Қажылық 2020 (1)
(last modified Sat, 25 Jul 2020 09:03:11 GMT )
Шіл 25, 2020 15:03 Asia/Almaty
  • Қажылық 2020 (1)

Қажылық уақыты келіп, адамдар жылдар бойы армандап, асыға күткен сапарына аттанады.

 

Қажылық кезеңі келіп, Алла Тағала адамдарды қажылық конференциясына қатысуға шақырады. «Адамдарды қажылыққа шақыр. Олар жаяу және көлік үстінде әрбір алыс жолдардан саған келеді». («Хадж» сүресі, 27-ші аят).

Қажылықтың әдемі рәсімдері ең алдымен, ұжымдық рухпен орындалатын салтанатты ғибадат болып табылады. Қажылықтың ең әдемі ұраны – тауһид ұраны. Жыл сайын миллиондаған мұсылмандар әлемнің түпкір-түпкірінен жиналып, Алланың шақыруын қабылдады.

   «لبیکْ اللّهمَ لبّیک، لا شریکَ لکَ لبیکْ…»

Қажылық парызын өтеуге шыққан адам амалын осы ұранмен бастап, күпірліктен алыстауын жариялайды. Содан соң шын ниетімен Жаратушыға ғибадат жасауына кіріседі. Қажылық - Ислам дінінің кішкентай бір бөлімі. Алла Тағаланың қалауымен қажы адам Исламды бір уақытта қасиетті жерде, тауһидтың ең маңызды орталығы Кағба орналасқан Меккеде тәжірибе етеді.

Биыл әлемнің түпкір-түпкірінде жүздеген мың адам зихадже айыны келуін және уаһи жеріне сапар шегуді күтті. Сауд Арабиясының қажылық және умра министрлігі: «Коронавирустың  әлем елдерінің көбіне таралуына және әлемде жарты миллионнан астам адамның қаза болуына байланысты биылғы қажылық басқа елдер қажыларының қатысуысыз өтеді»,- деп жариялады. Сондықтан ирандық және басқа елдер қажылары  Сауд Арабиясына сапар шекпейтін болды. Қажылық мұсылмандардың уәжіптерінің бірі. Жыл сайын екі миллион адам Меккедегі қажылық рәсімдерін және Қағбанй тәуәп ету рәсімдерін орындап, бұл салтанатты рухани рәсімге қатысады. Осыған орай Дүниежүзілік денсау сақтау ұйымы (ДДСҰ) Сауд Арабиясымен хабарласып,  биылғы қажылықты өткізуде сақтық шараларын қолдануы сұрады. АҚШ-тың Индиана штатындағы Нотр Дам университетінің исламтану профессоры Ибрахим Мұса Мекке мен Мединеде миллиондаған қажының жиналуы және коронавирустың таралуы қатеріне тоқталып, қажылар денсаулығына туындайтын қауіп-қатер туралы ескерту жасады. Ол New York Times-тегі мақаласында: «Бұдан бұрын қажылыққа барған адам ретінде милллиондаған қажының Сауд Арабиясынан енгеннен қажылықтың әртүрлі рәсімдерін орындаған және үйлеріне оралу кездерде бір-бірінің қасында жақын тұратындарын есім аламын. Қоғамдық қашықтық пен карантин қажылық кезінде мүмкін емес. Вакцинациялау мен гигиеналық шараларды орындау қажылар арасында іш сүзегі мен тырысқақ сынды жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға мүмкіндік тудырды. Бірақ қазіргі кезде коронавирусқа қарсы ем табылмады»,- деп жазды.  

Рауаяттар бойынша қажылық мәңгі амал, сондықтан ешбір жағдайда оны тоқтатуға болмайды. Үкіметтер мен халықтар қажыларға жағдай жасаулары керек.  Бүкіл исламдық мазхабтар, шиіттер мен сүнниттер және әртүрлі топтар қажылықты уәжіп ғибадат және Исламның бес парыздарының бірі санайды. «Әл-Имран» сүресінің 97-ші аятында қажылықтың уәжіп болуы және оны орындаудан бас тартқан адамның күпірлікке оралуы туралы айтылды.

