Діни жетекші Сот басшыларымен кездесті
(last modified Sun, 05 Jul 2020 08:27:30 GMT )
Шіл 05, 2020 14:27 Asia/Almaty
  • Діни жетекші Сот басшыларымен кездесті

Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи Сот билігінің конференциясына видео форматта қатысып, Жоғары сот және сот билігінің жоғары лауазымдыларымен сөйлесті.

 

ИИР жүйесінде Сот биілігі сот әділдігін іске асыруға міндетті. Сондықтан Конституцияда соттың халық құқыларын қорғау  маңызды мәселе міндет ретінде қалыптасты. Сот билігін құрметтеу үшін тир айының бірінші аптасы «Сот билігі аптасы» деп атанды. Бұл аптада 72 адамның қаза болуына әкелген жарылыс ағымында шәһид болған Иранның тұңғыш соты аятолла Бехешти еске алынады. Осыған орай сот билігі конференциясы өтіп, Ислам  революциясы жетекшісі Жоғары сот және басқа сот басшыларымен видео арқылы қатынас орнатып, сөз сөйледі. Аятолла Хаменеи соңғы бір жылдағы жұмысқа ризалығын білдіріп, Сот билігіне өзгеріс енгізуді қажет деп біліп: «Бұл кезеңде жоғары толқынына жеткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес немқұрайдылық білдірусіз және құқық, әділет және заңға сай, сондай-ақ жазықсыз адамдарға қысым көрсетілмей жалғасуы керек»,- деді. Аятолла Хаменеидің пікірінше, өзгеріс - басқарылған үздіксіз қажеттілік және исламдық және діни   негіздерге сүйенген жаңа қабылдау мен жаңа бастама. Негізі белгісіз өзгеріс талан-таражға әкелуі мүмкін.

Ислам революциясы жетекшісі өзгерісті іске асыруды өте ауыр деп біліп: «Өзгерістер қарсыласумен бетпе-бет келеді. Кейбір қарсыласулар дәрменсіздіктен немесе күрделі өзгерістерге дайын болмаудан болады. Әрине қазіргі жағдайдан пайда көретіндердің қарсыластығы, сондай-ақ жемқорлар мен орындаушылардың өзара араласқан желісінің қасақаналығы мен адасуы өзгерісті қиындатады. Аятолла Хаменеи қарсыласты қиындататын келесі мәселе ретінде  дұшпандардың талпыныстарын атады. Аятолла Хаменеи: «Қастықтар, күдіктер, азап-қорлық пен тыңшылық және басқа ұқсас нәрселерге қарсы тұратын жалғыз жол – шыдамдылық пен табандылық. Аллаға тәуекел етіңдер. «Кім Аллаға тәуекел қылса, сонда Ол, оған жетіп асады. Сөзсіз Алла өз бұйрығын атқарады. Расында Алла, әр нәрсеге бір өлшеу қойған». («Талақ» сүресі, 3-ші аяты). «Ақиқатқа шақыр да бұйрылғаныңдай мықты тұр». («Шура» сүресі, 15-ші аят)».

Сот билігі Ислам республикасы жүйесі көшет сынды күн сайын өсіп дамып, әртүрлі кезеңдерде жетістіктерге жетті. Ислам революциясы жетекшісі сөзінің бір бөлімінде Сот билігінің Конституциямен бекітілген маңызды міндеттеріне тоқталып, олардың барлығын іске асыруды қажет деп білді. Аятолла Хаменеи «қоғамдық құқықтарды қалпына келтіру» тақырыпты маңызды деп атап, сот билігінің бұл саладағы соңғы жұмысына ризалығын білдіріп: «Егер прокурорлар қоғамдық құқылардың әлсізденуін сезінсе, әрекеттеніп, халық құқыларын қорғаулары керек. Қылмыстың алдын алу - сот органдарының Кнституцияда көрсетілген келесі міндеті. Қылмыстың себептері мен орындаушыларды жақсы білген жөн. Егер олар анықталса, қылмысқа қарсыласуға болады»,- деді.

