Еуропадағы исламофобияның жаңа толқыны (2)
Францияның Charlie Hebdo басылымының Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафаға (с.ғ.с.) тіл тигізетін карикатураларды қайта жариялауына байланысты реакциялар жалғасуда.
Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеидің Charlie Hebdoның әрекетіне білдірген ұстанымы Иран мен әлем деңгейіндегі реакциямен бетпе-бет келді. Аятолла Хаменеи мәлімдемесінде франциялық басылымның Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізуін айыптап, сионистер мен үстем үкіметтерінің исламға қарсы саясаттарына тоқталып, сондай-ақ олардың халық пікірін Батыс Азия үшін дайындалған сұм жобаларынан бұрмалау мақсаттарына назар аудартып, мұсылман халықтардың қырағылық сақтап, еш уақытта батыс саясаткерлері мен басшыларының Ислам мен мұсылмандарға қарсы дұшпандылығын ұмытпауларын мәлімдеді. Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи өз жолдауында франциялық басылымның Исламның ұлық пайғамбарына тіл тигізу үлкен күнәсінің тағы Батыстың саяси және мәдени институттардың Ислам діні мен мұсылмандарға қатысты кегі мен дұшпандылығын әшкерелегенін қуаттады. Ислам революциясы жетекшісі: «Францияның кейбір саясаткерлерінің бұл үлкен қылмысты ақтау үшін сөз бостандығын сылтауратуы - қабылдауға болмайтын қателік, алдап-арбау»,- деді. Аятолла Хаменеи сионистер мен үстемшіл үкіметтердің исламға қарсы терең саясаттарын дұшпандық әрекеттердің себебі деп тауып: «Қазіргі кезеңдегі бұл әрекеттің мақсаты Батыс Азия халықтары мен үкіметтерінің ой-пікірін АҚШ пен сионистік режимнің бұл аймақтағы сұм жобаларынан бұрмалау болар. Әсіресе Батыс Азия елдірінің мұсылман халықтары аймақтың маңызды мәселелеріне қырағылық сақтап, еш уақытта батыс саясаткерлері мен басшыларының ислам мен мұсылмандарға деген дұшпандылығын еш уақытта ұмытпаулары керек»,- деп қуаттады.
Францияның Charlie Hebdo басылымы 2015 жылдан кейін екінші рет Исламның ұлық пайғамарына тіл тигізетін карикатураларын жариялап отыр. Charlie Hebdo бұл суреттерді 2015 жылы журнал кеңсесіндегі атыс оқиғасына қатысы бар деп айыпталған 14 адамның сотына бір күн қалғанда қайта басып шығарды. 2015 жылы тегі алжирлық екі адам Charlie Hebdo-ның кеңсесіне шабуыл жасап, бірақатар адамның өлімі мен жарақат алуына себеп болды. Батыс ақпарат құралдары бұл шабуылды мұсылмандармен байланыстырды. Исламдық елдер мен мұсылман қайраткерлер бұл шабуылды айптады.
Charlie Hebdo кеңсесіне жасалған шабуыл көптеген фактілерді анықтады. Charlie Hebdo кеңсесіне жасалған шабуыл журналдың исламдық қасиеттерге бір емес, бірнеше рет тіл тигізуінің нәтижесі болып табылады. 2015 жылы Charlie Hebdo кеңсесіне жасалған шабуыл сионистердің исламның беделіне нұқсан келтіруді көздеген алдын ала жоспарланған әрекет болды деген күдікті тудырады. Дүниежүзі католиктерінің басшысы Папа Франциск Charlie Hebdo кеңсесіне шабуыл жасалған кезде азиялық сапарын іске асырып, кейбір мұсылман елдерді аралап жүрген болатын. Ол Charlie Hebdo кеңсесіне жасалған шабуыл туралы: «Сөз бостандығы дін мен басқалардың наным-сеніміне тіл тигізуге рұқсат етпейді»,- деді. Папаның бұл сөзі батыс басшыларының әртүрлі реакцияларымен кезіккенімен, халықтардың діни наным-сенімдер құрметтеледі деген үміттерін арттырды. Папа ұшақта қасында тұрған өзінің жақын кеңесшісі доктор Альберто Гаспариге қарап: «Мәселен, мен жақын досым доктор Гаспариден көмек аламын. Егер ол менің анама тіл тигізетін болса, менің жұдырығымның оның бетіне тиетінін күтуі керек. Бұл табиғи мәселе. Сондықтан адамдарды түрткілемеу керек. Сөз бостандығы құқығы халықтың діни наным-сенімдеріне тіл тигізуге рұқсат бермейді. Басқалардың діни наным-сенімдеріне тигізуші, доктор Гаспаридің мысалындағындай, мықты жауап алатынын білгені жөн»- деді.
Папа Франциск бұл сөздерін Шри-Ланкадан Филиппинге ұшып бара жатқан ұшақтың ішінде журналистердің алдында айтты. Дүниежүзі католиктерінің басшысы 2015 жылдағы Париждегі шабуылды айыптап: «Сөз бостандығы адамдардың негізгі құқыларының бірі, бірақ ол шексіз емес. Мұндай жан түршігерлік қылмысты ақтауға болмайды»,- деп қуаттады. Папаның Charlie Hebdo-ның исламдық қасиетіліктерге тіл тигізулерін ақтауға болмайтын әрекет деп бағадауына қарамастан өткен бас жылда батыс үкіметтері сөз бостандығын сылтауратып, бұл қылмысты ақтауға көп талпыныс жасады. Франция президенті Эммануэль Макрон Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммадқа (с.ғ.с.) тіл тигізетін карикатураларын қайтадан жарық көргеннен кейін Францияның демократиялық тарихына арналған рәсімде: «Францияны таңдаған кезде, оның тек бір бөлімін ғана таңдауға болмайды. Франция кемсітушілік жасауға рұқсат етпейді. Франциядағы азаттық наным-сенімге ие болуға рұқсат еткендей, ие болмауға да рұқсат етеді. Сондай-ақ Құдайға тіл тигізу құқығынан да айырмайды»,- деді.
Макронның сөз бостандығы туралы сөздері қайшылықтар мен екіжүзді әрекеттерге толы. Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Twitter-дегі парақшасында Макронға арнап: «Сөз бостандығы әлде екіжүзділік пе?»- деп жазды. Тарих Франциядағы көптеген қайшылықтарды тіркеді. 1988 жылы Роже Гароди философ және ойшыл антисемитизммен айыпталып, түрмеге жабылды. Оның қылмысы Израиль институттарының құпияларын ашуы болды.
2014 жылы Charlie Hebdo сөз бостандығына сүйеніп, өз беттерінде басқалардың қасиеттеріне тіл тигізуді дайындап жатқан кезде, Францияның сол кездегі Ішкі істер министрі Мануэль Вальс әзілқой Дьёдоннэ М'Бала М'Баланы (Dieudonné M'Bala M'Bala) тұтқындады. Оның қылмысы Холокостқа күмәндену және Израиль қылмыстарын сынауы болды. Израиль мәселесінде күмәндену жаңа мәселе емес. Тарихшы, Франциядағы Сорбонна және Лион университеттерінің бұрынғы профессоры Роберт Фауриссон Гароди сияқты түрмеге жабылған сыншылардың бірі болды. Француз басылымының әрекеті Батыстың басқа антиисламдық әрекеттерімен бірге мұсылмандарды кемсіту және оларға зорлық-зомбылық көрсету мысалы болып табылады.