Еуропадағы исламофобияның жаңа толқыны (1)
Коронавирустың таралуымен тұспа-тұс Еуропада исламофобияның жаңа толқыны басталды.
Францияның Charlie Hebdo басылымы Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізетін карикатураларды қайта басып шығарды. Парижде басылып шығатын әзіл-сықақ журналы Charlie Hebdo 2015 жылы журнал кеңсесіндегі атыс оқиғасына қатысы бар деп айыпталған 13 адамның сотына бір күн қалғанда қасиетті Пайғамбарға (с.ғ.с.) тіл тигізетін карикатураларды қайта жариялады. Бұл аптаның редакциялық мақаласының жазушысы Пайғамбарға (с.ғ.с.) тіл тигізетін суреттер жарияланған кезде: «Бұл суреттер тарихқа байланысты және тарихты қайта жазуға немесе өшіруге болмайды»,- деп жазды. Алла елшісіне тіл тигізетін суреттер Швецияда Құран кітабі өртелгеннен бір аптадан кейін жарияланды. Швецияның Мальме қаласында кейбір экстремистік оңшылдар мұсылмандардың қасиеттіліктеріне тіл тигізу мақсатпен қасиетті Құран кітабын өртеп жіберді. Бұл әрекет реакциялармен бетпе-бет келді.
Мысырдың әл-Азхарының шейхі Ахмад әл-Тайеб Facebook-тегі парақшасында: «Құранды өртегендер бұл қылмыстың лаңкестікәрекет екенін білгендері жөн. Олардың бұл әрекеті адамгершіліктен жат нәсілшіл болуымен бірге Шығыс пен Батысты қорлайтын лаңкестік өртке май құю. Бұл қылмыс жиіркенішке себеп болып, қоғамның қауіпсіздігін әлсіретеді, діндер мен өркениеттер арасындағы диалогке деген үмітті жояды»,- деп жазды. Пәкістанның Адамазат құқығы министрі Ширин Мазари Twitter-дегі парақшасында: «Швецияның Малме және Норвегияның Ослосындағы қасиетті Құран кітабын өртеу әрекеті бұл елдердің мұсылман азаматтарын түрткілеуді көздейді. Сондай-ақ франциялық басылымның Пайғамбарға (с.ғ.с.) тіл тигізетін карикатураларды қайта жариялаумен бұл әрекеттер жалғасты. Еуропадағы исламофобия артуда деегн ой туады»,- деп мәлімдеді. Бұл тақырып ИИР-да да кең ауқымды реакцияларға тап болды. Құм қаласындағы діни оқу орындары ұстаздарының қоғамы Charlie Hebdo-ның тіл тигізу әрекетін айыптайтын мәлімдеме шығарып: «Исламдық үмбет, сондай-ақ әр ерік адам мен кез келген ойшыл бұл әрекетті айыптайды және оған қарсы шығады»,- деп жариялады.
Батыстағы Исламға тіл тигізушілер исламық қасиеттерге қарсы әрекеттерін соз бостандығымен ақтағылары келеді. Олар саны екі миллиардқа жуықталған мұсылмандар қоғамына тіл тигіузде. Өкінішке орай Батыс үкіметтері исламдық қасиеттерге тіл тигізуді қолдайды. Франция Президенті Макрон Ливанға жасаған сапары кезінде Charlie Hebdo-ның тіл тигізу әрекетін ақтап: «Франция соз бостандығына ие мемлекет»,- деп уәжденіп, оның аталмыш басылымның әрекеті туралы баға беретін жәйтте емес екенін айтты.
Аз санды мұсылмандар құқыларын қолдаушылар Еуропадағы бұл соңғы оқиғаға реакциясын білдіріп: «Мұсылмандар қасиеттеріне тіл тигізу әрекеттер Батыстың полиция күштерінің алдында орын алуда. Біз бұл мәселені Нидерланды, Франция, Дания және басқа еуропалық елдерде көрдік. Тіл тигізушілер өз әрекеттерін полицияның алдында іске асырады. Швеция мен Норвегияда да ұқсас оқиғалар орын алуда. Негізінде қорлаушылар аман қалу үшін полицияны пана тұтады. Батыстағы исламофобия толық жоспарланған және Батыс үкіметтерінің қолдауларына ие бағдарлама»,- деп жазды.