Халықтық болу, халықтың сот жүйесіне оңай қол жетімділігі, қоғамды хабардарландыру мен сот ақпаратын көтеру, халықпен тікелей қатынас орнату,   сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте халық көмегін пайдалану, сот жұмысы саласындағы ақпаратты белсенді ету -  Ислам революциясы  жетекшісінің    сот саласында қызмет етітндерге айтқан тағы бір ақыл-кеңесі болды. Аятолла Хаменеи: «Халықтық болу яғни сот билігі халыққа қызмет ететінін білеу керек. Халыққа жоғарыдан қарауға болмайды. Кейде біз халыққа жоғарыдан қарағандай көрінуіміз мүмкін. олай емес, біз халықтың бір бөлігіміз. Адамдардың көбі бізден жоғары. Кімде-кімнің халыққа жоғарыдан қарауы – қателік. Өзін қызметші сезіну – маңызды»,- деді.

Діни жетекшінің сөзінің маңызы бөлімі жемқорлық және онымен күресу болды. Аятолла Хаменеидің пікірінше, сыбайлас жемқорлық -  адамдардың өміріне, рухы, иманы мен наным-сеніміне үлкен соққы. Бұл кісі «Қаржы бұзақылықты үлкен мәселе» деп атады. Бұл кісі жемқорлық пен жемқорлар халық өмірі, иманы мен наным-сенімі үшін үлкен соққы деп біліп: «Қаржы жемқорлық коронавирус сынды қатерлі вирус. Коронавирус сынды жұқпалы, яғни жемқорлық бір жерден әртүрлі жерлерге жылдам таралады. Жемқор өзі ғана жемқор болып қалмайды, ол басқаларды да жемқорлыққа итермелейді. Коронавирус лас қол арқылы жұққандай, жемқорлық та лас қолмен таратылады. Бірақ коронавирус қолды сабынмен жуған соң аяқталса, жемқорлық сабынмен кетпейді, қолды кесіп тасатудан басқа амалы жоқ. Бұл мәселе өте маңызды»,- деді. 

Құран тағылымдары бойынша, әлем әділеттік негіздерінше жаратылды. Жемқорлық жанама нәрсе. Жемқорлықтың тамырын теңдік пен әділеттен ауытқуға себеп болған өзгерістерден іздеу керек.  Кез келген нәрсе әділеттілік жолын  және өзінің бастапқы күйін сақтауға бейім. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлықтың тамыры мен кемсітушілікті жою және сот төрелігін жүзеге асыру адамзат қоғамының ең маңызды армандарының бірі болып табылады. Ислам революциясы жетекшісі: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, ең алдымен, сот жүйесінің ішінде жүргізілуі керек, өйткені сыбайлас жемқорлықтың салдары  өте ауыр болады. Сондықтан мамандардың көмегімен сыбайлас жемқорлықтың тамырын анықтап,    оған қарсы шығып, жемқорлықты жою үшін жұмыс жасау керек»,- деді.  

Ислам революциясы жетекшіс әлеуметтік желілердің таралуы және әртүрлі адамдардың оқиғалар мен мәселелер туралы пікір білдірулеріне назар аудартып, халық және әлеуметтік желілер белсенділерінен жазықсыз адамдарға жала жауып, жәбір көрсетуден абай болуды сұрады. Аятолла Хаменеи Сот билігінің жемқорлықпен күресу саласындағы жақсы жұмыстарының бірі ретінде өндірісті қолдау және өндіріс бірліктердің жабылуының алдын алуды атап: «Қазіргі жағдайда халықтың тұрмысы көптеген қиындықтармен бетпе-бет келуде. Елдің экономикасына көмектесе алатын кез келген органдар бұл жұмысты жасауы керек. Сот билігінің бұл шешімі расында елдің экономикасына көмек болып табылады»,- деп мәлімдеді.

Аятолла Хаменеи сөзінің соңғы бөлімінде сотқа қатысты емес, бірақ маңызды, яғни коронавирус мәселесіне тоқталып, денсаулық сақтау саласында қызмет ететіндердің жанкештілігіне алғыс айтып, баршадан бұл аурумен күресуге шынайы мән беруді сұрап: «Егер немқұрайдылық білдірсек, коронавирустың таралуы қайтадан күшейіп, экономикалық жағдай нашарлайды, қиындықтар көбейеді. Біз бүгін жан-жақты сақшылықты қажет етудеміз»,- деді.

 

 

Тегтер