге дайынсың. Олардың болмысындағы ойларынан хабардарсың. Олардың ішкі сырлары бір Өзіңе белгілі. Егер жалғыздық олардың алаңдаушылығына себеп болса, өзіңді еске алып, тынышталады. Олар егер қиындықтармен бетпе-бет келсе, бір Өзіңді пана тұтады»,- деген болатын. («Наһдж ул-Балағе», 220-шы құтпасы).
Мұндай кеңістікке түскен адам намазын тыныштықта асықпай оқып, өзінің рухани сәттерінен ләззат алады. Бұл топ тіпті ең қиын жағдайда намаз оқып, илаһи көмектер аясында табандылық білдіріп, басқалар үшін үлгіге айналады. Бұл салада илаһи жетекшілердің жүзі жарқырап, мүміндерге уәде берген Алланы пана тұтудың жеңіске жеткізетінін үйретеді.
Сеффейн соғыс кезінде хазірет Әлидің (ғ.с.) серіктерінің бірі хазіреттің күнге қарағанын байқап, қасына жақындап, күнге неге қарай беретінін сұрады. Имам: «Намаздың уақытын білу үшін күнге қарап жүрмін»,- деді. Ол таңғалып: «Қазіргі жағдайда намаз оқуға болады ма? Соғыс намазымызға кедергі болды»- деді. Имам: «Біз Муавиенің әскерімен не үшін соғысып жатырмыз? Біздің шайқасымыз намаздан басқа не үшін»,- деп жауап берді.
Әлави мектебінде тәрбиеленген шәһидтер көшбасшысы Пайғамбардың (с.ғ.с.) немересі әкесі хазірет Әлиден (ғ.с.) үлгі алып, Ашура күні күн ортасына жеткен кезде серіктерімен бірге теңсіз соғыс, дұшпандардың шабуылына қарамастан намаз оқыды.