Батыс үкіметтерінің уәждеріне қайшы, исламдық қасиеттіліктерге тіл тигізу ішкі және халықаралық құқық негіздеріне қайшы келеді. Батыс үкіметтері сөз бостандығы мәселесін құрал ретінде пайдалануда. Батыс басшылары сөз бостандығын либералды демократияның негізі, оған шектеу қоя алмайды, сондықтан бұл әрекеттердің алдын ала алмайтындары туралы уәжденеді. Бұл бұл тақырыпқа қатысты Батыстың екіжүзділігін көрсететін көптеген мысалдарды келтіруге болады. Екіжүзділіктің бір ғана мысалы Charlie Hebdo-ның өзінде болған оқиға, ол - Морис Синтты қызметінен босату. 2009 жылы 27 қаңтарда Charlie Hebdo-ның карикатуристі сол кездегі Франция президенті Николя Саркозидің ұлы туралы әзіл мақаласы үшін жұмыстан шығарылды. Мористің қылмысы еврейлерге қарсы жиіркеніш тудыру деп жарияланды. Кейбір батыс елдеріндегі гомосексуализмді сынау мен Холокост туралы зерттеу мен сұрақ қоюға тыйым салынуы, азаттық пен адам құқықтарына екіжүзділіктің қолданылуының басқа мысалдары болып табылады. Франциядағы Холокостты сынау үшін бір жылға дейін бас бостандығынан айыру және 3000 франкке жуық айыппұл төлеу қарастырылған. Әртүрлі діндерге тіл тигізу, ахлақсыздық және халықаралық құқыларға, соның ішінде Адам құқықтары туралы халықаралық пактінің 19-шы бабының 3-ші тармағының қайшы саналады. Пактінің 20-бабы соғысты насихаттауға және кез-келген ұлттық, діни немесе нәсілдік сипаттағы өшпенділікті қоздыруға тыйым салады. Сонымен қатар, 1948 жылғы БҰҰ-ның Адам құқықтары туралы декларациясы, 1996 жылғы БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі комиссиясының декларациясы, БҰҰ Саммитінің 2003 жылғы 12 желтоқсандағы және 2003 жылғы Дурбан саммитіндегі декларациялары да діндер мен дін қайраткерлеріне тіл тигізуді айыптайды. Әлемдегі екі миллиардқа жуық мұсылмандардың қасиеттіліктерін қорлау - бұл нәсілшілдік пен кемсітушілік, бұл ешбір жағдайда ақталмайды.
Мұсылмандардың қасиеттіліктеріне тіл тигізу мен исламофобия жаңа құбылыс емес. Батыс Кеңес Одағы ыдырап, Батыс мемлекеттерінің көбінде Исламға бет бұрушы адамдар санының артуымен Исламнан үркіту саясатты ұстанды. Бұл құбылыс отыз жылдан астам уақыт бұрын британиялық-үнділік Салман Рушдидің «Шайтандық аяттары» кітабын шығарудан басталып, Батыс елдерінде біртіндеп әртүрлі формада таралды. Данияның әртүрлі басылымдарында тіл тигізетін карикатураларды жариялануы, «Жаугершілік» және «Мұсылмандардың күнәсіздігі» сияқты әртүрлі фильмдерді шығару және басып шығару және Францияның «Closer» журналы мен Charlie Hebdo басылымындағы Исламның ұлық пайғамбарына (с.ғ.с.) тіл тигізетін карикатураларды қайта жариялауын мысал ретінда атап кетуге болады.
Батыс үкіметтері екі негізгі мақсатпен исламофобияны өршітеді. Батыстың бұқаралық ақпарат құралдары исламның шынайы ілімдерін жою үшін аль-Каида, ДАИШ және Талибан сияқты тәкфирлік және террористік топтардың әрекеттері мен қылмыстарын мұсылмандармен байланыстырады. Батыс ақпарат құралдарында ислам зорлық-зомбылық, артта қалушылық пен соқыр фанатизм ретінде сипатталады. Батыстағы азаттық пен әделттік талап ету туралы уәжденушілер исламның шынайы жүзін теріс көрсету үшін исламдық қасиеттіліктерге тіл тигізу оларды исламның әділет талап ететін тағылымдарының әсерінің алдын алу мақсаттарына жеткізеді деп ойлайды.
Батыс үкіметтері мен бұқаралық ақпарат құралдарының Исламның шынайы жүзін теріс көрсету саясаттары қарсы реакциямен бетпе-бет келді. Батыс қоғамдарындағы исламдық қасиеттіліктерге тіл тигізу Құран Кәрім мен исламдық тағылымдарды зерттеуге жігерлендірді. Зерттеулер батыс қоғамдарындағы исламға қарсы үгіт-насихатқа қарамастан, әсіресе әйелдер арасында исламға бет бұру тез өсуде. Батыс бұқаралық ақпарат құралдары исламды әйелдерге қарсы дін ретінде көрстеуге әрекеттенуде.