Кез келген адам қажылық міндетін орындау үшін үш ерекшелікке ие болуы керек. Біріншіден, қаржылай мүмкіндігі, яғни қажылыққа барып-қайтқан соң өмірінде қиындықтарға тап болмауы керек. Екіншіден, жолдың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі керек. Үшіншіден, денсаулық тұрғыдан қажылыққа барып-келу қабілетке ие болғаны жөн. Әрине бұл шаралардың барлығын үнемі қатмасыз ету мүмкін емес. Мәселен, Меккені Абдолла бен Зубейр билеген кезде, қажылардың көбіне қажылыққа келуге тыйым салған. Өткен жылдарда да әл-Сауд билігі қақтығыстары және саяси мақсаттарына сай Сирия мен Йемен халқына қажылыққа келуге тыйым салды. Ұқсас жағдайда қажылық тоқтатылмайды, бірақ әртүрлі себептерге байланысты оған қатыса алмайтын топтар үшін уәжіп емес. Кейбір уақыттарда қауп-қатермен бүкіл мұсылмандар мен қажылар бетпе-бет келеді. Бұрынғы кезде қарақшылар қажылық кереуендердің жолдарын жабатын. Сондықтан адамдар жол қауіпсіздігінен ада болды. Сондықтан қажылық өтпеген. Сондай-ақ қажылық тарихында Мекке мен әл-Харам мешітінде көптеген адам жиналған кезде жұқпалы ауруларға шалдыққан адамдар тіркелді. Бұрынғы кезде Меккенің әртүрлі жерлеріне баратын қажылардың гигиенасы мен еміне  жеткілікті мән берілмеді. Сөйтіп жұқпалы аурулар қажылардың арасында жылдамдықпен таралды. Тарихшылардың деректері бойынша, бұл илаһи парыз қажылық басталғаннан бері шамамен 40 рет тоқтатылған. 1814 жылы Осман империясындағы обаның таралуы қажылықтың тоқтатылуына әкелді. 1831 жылы Үндістаннан Меккеге жетіп, қажылардың ¾ өлді.   1846 жылы обаның Меккеде таралуының салдарынан 15 мыңнан астам адам қаза болып, 1850 жылға дейін тұрғындарын қиындықтарға тіреді. 1865 және 1883 жылдары оба эпидемиясы қайталанды. 1858 жылы Меккеге тағы бір әлемдік эпидемия келіп, мысырлық зияратшылар Қызыл теңізге қарай қашып, сол жерде карантинде қалды.

Сондай-ақ, шамамен 100 жыл бұрын, ұқсас жағдайда, Дамаскіде аурудың таралуының алдын алу шаралары жасалмай, апатты салдармен бетпе-бет келді.  Қазіргі кезде коронавирус  пандемиясы әлемді шырмап, әлемнің  түпкір-түпкіріндегі мұсылмандардың ұжымдық ғибадаттарына     өзгерістер енгізіп, көптеген адамдарды  қажылық сапарларын жасау мүмкіндіктен айырды.  Жылдар бойы қажылыққа баруға дайындалып, бұл күнді күткен адамдардың жүректері жараланды.  Ирландиядағы Каван мешітінде намаз оқитын Мұхаммад Тариқ Меккеге қажылыққа барғысы келген достарының өмір бойы күткен армандарына жете алмағандарына қайғылы екендерін айтып: «Олардың көңіл күйлері  қайғыдан жоғары, олар көзжасын жасыра алмайды»,- деді. Англиядағы Лидс университетінің профессоры Мак Лолинның айтуынша, «мұсылмандардың көбі  Исламның парыздарының бірі орындау үшін көп дайындалды, сондықтан олардың қайғылары жазғы демалысқа шықпау сезімнен жоғары. Бұл психикалық және рухани тұрғыдан олар үшін үлкен соққы».

Имам Джавадтың (ғ.с.) дұғаларының бірінде: «Уа, Алла, уәжіп еткен міндетінді орындауға көмектес, оған қарай жеткізетін жолды ашып, оны жақындатып, қажылық амалдарымды орындауға көмектес»,- деп айтылды.

 

 

Тегтер